Мазмұны
Эндометриоздың симптомдары қандай?
Дәрігер эндметриозды қалай анықтайды?
Емдеу курсының ұзақтығы қандай?
Етеккір тоқтау шағында қандай өзгерістер болады?
“Эндометриоз” терминімен жатырдың сілемей қабатының ауруы аталады. Жатырдың сілемей қабаты эндометрий немесе эндометроидтық тін аталады. Қалыпты жағдайда етеккір кезінде эндометрийдің ажырауы өтеді.
Эндометрий - жатыр қуысының жабындысы. Алайда, эндометриоз кезінде жатырдың сілемей қабатының тіні жатыр түтіктері арқылы аналық безге, жамбас қуысына, қуыққа немесе басқа аумаққа түсуі мүмкін. Етеккір кезінде бұл тін жатырдың сілемей қабаты секілді қанайды. Бұл үрдіс әдетте, ауырсынады және жамбас қуысында тыртық тінінің түзілуіне апарады.
Жатыр әйелдің репродуктивтік жүйесінің бөлігі. Ол – ұрықтың дамуы өтетін, алмұрт пішінді қуыс ағза. Жатыр жамбас қуысында, несеп қап пен тік ішектің арасында орналасқан.
Жатырдың төменгі тарылған тұсында мойны орналасқан. Жатырдың мойыннан жоғары орналасқан кең бөлігі жатырдың денесі аталады. Күмбез тәрізді жоғарғы бөлігі жатырдың түбі аталады. Жатыр түтіктері - жатырдың екі жағында орналасқан өсінділері. Олар аналық бездермен аяқталады.
Жатырдың қабырғаласы екі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты эндометрий аталады. Жатырдың сыртқы қабаты бұлшық еттен тұрады және миометрий аталады.
Бала өрбіту жасындағы әйелдерде әр ай сайын эндометрийдің қалыңдауы өтеді, бұл жатырдың жүктілікке дайындығымен байланысты. Егер жүктілік орнамаса, эндометрийдің қалың сыртқы қабаты ажырайды және қынап арқылы қан ұйындысымен бірге сыртқа шығады. Бұл етеккір аталады.
Эндометриоздың симптомдары қандай?
Эндометриозды анықтау өте қиын. Егер жыныстық қатынас кезінде немесе етеккірдің бірінші күндерінде күшті ауырсыну болса, белде немесе тік ішек аумағында ауырсыну болса, бұл эндометриоздың салдарынан болуы мүмкін. Бұл симптомдардың болуының өзінде дәрігер науқаста эндометриоз болуына сенімді болмайды. Мұндай ауырсынулардың себебі көптеген ауруларға тән болуы мүмкін.
Дәрігер эндметриозды қалай анықтайды?
Дәрігер медициналық тексеруді өткізеді, аурудың симптомдары туралы сұрайды. Дәрігер симптомдардың себебі – эндометриоз екендігі туралы күмәнданғанымен, оған анық көз жеткізу үшін лапароскопия жасау қажет. Бұл дәрігерге жатырдың қуысын зерттеуге мүмкіндік береді. Ем-шараны орындау үшін теріде кішкене тілік жасалып, ол арқылы іш қуысына жіңішке түтік енгізіледі. Дәрігер шағын камераны пайдаланып, эндометриоз ошақтары болуын қарай алады. Бұл ем-шара кезінде жалпы наркоз беріледі, науқас ауырсынуды сезбейді.
Бірқатар дәрілер ауырсынуды басады. Ацетаминофен немесе ибупрофен секілді препараттарды қабылдауыңызға болады.
Кейде гормондар деңгейін реттеу үшін ұрықтануға қарсы таблеткалар тағайындалады. Көмектесетін тағы бір препарат – әсері ұзартылған прогестерон (ол ұрықтануға қарсы препарат ретінде де қолданылады).
Эндометриозды емдеудің тағы бір дәрілік препараты – даназол және гонадотропин – релизинг – гормонның аналогі (ГнРГ). Олардың әсер ету механизмі етеккірді тежеуінде. Оларды қолданғанда әйелдер етеккір кезіндегі симптомдарға ұқсас жанама әсерін сезінеді, мысалы, ысыну және іншек ішінің құрғақтығы. Даназол беттегі бөріткенге және түктенуге апаруы мүмкін. Кейде ГнРГ аналогінің жанама әсері эстрогені бар препараттарды қатар қолданғанда өтеді.
Ароматазаны тежеушілер, мысалы, экземестан және летрозол, бұл емдеу осыған дейін тәжірибелік саналып келді, бірақ, шағын зерттеулерде жақсы нәтиже берген. Ароматазаны тежеушілерді қабылдағанда, жоғарыда келтірілген препараттардыің бірі қосымша тағайындалуы мүмкін.
Емдеу курсының ұзақтығы қандай?
Ұрықтануға қарсы таблеткаларды, даназолды және ГнРГ аналогін қолданып емдеу курсының ұзақтығы 6-9 ай аралығында болады. Бұл кезде ауырсыну азайып, жағдай жақсарады. Бірақ, дәрілік препараттарды қабылдауды тоқтатқанда ауырсыну қайтадан пайда болуы мүмкін.
Эндометриозды емдеу үшін хирургиялық емдеу де қолданылады. Операция кезінде (немесе диагностикалық лапароскопия кезінде) дәрігер жатырдан тыс шоғырланған эндометрий тіндерін алып тастайды. Ауыр эндометриоз кезінде дәрігер гистерэктомияны ұсынады, бұл операция кезінде жатыр, кейде аналық бездер де толығымен алынады.
Етеккір тоқтау шағында қандай өзгерістер болады?
Көптеген әйелдерде эндометриоз етеккір тоқтау шағында жойылады. Оған дейін эндометриоздың симптомдарымен күресуге дәрілік препараттар және хирургиялық емдеу көмектесе алады.
Кейбір зерттеулер эндометриозды аналық бездің қатерлі ісігінің қауіп факторы екендігін көрсеткен. Бұл ауру кезінде бала көтеруде де мәселелер болады.
Эндометриозы бар әйелдерде ұрықтануда мәселелер болады. Кейбіреулер үшін ұзақ уақыт бойы ұрықтануда мәселелер болады. Кейбіріне бедеулікті емдеудің хирургиялық және / немесе басқа емдеулері қажет болады. Егер науқаста эндометриоз болса, және жүктілікті жоспарлайтын болса, дәрігер оны көпке кейін қалдырмауды айтады, себебі, жас артқан сайын эндометриоз да ушығып, жүктілік мүмкіндігі азаяды.
Әдетте, эндометриоз симптомдары жүктілікте жойылады.
Эндометриозды емдеу курсын өтіп жүргенде жүктілікке рұқсат етілмейді. Бұл курстан кейін жүкті болғыңыз келсе, бұл препараттар жүктілік мүмкіндігін арттырмайды. Егер емдеу курсынан кейін жүктілікті жоспарламайтын болсаңыз, ұрықтануға қарсы препараттарды қабылдауды жалғастыруыңыз қажет.