Мазмұны
Дәрігерге барудан не күту қажет
Қызба - қандай да бір ауруға жауап ретінде дене температурасының артуы.
Дене температуры 37,2 - 37,5 ° С-тан асқанда ересектердегі қызба туралы айтылады.
Балаларда қызба болуы туралы дене температурасы келесі мәндерден асқанда айтылады:
· 37,2 °C – қолтық астында өлшегенде
· 38 °C ректальдық өлшеуде (тік ішекте)
· 37,5 °C пероральдық өлшеуде (ауызда)
Дененің қалыпты температурасы кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Кешкі уақытта әдетте, жоғары болады. дене температурасына әсер етуі мүмкін басқа факторлар:
· Әйелдерде етеккір айналымының екінші жартысында дене температурасы 1 немесе одан жоғары градусқа артады.
· Дене белсенділігі, күшті эмоциялар, тамақ ішу, жылы киім, дәрілік препараттар, бөлмедегі жоғары температура және жоғары ылғалдылық дене температурасының артуына ықпал етеді.
Қызба – организмнің инфекцияға жауап ретінде қорғаныс серпіні. Ауру қоздыратын бактериялар мен вирустардың көпшілігі 37°С-тан асқан температурада жақсы дамиды. Қызба микроорганизмдермен күресті куәландырғанымен, ол организмнің қорғанысына бағытталған.
Мидың қызбадан зақымдануы әдетте, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілгенге дейін пайда болмайды. Инфекциядан туындаған қызба емдеу болмағанда дене температурасының 41°C-тан артуымен сирек болады.
Түсініксіз, бірнеше күн мен аптаға созылатын қызба айқын себепсіз қызба аталады.
Кез келген инфекция қызбамен қосарлануы мүмкін. Кең таралғандарына жататындар:
· Келесі инфекциялар: пневмония, сүйектің қабынуы (остеомиелит), аппендицит, туберкулез, терінің қабыну аурулары (целлюлит) және менингит
· Респираторлық инфекциялар: суық тию немесе тұмау тәрізді аурулар, ангина (баспа), құлақ, мұрын инфекциялары, инфекциялық мононуклеоз және бронхит
· Несеп шығару жолдарының инфекциясы
· Вирустық және бактериалдық гастроэнтерит
Аутоиммундық және қабыну аурулары да қызбамен өтуі мүмкін. Келесі түрлері:
· Артрит немесе дәнекер тіннің аурулары: ревматоидтық артрит және жүйелік қызыл жегі
· Ойық жаралы колит немесе Крон ауруы
· Васкулит немесе түйінді периартериит
Қызба қатерлі ісіктің алғашқы симптомы болуы мүмкін. Бұл әсіресе, Ходжкин ауруына, ходжкиндік емес лимфомаға және лейкемияға тән.
қызбаның пайда болуының басқа мүмкін себептері:
· Тромбылар немесе тромбофлебит
· дәрілік препараттар, мысалы, кейбір антибиотиктер, антигистаминдік және құрысуға қарсы препараттар.
Кейде қарапайым суық тию немесе басқа вирустық инфекция дене температурасын жоғарылатуы (38,9 - 40°C) мүмкін. Бұл әрқашан ауыр ауруды нұсқай бермейді. Сонымен қатар, кейбір күрделі инфекциялар кейде қызбасыз немесе дене температурасының төмендеуімен өтуі мүмкін.
Егер қызба жеңіл өтетін болса, басқа ешқандай симптомдар болмаса, емдеу қажет болмайды. Сұйықтықты көбірек ішіп, көбірек демалыңыз.
Дене температурасын түсіруге тырысқанда:
· қалтырау бар болса, ҚЫМТАНБАҢЫЗ
· артық киім мен көрпені алып тастаңыз. Бөлме температурасы тым жоғары немесе тым төмен болмауы тиіс. Жеңіл киім киіңіз және бір жұқа көрпе жамылыңыз. Егер бөлмеде ыстық және қапырық болса, желдеткішті немесе кондиционерді қосыңыз.
