Мазмұны
Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыс – психикалық бұзылыс, мезі қылатын ойлармен, естеліктермен, қимыл-әрекеттермен, сондай-ақ, түрлі патологиялық үрейлермен сипатталады (фобиялармен).
Қолды жиі жуу — мезілегіш-компульсиялық бұзылыстан зардап шегетін адамдарда жиі кездесетін әрекет.
Әр адам қандай да бір нәрсені кейде тексереді. Мысалы, үйден кетерде газды өшіргендігіңізді екі рет тексеруіңіз мүмкін. Алайда бұл бұзылысқа ұшыраған адамдардың әр нәрсені қысқа уақыт ішінде бірнеше рет тексеруге немесе белгілі бір әрекеттерді қайталауға қажеттілігі болады, бұл әдеттегі өміріне зиян әкелуі мүмкін.
Ұдайы қайталанатын ойлар – обсессия аталады. Мұндай ойларды бақылау үшін адам белгілі бір әрекеттерді орындағысы келеді – бұл компульсия аталады. Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыстан зардап шегетін адамдар өздерінің ойлары (обсессия) мен әрекеттерін (компульсия) бақылай алмайды. Бұл қылықтар адамды бақылайтындай күйге апарады.
Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыс ерлер мен әйелдерді бірдей зақымдайды және көбінесе, балалық, жасөспірімдік және ерсек шақтың басында көрініс береді. Әдетте, бұл ауру адамның жасы толысқан шағында анықталады.
Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыс отбасының бірнеше мүшелерінде болады және тұқым қуалайды. Алайда, кейбір адамдарда болу/болмауының себебі белгісіз. Зерттеушілер анықтағандай, ауру мидың үрей және толқу сезімдері үшін жауапты кейбір аумақтарында туындайды.
Симптомдары :
- Қайталанатын ойлар, олар үрейленуге душар етеді– «мезілеуді» немесе «обсессияны». Бұл жағымсыз сөздер немесе суреттер. Күдіктер болуы мүмкін.
- Әрекеттер, қайта-қайта жасалып, үрейленуді азайтатындай - «компульсиялар». Арнайы сөзді айтып, немесе белгілі бір қылықты жасап, ойларды «бейтараптандыруға» тырысу мүмкін.
Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыс диагнозын обсессиялардың (мезілегіш ойлар, идеялар, түсініктер) және компульсиялардың (мезілегіш әрекеттер) болуы негізінде психиатр қояды.
Диагностика әдістері: сыртқы қарау және сұрастыру.
Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылысты емдеуге психикалық емдеудің түрлері кіреді, олар науқасты өзінің мінез-құлығын және үрейлену сезімін бақылау тәсілдеріне үйретуге бағытталған.
Психикалық емдеуден басқа антидепрессантарды – көңіл-күй жағдайын жақсартатын дәрілік препараттарды қолдану кең таралған, олар жеке немесе психикалық емдеумен бірге қолданылады. Үш айдың ішінде тиімсіз болса, дәрігер препаратты алмастыруды ұсынады.
Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыс көбінесе, оң болжамды өтеді, уақыт өте келе науқастар ауруға байланысты болған мезілегіш жағдайды бақылай алады. алайда, кейбір науқастарда ауыр депрессиялық бұзылыстар байқалады, олар өзіне қол жұмсауға итермелеуге дейін апаруы мүмкін.
Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыстан туындаған симптомдар өмірге, жұмысқа және адамдармен қарым-қатынасқа қолайсыз әсер ететін болса, дәрігерге көріну қажет.