Мазмұны
Диабет – бұл қандағы қанттың деңгейінің артуымен сипатталатын созылмалы ауру.
Инсулин – ұйқыбезінің қандағы қант деңгейін бақылау үшін өндіретін гормоны. Диабет инсулиннің өндірілуінің төмендеуімен, инсулинге тұрақтылықпен (төтемелілік) немесе екі себептің де салдарына байланысты болуы мүмкін.
Қант диабетінің мәнін түсіну үшін қалыпты үрдісті түсіну қажет, ол кезде тағам ыдырайды және организм оны энергияны өндіру үшін қолданады. Ас қорыту кезінде келесі үрдістер жүреді:
- Глюкоза аталатын қант қан ағымына түседі. Глюкоза - организм үшін энергия көзі.
- Ұйқыбезі аталатын ағза инсулинді өндіреді. Инсулиннің ролі – глюкозаның қан ағымынан бұлшық етке, май жасушаларына және бауыр жасушаларына тасымалдануында, оларда энергетикалық қуат көзі ретінде қолданылады.
Қант диабеті бар адамдарда қант деңгейі жоғары, себебі, организм глюкозаны энергияға айналдыру үшін май жасушаларына, бауырға және бұлшық етіне тасымалдай алмайды. Бұл келесі себептерден болады:
- Ұйқыбезі инсулиннің жеткілікті мөлшерін өндірмейді
- Жасушалар инсулинге серпін бермейді
- Екі себептің де салдары.
Қант диабеті екі түрлі болады. Осы түрлердің әрқайсысы үшін пайда болу себебі және қауіп факторлары әр түрлі:
- 1 типті қант диабеті кез келген жаста папйда болуы мүмкін, бірақ, ол көбінесе балаларда, жасөспірімдер мен жас адамдарда анықталады. Аурудың бұл түрінде организм инсулинді аз өндіреді немесе өндірмейді. Нақастар күнделікті инсулинді егуге мұқтаж. Аурудың пайда болуының нақты себебі белгісіз.
- 2 типті қант диабеті диабеттің көпшілік жағдайларын құрайды. Ол көбінесе, ересектерде пайда болады. Бірақ, балалар мен жастардың арасында семіздіктің кең таралғандығына сай олардың арасында да диабеттің бұл түрі кездесе бастады. 2 типті диабеті бар адамдардың көпшілігі өздерінің бұл ауруға шалдыққандарын білмейді.
- Қант диабетінің басқа себептері де бар, ал кейбір науқастарды ешқандай топқа жатқызуға келмейді.
Гестациялық диабет – қандағы қант деңгейінің артуы, ол алғаш рет әйелдерде жүктілік кезінде пайда болады.
Қандағы қант деңгейінің жоғары болуы келесі симптомдарды туындатуы мүмкін:
- Көрудің айқын еместігі
- Шөлдеу сезімі
- Шаршау
- Ашығу
- Несептің жүруінің жиілеуі
- Салмақ жоғалту
2 типті диабет баяу дамитындықтан, қандағы қант деңгейі жоғары болатын адамдарда ауру ұзақ уақыт бойы симптомдарсыз өтуі мүмкін.
1 типті диабеттің симптомдары тез дамиды. Диагноз қойылған кезде адамдардың ауруға шалдығуы ушығады.
Аурудың ұзақ уақыт бойы өтуі салдарынан диабет басқа күрделі мәселелерге апаруы мүмкін. Бұл мәселелер диабеттік асқынулар ретінде белгілі, оларға жататындар:
- Көру мәселелері (әсіресе, түнде), жарыққа сезімталдық, көруді жоғалту
- Аяқтағы немесе табандағы ауырсынатын ойық жаралар, олар емделмеген жағдайда аяқтың немесе табанның бөлігін жоғалтуға апаруы мүмкін.
- Нервтердің зақымдануы, оның салдарынан ауырсыну, шаншу және сезімталдықты жоғалту, ас қорыту мәселелері, эрекцияның бұзылысы пайда болуы мүмкін.
- Бүйректің мәселелері, бұл бүйрек жеткіліксіздігіне апаруы мүмкін.
- Иммундық жүйенің әлсіреуі, бұл да жиі инфекцияларға апаруы мүмкін.
- Жүрек талмасының немесе инсульттің пайда болу ықтималдығының артуы.
Несеп талдауы қандағы қанттың жоғары деңгейін көрсетуі мүмкін. Бірақ, қант диабеті тек несеп талдауы бойынша ғана анықталмайды.
Дәрігер диабеттің болуын қандағы қант деңгейі 200 мг/дл артық болғанда болжайды. Диагноздың расталуы үшін келесі тексерулерді өткізу қажет:
Қан талдауы:
- Аш қарынға глюкозаның деңгейін анықтау - қант диабеті қойылады, егер бұл деңгей келесі көрсеткіштен: «126 мг/дл» - екі есеге асатын болса. 100 - 126 мг/дл арасындағы деңгей ашқарынға гликемия бұзылысы немесе диабет алды аталады. Бұл 2 типті қант диабеті пайда болуының қауіп факторы.
- HbA1c (гликозилденген гемоглобин) деңгейін анықтау
- Нормасы: 5.7% кем
- Диабет алды: 5.7% - 6.4%
- Диабет: 6.5% немесе одан жоғары.
- Глюкозаға төзімділік тесті - қант диабеті қойылады, егер қандағы глюкозаның деңгейі глюкоза қабылдағаннан кейін 2 сағат өткенде 200 мг/дл асатын болса. (бұл тест 2 типті диабетті анықтау үшін жиі қолданылады).
Аурудың қандай да бір симптомдарынсыз 2 типті қант диабетіне скринингті өту келесі адамдарға ұсынылады:
- Артық салмағы бар балалар және қант диабеті дамуының басқа қауіптері бар балалар 10 жасынан бастап, әр 2 жыл скринингтен өтуі тиіс.
- Артық салмағы бар ересектер (дене салмағының индексі - ДСИ > 25 болса) басқа қауіп факторлары болуында.
- 45 жастан асқан ересектер әр 3 жыл сайын скринингтен өтуі тиіс.
2 типті қант диабеті өмір салтын өзгеруінде, әсіресе, салмақ азайту мен емдәм сақтауда, кері қайтуы байқалады. Сонымен қатар, 2 типті қант диабеті салмақ азайту операцияларынан кейін де қайтуы мүмкін.
1 типті қант диабеті емделмейді. Қандағы қант деңгейін бақылау үшін науқастарға инсулин препаратын енгізу қажет.
1 және 2 типті диабетті емдеуге дәрілік препараттар, емдәм сақтау және дене жаттығулары жатады, бұл шаралар қандағы қант деңгейін бақылауға арналған.
Қандағы қант және холестерин деңгейін, артериалдық қысымды ұдайы бақылау бүйректің, көздің, жүйке жүйесінің ауруларының, инфаркт пен инсульттің даму қаупін азайтуға көмектеседі.
Диабеттің асқынуының алдын алу үшін жылына кемінде, 2-4 рет дәрігерге барып тұру қажет. Мәселелер туралы дәрігермен кеңесіңіз. Диабетті бақылау туралы дәрігердің кеңесін орындаңыз.
Белсенді өмір салтын ұстану және оңтайлы дене салмағын сақтау 2 типті қант диабетінің пайда болуының алдын алуы мүмкін.
1 типті қант диабетінің алдын алуға келмейді.