Мазмұны
Энтеробиоз – ішекқұрттардан туындаған адамның паразиттік ауруы.
Ішекқұрттар - көбінесе, балаларда болатын ішек паразиттері.
Ауруға көбінесе, балалар ұшырайды. Тек ауру адамнан жұқтыруға болады.
Адам ішекқұртты олардың жетілген жұмыртқасы тағаммен аузына немесе шаңмен ішіне түскенде жұқтырады. Энтеробиозға ұшыраған адам саусағы ластанғанда өзіне-өзі жұқтырады (науқастар айналшықтың маңындағы теріні қасиды, себебі күшті қышу мазайлайды).
Науқастың терісінде ішекқұрттық аналығы салған жұмыртқалар 4-6 сағаттан кейін жетіледі де адам жұқпалы болады. жұмыртқалар төсекке және науқастың іш киіміне, үйдегі және жұмыс орнындағы заттарға түседі.
Энтеробиоздың негізгі симптомдары:
· айналшық маңындағы қышу;
· Мазасыз ұйқы;
· шаршау;
· тәбет пен салмақ жоғалту;
· түнде несеп ұстамау.
Энтеробиозды анықтау үшін ішекқұрт жұмыртқаларын табу қажет, оның көрінісі – ішек бұзылысы және айналшық маңындағы қышу.
ішекқұрт жұмыртқаларын микроскоппен көруге болады.
Энтеробиозды анықтау үшін Грэхем әдісін қолданып, зерттеу қажет, ол үшін жабысқақ лента қолданылады. ішекқұрт жұмыртқаларын тырнақ астынан алған жұғындыдан да табуға болады. ішекқұрттардың қозғалатын ересек аналығын науқастың нәжісінің бетінен көруге болады.
Энтеробиоз әдетте паразиттерге қарсы дәрілерді қолданумен толық жазылады. Мұндай препараттар дәріханада еркін сатылады.
Әдетте, дәрімен емдеу курсы 2 аптадан кейін қайталанады, қайта жұқтырудың алдын алу үшін.
Науқастар препаратты қабылдау кезінде гигиена тәртібін қатаң қадағалауы тиіс.
энтеробиоз табысты емделеді.
Дереу дәрігерге көріну қажет:
· егер өзіңізде немесе балаңызда аурудың жоғарыда аталған симптомдары байқалса.
Алдын алу шаралары - гигиена тәртібін қатаң қадағалау, науқастармен қатар олармен қарым-қатынастағы адамдарға да.