Мазмұны
Несеп шығару жолдарының жүйесі – организмнен алмасу заттектері және артық сұйықтық шығарылатын жүйе. Несеп шығару жүйесіне жататындар: бүйректер, несепағарлар, несепқап және үрпі. Несеп шығару жолдарының инфекциясы (НШЖИ), мысалы, цистит және уретрит, организмнің инфекцияларының ішінде кездесу жиілігі бойынша екінші орында.
Әйелдердің несеп-жыныс жүйесі
Ерлердің несеп-жыныс жүйесі
НШЖИ келесі симптомдармен сипатталады:
- Несеп шығару кезіндегі ауырсыну және күйдіру
- Қызба, шаршау немесе тершеңдік
- Несепті жиі шығарғысы келу
- Іштің төменгі бөлігіндегі ауырлық сезімі
- Несептің сасықтығы, тұнба немесе түсінің қызылдау болуы
- Арқадағы немесе қабырға астындағы ауырсыну
Кез келген жастағы адам НШЖИ ауруларына шалдығуы мүмкін. Бірақ, әйелдер ерлерден төрт еседей жиі ауырады. Сондай-ақ, диабет, жұлынның зақымы, немесе несеп катетері болғанда аурудың жоғары қаупі орын алады.
Егер НШЖИ барына күмәніңіз болса, дәрігерге көріну қажет. Диагнозды растау үшін дәрігер несеп талдауларын зерттеуі қажет.
НШЖИ емдеу үшін бактерияға қарсы препараттар тағайындалады.
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/urinarytractinfections.html
Аудармашы: Асель Стамбекова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі
Редакциялық алқа:
Алмаз Шарман, медицина профессоры
Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.
Сәлім Смайылов, б.ғ.к.