Денсаулыкты күту үшін орындауды талап ететін көптеген шарттар бар. Оның алды колды карапайым жуудан бастап егілу және обырдың алдын алуға дейін жалғасып жатыр. Аурудың алдын алудан өзге оны ерте аныктау да маңызды. Сыркаттың ыктимал белгілерін білу мұнда өте маңызды рөл атқарады. Төменде салауатты өмірдіңнегізгі принциптері ұсынылған. Дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, стрестермен күресу және салауатты өмірдің баска да шарттары туралы бұдан кейінгі тараулардан оки аласыздар.
Су — тіршілік көзі
Су организмнің өмір сүруі үшін аса маңызды. Таза суды, әсіресе бұлақ суын, жеткілікті мөлшерде ішу (күніне 6-8 стакан) қуатты арттырады, организмнің иммундык корғанысын күшейтеді, астың қорытылуын жақсартады, өмірді ұзартады.
стакан воды
Ең дұрысы, суды ас алдында 15-30 минут бұрын немесе астан кейін екі сағат өткен соң ішу керек. Судың пайдасы туралы бұдан гөрі нақтырақ мәліметті «Су — тіршілік көзі» тарауынан алуға болады.

Дене белсенділігі
Дене жаттығуларының созылмалы аурулар қаупін айтарлықтай төмендететіндігі, баланс пен координацияны жақсартатындығы, артық салмақтан арылуға көмектесетіндігі, адамның өз-өзіне деген сенімін арттыратындығы дәлелденген. Жынысына, жасына, кәсібі мен физикалық күш-қуатына карамастан, белсенді өмір салтының
кез-келген адам үшін артықшылыкка ие екендігі анық. Дене белсенділігін қолға алып, денсаулыққа бастайтын тура жолдың ең манызды қадамын жасау сіздің өз қолыңызда.
Тұрақты дене қимылдары адамдардың бәріне ұсынылады. Бұған кем дегенде күн сайын отыз минут бойы орташа қарқынмен серуендеу жатады. Аптасына төрт рет таза ауада серуендеген жөн.
Әрине, бұдан гөрі карқынды дене жаттығулары мен спорт түрлерін тандауға болады. Мұнда ұзақ мерзімді мақсаттарды, жеке адамның қалауын, белсенді және жүйелі түрде айналысуға кедергі келтіруі мүмкін шектеулер мен бөгеттерді айқындап алу керек. Дене жаттығуларының карқыны орташа болса да олар тұрақты түрде, ұзак үзіліс жасалмай орындалуы тиіс. Сонымен бірге қатты күш түсіруге де болмайды, өйткені бұл жағдайда адам шамадан артық шаршап, дене жаттығуларын доғаруға мәжбүр болады.
Дене жаттығуларының маңызы мен дене белсенділігі бойынша нақты ұсыныстар туралы«Өмірдің мәні — кимыл-козғалыста» атты тараудан оқи аласыздар.

Дүрыс тамактану
Дұрыс тамақтану денсаулык пен өмір сапасын сақтауда маңызды рөл аткарады. Қарапайым тілмен айтканда, барлық негізгі ұсыныстар ең басты екі формулаға саяды:
• Көгі солғын тартпаған, кызғылт-сары түсті көкөністерді, бұршақ тұкымдас өнімдерді, жеміс-жидектерді, тұтас дәннен даярланған өнімдерді, майлылығы төмен сүт пен сүт өнімдерін көп тұтыну. Бұл өнімдерді табиғи «нәрлі тағам» санатына жаткызуға болады. Олар денсаулыққа пайдалы. Бүкіл тіршілік иесінің өмірді жалғастыратыны секілді, табиғи «нәрлі тағам» да денсаулыкты нығайтып, өмірді ұзартады.
• Холестеринді, тым майлы, семіз етті, қанты көп және калориясы жоғары тағамдарды аз тұтыну. Кұрамында атал-
ған заттар бар өнімдер өнделген және тазартылған (рафинадталған) тағамдар болып табылады. Бұл, мысалы, картоп чипсылары, кейбір калбырланған өнімдер, көптеген тәттілер. Бұларды ауру тудырып, өмірді қысқартатын «нәрсіз тағамға» жаткызуға болады.
тарелка
Бұған коса, денсаулыкка пайдалы тағам:
• Алуан түрлі және оның кұрамында мынадай негізгі тағам өнімдері болуы тиіс: көкөністер, жеміс-жидектер, дәнді-
дакылдар, майлылығы төмен сүт өнімдері, бұршак тектес өнімдер, жаңғактар, сондай-ақ төрт түлік белогінің майлы емес тері.
• Қалыпты дене салмағын және қуатты сақтау үшін тағам кұрамында алуан түрлі азыктык заттар мен куат беретін нәр болуы керек.
• Сіздін өмір салтыңызға лайық, сондай-ақ каражат жағынан кол жетерлік деңгейде болуға тиіс. «Нәрлі тамактану негіздері» тарауынан дұрыс тамақтану туралы бұдан гөрі нактырақ ақпарат ала аласыздар. Онда жекелеген тағам-
дық заттардың денсаулык үшін маңызы мен рөлі карастырылған.
овощи
Ұйқының қанық болуы
Толық канған ұйқының дәмін татуға әрқашан мүмкіндік бола бермейді. Сізді жұмыста, үйде болып жатқан түйткілді мәселелер мазалауы ықтимал. Ал 7-8 сағатқа созылған тәтті алаңсыз ұйқы денсаулыкка аса пайдалы.
Тәтті ұйқыға кол жеткізу үшін тұрақты күн тәртібін сақтау маңызды, атап айтқанда ұйкыдан күнде бір уақытта тұрып, бір уақытта жатуға тырысу керек. Осындай тұрактылык тез ұйықтап, түнде жаксылап тынығуды жеңілдетеді. Соны-
мен бірге, күндіз аз уақыт (жарты сағатка дейін) ұйықтаудың да пайдалы екенін естен шығармаған жөн.
Мезгілімен ұйықтаудың маңызы туралы «Тәтті ұйқы — денсаулык кілті» атты тараудан оқи аласыздар.
сон

