Жүктелуде...
 

Бет терісі неге қартаяды және онымен қалай күресеміз

Бет терісі неге қартаяды және онымен қалай күресеміз

translator дүйсенбі маусым 24, 2019


Shutterstock 1255529380

Жас ұлғайған сайын адам ағзасы да әлсірей бастайды. Дегенмен, ақылымыз толығып, өмірлік тәжірибелер жинай келе оны еркін қабылдап жатамыз. Сонда да көпшілігіміздің шамамыз келмей жататын бір жайт бар, ол - сыртқы келбет.
Әдетте біз жүзімізде орын алып жатқан жағымсыз өзгерістерді көреміз де оны тоқтатқымыз келеді, тіпті мүлдем болдырмауға да тырысып жатамыз.

Бет терісі қалайша қартаяды?

Ондаған жылдар бойы аздаған метаморфоздар пайда болады, сондағы айшықталып көрінетін сыртқы белгілері:

- самай шаштары шалаңдайды, маңдай кеңейеді;
- құлақ үлкейеді, өйткені жас ұлғая келе құлақ шеміршіктері өседі;
- мұрынның шеміршегін ұстап тұратын дәнекер тіннің әлсіреуіне байланысты мұрынның ұшы ұзара бастайды.

Бетте болар-болмас құрылымдық өзгерістер пайда болады. Жас кезде біркелкі май бөлінетіндіктен маңдайдың айналасы, бет-әлпет, көздер мен ауыздың жан-жағы тегіс болып, сүйкімді көрінеді. Жас ұлғайған сайын сол майлардың бөлінуі бәсеңдейді, содан бет жұқарады және бет сүйірленіп, сопайып, тері қыртыстары жиілейді. Нәтижесінде беттің төменгі бөлігі салбырай бастайды, мойын қыртыстана бастайды. Сөйтіп әжім пайда болады. Маңдайдағы және қастардың қырында шұңғыл қабаттар пайда болады, оларды мимикалық әжімдер деп аталады.

Мимикалық әжімдер бұлшықеттер үнемі созылып-жиырылып тұрғандықтан пайда болады. Басқа беткі әжімдер тері астындағы майдың азаюы мен қозғалысына байланысты қалыптасып жатады. Ал беттегі кішірім әжімдер күнде көп жүргеннің әсерінен де, шылым шеккеннен де пайда болады.

Теріні солғын тарттырмай, жас күйінде қалай ұстап тұруға болады

Сіздің геніңіз сондай мықты болып, жасыңыз ұлғайса да жас көрініп жүрсеңіз де, өмір жолыңыздағы қуаныштар мен ұайымдарыңыздың салдарынан бет-әлпетіңізде кішігірім сызаттардың болуы заңды. Сондықтан, жасыңыз бен сыртқы келбеңізді қалай бар солай қабылдауға мәжбүр боласыз. Бірақ жұрттың бәрі мұнымен келсе бермейді және орын алып жатқан өзгерістерді болдырмаудың амалдарын жасайды.

Оныменен күресудің бірден-бір жолы қартаюға қарсы бетті толтыру немесе фейслифтинг. Яғни хирургиялық жолмен артық тіндерді алып тастап, беттің төменгі бөлігіне түсіп кеткен теріні қайта жоғары тартады. Қазіргі заманғы фейслифтингтің технологиясы бізге жақсы нәтижегелерге қол жеткізуге мүмкіндік беруде, оның әсерінен беттің табиғи қалпы қайта оралуда. Алайда, бұл өте қымбат пластикалық хирургия болып табылады. Ол танымал косметикалық процедуралардың арасында 20-шы орында тұр, сондай-ақ қазіргі уақытта бетті жасартудың қосымша баламалы жолдарының бірі осы.


Бетті әжімнен сақтайтын бірден бір жол, ол тек хирургиялық жол емес, және қалтаға да аса салмақ салмай-ақ қойса болады: Мысалы күннен қорғану. Күн көзінен қорғау - бетіңіздің өңін сақтаудың жалғыз және ең тиімді жолы. Негізінен тері көбінесе ультрафиолет сәулелерінен зақымданады, сол сәулелердің әсерінен күйеді. Бұған жол бермеу үшін, ұзақ уақыт бойы күн сәулесінен қорғайтын жақпа майларды бетке жағып, кең қалпақ киіп жүрген абзал.

Кремдер мен лосьондар. Құрғаған теріні арнайы ылғалдағыштарды пайдалана отырып балғын етуге болады. Кейбір бет ылғалдағыштардың құрамында майдан гөрі су мол болады. Сондай-ақ, судың теріңізге жақсы сіңірілуіне көмектесетін глицерин кремдері де бар. Қабыршықтанатын косметикалар да бет терісін кәдімгідей жасартады, себебі олар өлі жасушадан құтылуға көмектеседі - бұл табиғи процесс жас ұлғайған сайын әсерін жоғалтады.

АҚШ-тың Гарвард медициналық мектебінің сарапшылары әжімдерді азайтып және күн сәулесінен пайда болатын пигментті дақтарға қарсы күресу үшін ретиноидтерге арналған кремді қолдануды ұсынды. Бұл қосылыстар химиялық A дәруменімен байланысты және терінің коллагенді өндіруіне үлес қосады, меланиннің әсерін төмендетеді.
Ботулинді токсинді инъекция (ботокс). Бұл инъекциялар маңдайдағы және қастар арасындағы теріні тегістеу үшін қолданылады. Олар беттің айналасындағы бұлшықеттердің ішінара иммобилизациясын тудырады, және қозғалу арқылы мимикалық әжімдер пайда қылады. Ботокс әдісі кішігірім әжімдерден құтылу үшін тиімді, бірақ терең әжімдерді тегістеуге шамасы жетпейді.

Дәрілік толтырғыштар (филлерлер). Бұл заттар коллаген мен майдың жоғалуы салдарынан туындаған әжімдерден құтылу үшін қолданылады. Бұл Botox инъекцияларынан кейінгі екінші орындағы ең көп таралған косметикалық рәсім болып табылады. Дермальды толтырғыштар негізінен нозолабиальды қыртыстарды реттеуге пайдаланылады - мұрынның кеңсірігінен ауыздың айналасына дейін және езудегі сызықтар - мимикалық әжімдер деп аталатын - ернінің айналасы мен иекке дейін түсетін қыртыстары тегістей алады.

Әртүрлі материалдар термалды толтырғыш ретінде пайдаланылады. Бұрын коллаген осы мақсатта косметологияда қолданылған. Қазіргі уақытта ең танымал толтырғыш гиалурон қышқылы болып табылады - көптеген тіндердің және адамның сұйықтықтарының бөлігі болып табылатын полисахарид. Гиалурон қышқылының несолабиальды қабаттарға енгізілуінің әсері алты айға дейін созылады.

Лазерлік емдеу. Лазерлер терінің пигментациясының кейбір түрлерінен құтылу үшін қолданылады. Мысалы, қоңыр пигментке бағытталған лазер сепкілдер мен пигментті дақтармен күресу үшін қолданылады, ал қызыл пигментке арналған лазер бетінде капиллярлы жұлдыздарды жояды. Лазерлер сонымен қатар бет терісін тазалау үшін қолданылады. Бұл процедура барысында оның үстіңгі қабаттары жойылады және олармен қатар, күн сәулесінен алынған әжімдер және теріге түскен тыртықтар жойылады. Бұдан басқа, бұл әдіс табиғи коллагеннің өндірісін ынталандыруға мүмкіндік береді.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.