Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу


Жалпы ақпарат

Эктодермалдық сегізкөз-құйымшақтық синус (құйымшақтық эпителийлік жол, пилонидалдық синус) – бұл сегізкөз аумағындағы майлы талшықта тері астындағы тар түтік түрінде көрінетін және бөксе арасындағы ортаңғы сызық бойынша бір немесе бірнеше саңылаумен ашылатын ауру.

Синустың ұзындығы: 2 - 10 см болуы мүмкін, тері астындағы талшықта аяқталады және құйымшақпен тікелей байланысты емес. Құйымшақтық эпителийлік жолдың ішкі бетінде түктер, тер және май бездері болады.

Sinuskz

Эктодермалдық сегізкөз-құйымшақтық синус келесі түрде болуы мүмкін:

· пилонидалдық абсцесс (сегізкөз-құйымшақтық аумақта іріңдеу)

· пилонидалдық киста (сегізкөз-құйымшақтық аумақтағы терінің дамуының аномалиясы)

· пилонидалдық синустық түйін (сегізкөз-құйымшақтық аумақтағы кистоздық қуыстың түзілуі)


Себептері

Эктодермалдық сегізкөз-құйымшақтық синустың пайда болу себептері толық анықталмаған. Бірқатар зерттеушілер бұл ауруды туа біткен санайды, эмбрионның өсуі барысында құйымшақтың дамуының толық емес цикліне байланысты. Басқа ғалымдар бұл жағдай бөксе арасындағы қыртыста тері астына өсе бастайтын түктерге байланысты туындайды деп санайды.

Бұл ауру жиі байқалады:

· ерлерде

· артық салмағы бар адамдарда

· аталған аумақтағы жарақаттан немесе тітіркеністен

· теріде шамадан артық түктену болатын адамдарда

· көп отыратын адамдарда

· қысатын киім киетін адамдарда.


Симптомдары

· құйымшақ аумағында ірің ағуы

· науқас отыратын аумағының ісінуі

· құйымшақтың қасындағы аумақта ісіну, қышу, жергілікті температураның артуы

· дене температурасының артуы, әлсіздік, жалпы нашар сезіну

· бір немесе бірнеше саңылаудың болуы, олардан түктер шығып тұрады, басқанда сұйықтық шығады.

Ауру симптомсыз өтуі мүмкін, бұл жағдайда бөксе арасындағы қыртыста шағын шұңқыр ғана байқалады.


Диагностика

Ауру дәрігердің қарауы қарауы кезінде анықталады. Дәрігер келесі сұрақтарды қояды:

· бөксе аумағында теріде көрінетін өзгерістер бар ма?

· Бөксе аумағында іріңдеу байқалады ма?

· Басқа шағымдарыңыз бар ма?

Кейде зақымданған аумақтың компьютерлік томографиясы өткізіледі.


Емдеу

Эктодермалдық сегізкөз-құйымшақтық синус қауіпті симптомдарды туындатпаса, емдеуді қажет етпейді.

Пилонидалдық абсцессті ашып, шайып, антибактериалдық құралдармен өңдеу қажет. Антибиотиктер ауру айқын болса қолданылады, егер инфекция терінің басқа аумағына таралатын болса.

Құйымшақтық эпителийлік жолды жою бойынша басқа хирургиялық операцияларға жатады:

· теріні алмастыру

· Қайта пайда болған абсцессті жою бойынша хирургиялық операция.

инфекцияның алдын алу үшін зақымданған аумақты таза ұстап, ұдайы түктерді алып тастап отырса, жағдай жақсарады.


Аурудың болжамы

Аурудың түрі мен емдеудің барысына байланысты эктодермалдық сегізкөз-құйымшақтық синус әдетте, 4-10 апта ішінде өтеді.


Қашан дәрігерге көріну қажет

Бөксе арасындағы аумақта келесілерді байқасаңыз дәрігерге көріну қажет:

· ауырсыну

· ісіну

· қызару

· іріңдеу


Алдын алу

Эктодермалдық сегізкөз-құйымшақтық синустың алдын алудың жалғыз тәсілі - оны жою бойынша уақытылы жоспарлы хирургиялық операция.

Операциядан кейін асқынулардың алдын алу үшін ұсынылады:

· операциядан кейін үш апта бойы отыруға, ауыр көтеруге болмайды

· тігісті алып тастағаннан кейін күнделікті гигиеналық душ қабылдау қажет (аталған аумақты шаю қажет)

· операциядан кейін 6 ай бойы айына 2 рет операция аумағында эпиляция өткізу қажет

қатты ортаңғы тігісі бар тар киім кимеу (операциядан кейінгі тыртықтың жарақатының алдын алу үшін).