Мазмұны
Іншек кандидозы көбінесе, Candida Albicans ашытқы зеңінен туындайтын іншек инфекциясы.
Іншек ашытқы инфекциясы көпшілік әйелдерде кездеседі. Candida Albicans – кең таралған зең. Ол көбінесе, аз мөлшерде іншекте, ауызда, асқазан-ішек жолдарында және теріде кездеседі. Әдетте, бұл симптомдардың пайда болуын және аурудың дамуын туындатпайды.
Суретте Кандида шоғырының флуоресценттік микроскопиясы көрсетілген. Кандида - ашытқы инфекциясы, аурудың жеңіл түрін туындатады, бірақ, әлсіреген адамдарда өмір үшін қауіпті ауруларға апаруы мүмкін.
Кандидалар және көптеген басқа микроорганизмдер әдетте, іншекті мекендейді, бірі-бірінің тепе-теңдігін қолдайды.
Дегенмен, кейде Candida Albicans саны артады, бұл ашытқы инфекциясының пайда болуына апарады.
’’зеңдік инфекциялар басқа мақсатпен тағайындалған антибиотиктеді қабылдау курсынан кейін пайда болуы мүмкін.
Антибиотиктер іншектегі микроорганизмдердің қалыпты үйлесімін өзгертеді, олар қалыпты жағдайда зеңдік флораны басатын бактериялардың өсуін тежейді. ‘’
Бұл келесі жағдайларда орын алады:
· Инфекциялардың басқа түрлерін емдеу үшін антибиотиктер қабылдау Антибиотиктер іншектегі микроорганизмдердің қалыпты үйлесімін өзгертеді және қорғанысты бактериялардың санының азаюына апарады.
· Жүктілік
· Семіздік
· Қант диабеті.
Ашытқы инфекциясы жыныстық жолмен берілмейді. Дегенмен, кейбір ерлерде жұқпаланған серіктеспен жыныстық қатынастан кейін жыныстық мүшесінде қышу және бөріткен секілді симптомдар пайда болуы мүмкін.
Іншектік ашытқы инфекциялары денсаулықта басқа мәселенің болуының белгісі болуы мүмкін. Басқа іншектік инфекциялар қате түрде іншектік кандидоз саналуы мүмкін.
· Іншектен аукытқулы бөліністер
· Сулы, ақ, қою, көпіршікті бөліністер
· Жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну
· несеп шығарудың ауырсынуы
· вульваның қызаруы және ісінуі
· іншектің қышуы, күйдіру сезімі.
Гинекологиялық қарау кезінде вульваның, іншектің, оның мойнының қызаруы және ісінуі анықталуы мүмкін. Дәрігер іншектің қабырғасында құрғақ, ақ дақтарды, вульвадағы сызаттарды анықтайды.
Іншектен шығатын бөліністің аздаған мөлшерін микроскоптың көмегімен қарастырады. Кейде өткізген емдеуге қарамастан немесе инфекцияның симптомдары жақсармағанда немесе қайталанатын болса, өсінді алынады. Емдеуші дәрігер симптомдардың басқа себептерін ескеру үшін талдау тағайындайды.
Іншектік ашытқы инфекцияларын емдеу үшін крем немесе суппозитарий (іншекке салынатын) түріндегі дәрілер қол жетімді. Олардың көпшілігін рецептісіз сатып алуға болады.
Үй жағдайында емделуге болады, егер:
· симптомдар әлсіз көрінсе, жамбас қуысында ауырсыну болмаса немесе температура жоғары болмаса,
· бұл алғашқы ашытқылық инфекция емес және және өткенде ашытқылық инфекциялардың үлкен көлемі болмаған.
· Жүктілік жоқ
· Соңғы жыныстық қатынастан кейін басқа венерологиялық ауруларға шалдығу мүмкіндігі туралы мазасыздық болмаса.
Іншек кандидозын емдеу үшін түрлі зеңдерге қарсы дәрілер қолданылады, оларды дәрігер тағайындайды.
Нұсқаулықпен мұқият танысып, препаратты тағайындалуы бойынша қолдану қажет. Жағдайыңыз жақсарса да, препаратты қабылдауды белгіленген мерзімінен бұрын тоқтатпаңыз. Сізге дәріні 3-7 күн бойы қабылдау қажет болады, алған дәріге байланысты. Инфекция қайталанбаса, бір күндік емдеу курсы тағайындалады, дәрігер әдетте «флуконазол» аталатын дәріні тағайындайды. Бұл капсуланы бір рет қана ішесіз. Егер симптомдар күрделі болса, немесе іншек кандидозы қайталанса, сізге қажет:
· Емдеу курсы - 14 күн,
· Іншек суппозиторийі Клотримазол немесе Флуконазол таблеткалары – әр апта сайын, жаңадан жұқпалану жағдайларының алдын алу үшін.
Іншектен бөлініс шығуының алдын алу және емдеу шаралары:
Жыныстық ағзалар аумағын құрғақ және таза ұстаңыз. Сабын қолданбаңыз және сумен ғана шайыныңыз. Жылы, бірақ, ыстық емес ваннада отыру симптомдарыңызды жеңілдетуі мүмкін.
Бүркуді (спринцтеу) қолданбауға тырысыңыз. Көпшілік әйелдер етеккірден кейін немесе жыныстық қатынастан кейін бүрку арқылы өздерін таза сезінетін болғанымен, бұл іншектен бөліндіні ұлғайтуы мүмкін, себебі, бүрку кезінде инфекциядан қорғайтын пайдалы бактериялар да іншектен жойылып кетеді.
Антибиотик қабылдауда ашытқылық инфекцияның пайда болуының алдын алу үшін тірі өсінділі йогурт немесе ацидофильді лактобактерияларды қабылдаңыз.
Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға шалдығу немесе инфекцияның таралуын болдырмас үшін презервативтер қолданыңыз.
Жыныстық ағзалар аумағына гигиеналық спрейлерді, парфюмерия немесе опа-далапты қолданбаңыз.
Тітіркенуді туындататын тар шалбар, қысатын іш киім кимеуге тырысыңыз.
Мақта матадан іш киім немесе мақта жіпті колготки киіңіз. Жібек пен нейлоннан іш киім кимеңіз, себебі, бұл маталар ауа ағынын жібермейді. Осыдан жыныстық ағзалар аумағында тер бөлінуі көбейіп, тітіркену пайда болады.
Гигиеналық төсемшелер қолданған жөн. Тампондарды қолданбаңыз.
Қант диабеті болса, қандағы қант деңгейін бақылауға алыңыз.
Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/001511.htm
Аудармашы: Асель Стамбекова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі
Редакциялық алқа:
Алмаз Шарман, медицина профессоры
Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.
Сәлім Смайылов, б.ғ.к.