Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу


Жалпы ақпарат

Қырма теміреткі (микроспория) – терінің жұқпалы ауруы, паразитарлық зеңдерден (адам организмінде паразитарлық мекендейтін микробтар) туындайды.

Strlishkz

Қырма теміреткі шаштың тазданып түсуіне апарады. Таздану ошақтары біртіндеп қосылып, шаш түбінің едәуір аумағын алуы мүмкін.
__

Теміреткінің бұл түрі дененің кез келген бөлігін зақымдауы мүмкін: қолдың, білектің, алақанның, аяқ ұшының терісін, аяқ-қолдағы тырнақты, шап қыртысын, қолтық асты ойысын, шаштың түбін, бет пен дене терісін.

Қырма теміреткі кез келген жаста жұғуы мүмкін; әйелдер де, ерлер де шалдығады.

Дегенмен, ауру 3-7 жас аралығындағы балаларда, қыздарға қарағанда ұлдарда жиі кездеседі.


Себептері

Қырма теміреткіні туындататын паразитарлық зеңдер – бұл Microsporumcanis,Trichophytontonsurans. Зеңдердің бұл түрі споралар түзеді (зеңнің қолайсыз жағдайға тұрақты болатын күйі).

Зеңдердің жұғуына терінің ұсақ зақымдануларында, иммунитеттің бұзылысында бейімділік болады.

Ауру жұқпалы жануармен (әдетте, мысық немесе ит) тікелей қатынаста беріледі.

Адамнан жұқтыру онымен тікелей қатынаста және оның заттарын (тарағын, бас киімін, сүлгісін, т.б.) пайдалануда болуы мүмкін.

Балалар көбінесе, теріге жұқпаланған шаштың, тері қабыршағының түсуінде жұқтырады, сондай-ақ, үйдегі тұрмыс заттары арқылы да жұқтыруы мүмкін.

Жалғыз ошақ пайда болғанда дерттену үрдісінің тері бойымен таралуы зеңнің спорасы бар ысқышпен, губкамен ысқылауда орын алады.


Симптомдары

Тырнақтың қырма теміреткімен зақымдануында олар бұлыңғырланып, сынғыштанып, үгетіле бастайды.

Шаштың түбінде қызыл дөңгелек дақтар пайда болады, ол жерде шаштар тері деңгейінде сынады, бірдей етіп кесілгендей болып көрінеді. таздану пайда болады.

Денеде зақымданған тұстардың пішіні сопақ қызылдау дақ тәрізді болады, осы жерлерде қабыршақтану, қышу пайда болады.


Диагностика

· Дәрігердің қарауы

· Қанның жалпы талдауы (қажет болса, 10 күнде 1 рет қайталау қажет)

· Дертті материалды зеңдерге микроскопиялық зерттеу (зақымданған тұстан қырынды диагнозды нақтылау және емдеуді бақылау үшін жасалады).


Емдеу

Қырма теміреткіні емдеудің мақсаты – дерматомикозды (зеңнен туындаған тері ауруы).

Зеңге қарсы препараттарды қабылдау, емдеу ұзақтығы 6-8 апта.

Сондай-ақ, дәрігер ошақтың әрі қарай теріге таралуының алдын алу үшін зеңге қарсы құрамбөлігі бар сусабынды қосымша тағайындауы мүмкін.


Аурудың болжамы

Қырма теміреткіден толық арылу - күрделі мәселе. Ауру толық емдеу курсынан кейін де пайда болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда жасөспірімдерде қырма теміреткі жыныстық жетілуге жеткенде өздігінше өтуі мүмкін.

Сауыққаннан кейін де адам дәрігердің бақылауында болады.


Қашан дәрігерге көріну қажет

Өзіңізде немесе балаңызда қырма теміреткінің симптомдары пайда болса, дәрігерге көрініңіз. Үй жағдайында емделу көптеген жағдайда жеткіліксіз болады.


Алдын алу

Кезбе жануарлармен қатынастан алшақ болу қажет, ал үй жануарларын ветеринарға ұдайы көрсетіп тұру қажет. Қырма теміреткіге шалдыққан адамдарға жеке гигиена қағидаларын аса мұқият қадағалау қажет.

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры:

http://www.nlm/nih.gov/medlineplus/

Материалды дайындағандар: СымбатТажиева, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі; АкмаралКуланбаева, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі.

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Шыңғыс Жұмағұлов, zdrav.kz порталының контент-менеджері