Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет


Жалпы ақпарат

Аппендицит – құрт тәрізді өсіндінің (аппендикстің) ісінуі және қабынуы. Аппендикс - тоқ ішектің шағын өсіндісі.

Ad

Аппендикс – бұл бүйеннің аш ішекпен байланысқан жерінде болатын, пішіні жағынан саусақ тәрізді шағын қосалқысы.


Себептері

Аппендицит - шұғыл операциялық араласуды өткізудің жиі кездесетін себебі. Ауру аппендикстің саңылауы нәжіспен, бөгде затпен немесе, сирек жағдайда, ісікпен бітелуінде пайда болуы мүмкін.


Симптомдары

Аппендициттің симптомдары әр түрлі болады. Ауруды анықтау кішкентай балаларда, егде адамдарда және бала өрбіту жасындағы әйелдерде қиынға түседі.

Көпшілік жағдайда бірінші симптомы – кіндік тұсының ауырсынуы. Басында ауырсыну әлсіз болады, бірақ, біртіндеп, күшейеді.Сондай-ақ, тәбетті жоғалту, жүрек айнуы, құсу және дене температурасының сәл жоғарылауы байқалуы мүмкін.

Ауырсыну іштің төменгі оң жағына қарай ауысатындай болады. Ауырсыну аппендикстің үстінде Мак-Берни нүктесінде шоғырланады. Әдетте, бұл ауру басталғаннан кейінгі 12-24 сағат ішінде болады.

Аппендикс жарылса, аз уақытқа жеңілдегендей боласыз, симптомдар әлсірейді. Бірақ, аздан кейін ауырсыну күшейіп, өзін сезіну нашарлайды.

Ауырсыну жүргенде, жөтелгенде немесе күрт қимылдағанда күшеюі мүмкін. Кешірек дамитын симптомдары:

  • Қалтырау және дірілдеу
  • Іштің қатуы
  • Іштің өтуі
  • Қызба
  • Жүрек айнуы және құсу



Диагностика

Сіз сипаттаған симптомдарға қарап дәрігер аппендициттің болуы жайлы ойлануы мүмкін.

Сондай-ақ, дәрігер медициналық тексеріс жүргізеді.

  • Егер Сізде аппендицит болса, дәрігер ішіңіздің төменгі оң жағын жеңіл түрде басқанда ауырсыну күшейеді.
  • Аппендикстің жарылуы болса, іштің тұсына жайлап қол тигізгеннің өзінде ауырсыну күшейіп, бұлшық ет жиырылады.
  • Ректалдық (айналшық арқылы) зерттеу барысында тік ішектің оң бөлігінде сезімталдықтың артуы анықталуы мүмкін.


Қанды жалпы талдаудың нәтижесінде лейкоциттер санының артуы анықталуы мүмкін. Сондай-ақ, аппендицитті анықтауда тексерудің көрнекі әдістері көмектеседі. Оларға жататаындар:

  • Іш қуысы ағзаларының КТ
  • Іш қуысы ағзаларының УДЗ



Емдеу

Көпшілік жағдайда аппендицит анықталысымен хирург аппендиксті алып тастайды.

Егер іш қуысы ағзаларының КТ бойынша абсцесс (іріңқалта) анықталса, алдымен антибиотиктер тағайындалады. Аппендиксті алып тасату қабыну бәсеңдеп, ісіну азайғаннан кейін өткізіледі.

Аппендицитті анықтауда қолданылатын тексеру әдістері аса жетілдірілмеген, сондықтан, операция кезінде аппендикстің қалыпты екендігі анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда хирург аппендиксті алып тастайды және іш қуысын ауырсыну себебін анықтау үшін зерттейді.


Болжамы

Егер аппендикс жарылғанға дейін алынса, науқастар операциядан кейін тез қалпына келеді.

Егер аппендикс операцияға дейін жарылса, қалпына келу үрдісі ұзақ болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл жағдайда Сіз келесі мәселелердің дамуына бейім боласыз:

  • Абсцесс (іріңқалта)
  • Ішектің түйнелісі
  • Іш қуысының инфекциясы (перитонит)
  • Операциядан кейінгі жараның жұқпалануы



Қашан дәрігерге көріну қажет

Сізде ішіңіздің төменгі оң жағында ауырсыну немесе аппендициттің басқа симптомдары болса, дәрігерге көрініңіз.