Мазмұны

«103» телефоны бойынша жедел әрдемді шақырыңыз, егер

Көзге химиялық заттектер түсуі

Көзге соққы тиюі

Көзге бөгде заттар түсуі


«103» телефоны бойынша жедел әрдемді шақырыңыз, егер:

  • Қандай да бір нысан, мысалы, әйнектің немесе металдың сынығы көзден шығып тұрса.



Көзге химиялық заттектер түсуі

  • Көзді уқаламаңыз.
  • Дереу көзді судың мол мөлшерімен шайыңыз. Қолда бар кез келген су көзін қолданыңыз: - фонтан, душ, бақша шлангы.
  • Көзді шайып жатқанда, немесе 15-20 минут бойы шайғаннан кейін, жедел жәрдемді шақырыңыз.
  • Көзге таңғыш салмаңыз.



Көзге соққы тиюі

  • Суық компресс қойыңыз, бірақ, көзді қатты баспаңыз.
  • Ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдаңыз - ацетаминофен немесе ибупрофен, ауырсынуды азайту үшін.
  • Көгеру, қан кету, көрудің бұзылысы немесе көзді қозғалтқанда ауырсыну болса, шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз.



Көзге бөгде заттар түсуі

  • Көзді уқаламаңыз.
  • Жоғарғы қабақты төмен тартып, жиі кірпік қағыңыз.
  • Егер бөгде зат кетпесе, көзді сумен шайыңыз.
  • Сумен шаю да көмектеспесе, көзді жабыңыз, мұқият түрде таңғыш салып, дәрігерге көрініңіз.