Денсаулық дегенді қалай түсінеміз
Су - тіршілік көзі
Өмірдің мәні - қимыл-қозғалыста
Нәрлі тамақтану негіздері
Тағам өнімдерінің залалсыз болуы
Дене салмағын бір қалыпта ұстауға жене семіздіктен қалай сақтануға болады
Тетті ұйқы - денсаулық кілті
Стресс және онымен күресу жолдары
Темекінің зияны және одан тыйылу жолдары
Тән сарайы және қоршаған орта тазалығы
Ауру айтып келмейді — ерте нақтамалау, оның алдын алу
ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ
Махаббат және бақыт ұғымдарын бір мағынамен түсіндіру қаншалықты қиын болса, денсаулыққа бір сөзбен анықтама беру де соншалықты ауыр. Денсаулық - көп қырлы, көбіне түйсінуге келмейтін, және сонымен бірге нәзік, көмескі нәрсе. Оны оп-оңай жоғалтып алуға және бүған өмір бойы өкінумен өтуге болады.
Біздін әрқайсымыз дені сау болу дегеннін не екенін өзімізше түсінеміз. Кейде адам тән саулығына жатқызуға болмайтын ахуалдарда да өзін жайлы сезінеді. Аяқ-қолынан айырылған, ауыр ота жасалған немесе обыр салдарынан уытты химиялық ем курсын алған адам өз бойынан дертті женетін күш-қуат тауып, өз-өзін дені сау адам санайды, тіпті Олимпиада ойындарында немесе Тур-де-Франс велосипед жарыстарында женіске жетеді.
Сонымен қатар, сіз газет бетіндегі үсақ әріпті көрмеуіңізден немесе аузыңыздағы күні бойы маза бермеген кішкене жарадан қолайсыздық сезінуіңіз мүмкін. Айталық, сіз суықтап қалдыныз: жөтел, түшкіру пайда болды, дене қызуыңыз көтерілді және дімкәстік сезіндіңіз. Суықтаудың уақытша құбылыс екендігін түсінесіз. Яғни қалпы деніңіз сау болғанымен, өзіңізді науқас сезінесіз.
Қазір денсаулық төртінші өлшемге ие болды. Өзіңізді бүгін сау сезінуіңіз жеткіліксіз, ертен де, одан кейінгі күні де, одан әрі де сау болуыңыз маңызды. Алайда кез-келген адам үшін бүл тән рахатының уақытша сезімі болуы мүмкін.
Біз тәніміздегі жайсыздыққа алып келуі мүмкін көптеген жағдайлармен күн сайын кезігеміз. Ол мутация әсерінен обырға айналатын көзге көрінбейтін вирус немесе жасуша болуы мүмкін. Жүректің немесе мидың күре тамырларында жылдар бойы жиналатын атеросклероздық түйіндер аталған тамырларды тарылта отырып, бір сәтте өлімге душар ететін инфарктіге немесе инсультке соқтыруы мүмкін.
Денсаулық пен ауру арасындағы шекара көбіне бұлыңғыр. Сүт безі обыры деген нақтама қойылған әйел өзін ұзақ уақыт жақсы, сау сезінуі мүмкін: ол тек кеуделінің ауруға шалдыққанын мүлде сезінетін емеспін деп ойлайды. Және де ол обыр ісігінің ақыр-соңы неге душар ететінін біледі. Ол қабылдаған уытты химиялық ем курсы жүрегін айнытып, құстырады, шашын түсіреді. Яғни емделуші әйел сауығып кету үшін өзін аурумын деп сезінуге мәжбүр болады, жан
күйзелісіне түседі.
Бүйрек пен бауыр істен шыққанда бұл, сөз жоқ, денсаулықтың бұзылғанын білдіреді. Алайда заманауи медицина сырқат ағзаларды норлық ағзалармен ауыстырып, осыншалықты ауыр дерттермен де күресе біледі. Инфекцияға қарсы күресуге тиісті иммундық жүйені тұншықтырып тастайтын қыруар дәрі-дәрмекті емделуші күн сайын қалбылдайтын болса, ауыстырып қондырылған ағзалар қалыпты жұмыс жасай алады, яғни емделуші өзін сау сезінеді. Сонымен, ден-
саулық пен ауру арасындағы шекара, оның ақыры бұлыңғырлана түседі.
Мыңдаған адамдар гипертензиямен — жоғары қан қысымымен ауыратындығын білмей өмір сүре береді, өйткені өздерін сау сезінеді. Ал гипертензияның инфаркт пен инсультке соқтыру қаупі жоғары. Дәрігерлер оны «көзге көрінбей келетін ажал» деп атайды. Мұндай қауіптердің алдын алуға тиімді дәрі-дәрмектер көмектеседі. Алайда дәріге тәуелді болу дұрыс па? Дұрысы, гипертензияның алдын алу, яғни қан қысымының жоғарылауына жол бермеу керек.
Денсаулығы сыр берген адам асау өзенге түскендей болады, ол бұрын өзі болған жазиралы алқап — денсаулық аралына қайтадан
жеткісі келеді. Денсаулық — айналып өтуге болатын көптеген кедергілері бар ұзақ жол. Тек сол кедергілердің қай жерде екендігін біліп, оларды айналып өтуден жалықпау керек.
Денсаулық формуласы өте қарапайым — дене белсенділігін сақтау, дұрыс тамақтану, салауатты іс-әрекеттің өзге де ережелерін қадағалау. Денсаулық формуласының арқасында сіз жүрек, ми аурулары, сусамыр және тіпті обыр секілді ауыр кеселдердің алдын аласыз. Егер созылмалы сыркқттарыңыз болса, аталған формула денсаулығыңызды қайтадан қалпына келтіруге көмектеседі.
Тек алғашында қолайсыз болып көрінуі мүмкін бірнеше ережені сақтасаңыз болды. Оларға үйренген соң сіз қалған бүкіл өміріңіз үшін ең басты сый — денсаулыққа ие боласыз немесе оны баяғы сау күйіне қайта алып келесіз.