Алкогольге әуестік
Ең алдымен өз-өзін бақылай алмайтын адамдар алкогольге сақболғаны абзал. Спиртті ішімдіктерді жүкті болуы мүмкін туыт жасындағы әйелдерге, жүктілерге және бала емізіп жүрген әйелдерге, балалар мен жасөспірімдерге, дәрі ішіп жүрген науқастарға, сондай-ак сыркатына байланысты ішімдік ішуге тыйым салынған адамдарға қабылдауға болмайды.
Қызметі ден қоюды және козғалыс координациясын талап ететін адамдардың, автокөлік жүргізетін немесе машина өндірісінде жұмыс істейтін адамдардың да ішімдіктен бас тартқандары дұрыс.
Сонымен бірге, қанты аз шараптың жүрек ауруларының алдын алуға көмектесе алатындығы дәлелденген. Мысалы қанты аз шараптың тәуліктік мөлшері 150 грамнан аспаса, денсаулыққа зиян еместігі белгілі.

Көздіц көргіштігін сақтау

Жас ұлғайған сайын көздің көргіштігі нашарлайды: заттар бұлдырап, жакыннан оқу киындайды. Көздің көргіштігін көзілдіріктің көмегімен ретке келтіруге болады. Сіздің оку және акпарат алу қабілетіңіз көзілдіріктің дұрыс тандалуына байланысты, көз тіршіліктің шамшырағы.
белка
Сонымен бірге, адамның жасы ұлғайғанда катаракта және сукараңғы секілді көз аурулары пайда болады. Көздің көр-
гіштігін сақтап қалу үшін көру кабілеті нашарлай бастасымен дәрігерлік нақтама жасату керек.

Тіс пен ауыз қуысынын күтімі
Тісті тұрақты түрде күту денсаулыкты сақтау үшін аса маңызды. Тіс пен қызылиектің саулығы оңайлықпен келмейді. Тісті тұрақты түрде тазалау, кызылиекті күту үлкен мәнге ие. Сонымен бірге тіс пен кызылиек сыркаттары туралы окып білу де маңызды.
щетка
Тіс пен қызылиек саулығын сактау үшін тісті күніне кем дегенде екі рет — таңертен және ұйықтар алдында тазалау, сапалы тіс щеткаларын пайдалану, сондай-ак тіс щеткасын кемінде екі айда бір рет ауыстырып тұру керек. Және де кұрамында флюориді - тіс кіреукесінін сапасын сактайтын заты бар тіс пастасын пайдаланған жөн. Сонымен
катар тіс пен кызылиекті уактылы көрсетіп, тіс кіреукесін профилактикалык кәсіби тазалату үшін тіс дәрігеріне тұракты түрде каралып тұру шарт.

Тері күтімі
Теріге белсенді түрде күтім жасау оны сау калыпта сактауға көмектеседі. Бұл үшін бірнеше ережені сактау шарт. Біріншісі — тиісті киім мен күн көзінен қорғайтын кремдер пайдалану аркылы тікелей түсетін ашы (өткір) күн сәулесінен сактану керек. Күн сайын (таңертең немесе ұйыктар алдында) себілге түсу дұрыс болғанымен, сабын мен сусабынды шамадан артык пайдаланудан, бұлауда ұзак жатудан тартынған дұрыс. Сабын мен сусабын эколо-
гиялық тұрғыдан әрқашан жағымды деуге келмейтін химиялық заттардан жасалған. Терінің саулығын сактап, өнін түсірмеуге дұрыс тамактану жаксы көмектеседі.