· қызбаны түсіруге жылы ванна немесе губкамен сүртіну көмектесуі мүмкін. Бұл процедуралар дәрі қабылдаудан кейін тиімді, олай болмағанда, температура қайтадан көтерілуі мүмкін.
· Суық ванна ҚАБЫЛДАМАҢЫЗ, мұзды немесе алкогольмен СҮРТІНУДІ ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Бұл процедуралар теріні салқындатады, бірақ, көбінесе, жағдайды ушықтырады, себебі, дірілді туындатуы мүмкін, осыдан, дене температурасы қайтадан көтерілуі ықтимал.
Төменде дене температурасын түсіру үшін дәрілерді қабылдау бойынша кейбір ұсыныстар берілген:
· Ацетаминофен және ибупрофен – ыстықты түсіретін препараттар. Кейде дәрігерлер екі препаратты да тағайындайды.
· Ацетаминофенді әр 4-6 сағат сайын қабылдаңыз. Препараттың әрекет ету механизмі мидағы жылуды реттеу орталығына әсер етуге негізделген.
· Ибупрофенді әр 6 - 8 сағат сайын қабылдаңыз. 6 айлық жасқа жетпеген сәбилерге ибупрофенді БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ.
· Аспирин ересектердегі қызбаны емдеу үшін тиімді. Аспиринді балаға беру үшін алдын ала дәрігердің кеңесін алу міндетті.
қызба кезіндегі тамақтану және сұйықтық ішу тәртібі:
· Науқастар сұйықтықты көп ішуі тиіс. Су, сорпа, шырын ұсынылады.
· Тамақ ішуге шектеу қойылмайды, бірақ, тәбет болмаса өзіңізді тамақ ішуге мәжбүрлемеңіз.
103 телефоны арқылы жедел жәрдемді шақырыңыз, егер өзіңізде немесе қасыңыздағы адамда қызба және келесі симптомдардың бірі болса:
· Жеңіл ояна алмау
· Естің қалыпты болмауы
· Жүре алмау
· Тыныс алудың қиындауы, мұрын қуысын тазартқанның өзінде
· Еріннің, тілдің немесе тырнақтың көгеруі
· Күшті бас ауыруы
· Мойынның қарысуы
· Талма.
Келесі жағдайларда шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз:
· Дене температурасы 40°C-тан артса, және дәрі ішкенде түспесе.
· Қызба 39°C деңгейінде тұрақтаса немесе одан әрі ушықса
· Қызба 48-72 сағаттан артық созылса.
· Қызба аптаның ішінде немесе одан ұзақ уақыт бойы бірде басылып, бірде жоғарылайды, дене температурасы аса жоғарыламаса да.
· Күрделі ауру бар болса, мысалы, жүрек ауруы, муковисцидоз, ӨСОА (ХОБЛ) немесе өкпенің басқа созылмалы аурулары.
· Қызба кезінде бөріткен немесе көгеру пайда болса.
· Несеп шығаруда ауырсыну болса.
· Иммундық жүйеде мәселелер болса, (стероидтармен емдеу, сүйек кемігін немесе ағза алмастырғаннан кейінгі жағдай, көк бауырды алып тастау, АИТВ (ВИЧ) - оң статус, қатерлі ісіктен емделу тарихы)
· Үшінші әлем елдеріне жақында сапар шегу
Дәрігерге барудан нені күту қажет
Дәрігер қызбаның себебін анықтау үшін науқасты қарап, тексереді: теріні, көзді, құлақты, мұрынды, көмейді, кеудені, ішті.
Емдеу қызбаның ұзақтығы мен себебіне, және басқа симптомдарына байланысты.
Ауруды анықтау үшін келесі тексерулерді өткізу қажет болады:
· Қанның жіктелген талдауы (ОАК)
· Несептің жалпы талдауы (ОАМ)
· Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы.
Дене температурасының артуы; Гипертермия; Пирексия.