Мейірбан қарым-қатынас
Отбасындағы және достар арасындағы мейірімге толы карымқатынас рухани жайлылықты қамтамасыз ете отырып, денсаулықты сақтауда аса маңызды рөл атқарады. Ашу мен рухани күйзелістер - ауруға шалдықтырып, өмірді кысқартатын, психикалық-эмоциялық және тән саулығына кері әсер ететін жағымсыз стресс болып табылады.
общение
Мейірбан қарым-қатынас әрқашан өздігінен пайда болмайды. Бұл кешірімді болуды, тіл табыса білуді талап етеді. Қандай да бір жакыныңыздың іс-әрекеті көңіліңізден шықпағанда, бұл өкпе-реніш, тіпті ашу шакыруға дейін жеткізіп, жазасын тарткызуға итермелейді. Алайда мұндай жағдайларға кеңпейілділіктен карауға: ол адамды кешіріп, одан әрі мейірімді карым-катынас орнатуға болады. Көбіне бұл сабыр сактауды, ашык әңгімені және бір-бірінізді түсіне білуіңізді талап етеді. Денсаулык үшін - өзіңіздің кәне жакыныңыздың денсаулығы үшін осындай кадамға барғаны-
тыз әбден дұрыс.
собрание

Жүмыстагы денсаулық
Жүмыстағы жағдай барлык кезде денсаулыкка жағымды әсер ете бермейді. Колайсыздыктан көбіне стрестік жагдайлар туынлайды. Алайда жарыкты дұрыс түсіру, жұмыс креслосы мен үстелін биіктігін оңтайлы ету, кызметте пайдаланатын заттарды тиімді орналастыру аркылы жұмыс істеуге колайлы жағдай жасауға болады.
Жұмыста жаракат алу, жазым болу каупін барынша төмендетуге болады. Ол үшін тіпті жұмысыңыз дене енбегіне тікелей байланысты болса да дене жаттығуларымен шұғылданған дұрыс. Ол чоординапия мен балансты дамытып, окыс кимылды, сенімсіздікті азайтады.
горы

Жаракаттанулан және уланудан сактаныңыз
Жаракаттар, әсіресе жол апаттарынан болған жаракаттар, өлімжітімге алып келетін себептердің ішінде жетекші орында. Жаракаттардан сактану үшін төмендегі ережелерді катан сактау керек:
> Автокөлікке отырғанда міндетті түрде кауіпсіздік белдігін тағу. Бұл көлік жүргізушіге де, жолаушыға да, әсіресе алдыңғы орындыкта отырған жолаушыға катысты. Кауіпсіздік белдігін пайдалану өз көлігіңізбен жүргенде де, таксимен жүргенде де бірдей манызды.
> Автомобиль жүргізгенде жылдамдыкты мөлшерден асырманыз.
> Ішімдік ішіп алып көлік жүргізбеніз.
> Үйкыныз келіп түрғанда көлік жүргізбеніз.

Өлімге себеп болатын басты себептер катарына улану және әр түрлі түрмыстык жаракаттар да жатады. Төмендегі сактык шараларын үнемі сактауға тырысыныз:
> Химикаттарды жаксы желдетілетін бөлмеде шкафтарда сактау керек.
> Жуынып-шайынатын жердегі еденге сырғанамайтын кілемше төсеніз.
> Үйде өрт каупі мен газ иісін білдіретін детекторларды пайдаланыныз.

Баска кеңестер
Темекі шекпеңіз.Темекі обыр, жүрек-кан тамыры, өкпе сыркаттарын және баска дерттерді тудырады, сондыктан оның денсаулыкка зиян екендігі анық. Және де темекіні кез келген жерге тастамаңыз. Бұл мәдениетсіздік кана емес, манайдағы адамдардың денсаулығы үшін зиян.
Табиғат аясына жиі шығыңыз. Қалада серуендеген кезде автокөлік магистральдарынан және лас, кобырсып жаткан ауасы таза емес жерлерден аулак жүріңіз.
Автокөлікте, әсіресе жанармайды көп жағатын көліктерде жүруді шектеніз. Олар коршаған ортаны ластайды. Үй арасы, жакын жерге жаяу немесе велосипедпен барған абзал.
Ауруды ерте аныктау үшін тұракты түрде медициналык тексеруден өтіп тұруға тырысыңыз. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу оңай әрі арзанырак.
Егер ауыра қалсаныз, тек ең қажетті деген дәрілерді аз мөлшерде ішіңіз. Есіңізде болсын, кез-келген дәрі — у.
Жыл сайын күзде (мүмкіндігінше казанда — карашаның басында) грипке карсы егіліңіз. Аталған вакцина гриптің және бұл вирусты жүкпадан болатын аскынулардың алдын алады.
врачи