Жүктелуде...
 

Неліктен кейбір адамдарда коронавирустық инфекция жеңіл түрде өтеді?

Неліктен кейбір адамдарда коронавирустық инфекция жеңіл түрде өтеді?

translator сәрсенбі сәуір 15, 2021


Тағамсаулық (5)

Ковидпен ауырып шыққандарға вакцина алу қажет пе және неге кейбір адамдарда коронавирустық инфекция жеңіл түрде өтеді?

Коронавирустар ағзаға енгенде, біздің иммундық жүйеміз олармен антиденелердің, сондай-ақ оларды іздеп тауып, анықтайтын жасушалардың көмегімен күреседі. Адам инфекциямен ауырып шыққаннан соң, иммундық жасушалар вирусты есте сақтап, кезекті коронавирустық шабуылды күтеді. Сондықтан да оларды жад жасушалары деп те атайды. Сонымен қатар, қандағы антиденелердің деңгейі түсуі мүмкін, бірақ жады жасушалары дайын күйінде қалады. Иммундық қорғаныстың мәні осыда: ол инфекцияның әсерінен немесе вакцинаның нәтижесінде қалыптасуы мүмкін.

Коронавирустық инфекцияның ауыр түрін өткергендер вакцинацияға мұқтаж болмауы да мүмкін, өйткені олар қазірдің өзінде-ақ жадының иммундық жасушаларын қалыптастырған. Ковидті жеңіл түрде өткергендерге вакцина салдырғандары дұрыс болады, өйткені иммунитеті жеткіліксіз дәрежеде дамыған, ал вакцинация иммундық қорғанысты жүздеп күшейте алады. Инфекцияны жұқтырған адамдарда вакцинаның бірінші дозасына иммундық жауап екінші дозаны қабылдағанмен бірдей болуы мүмкін.

Иммундық жасушалар бұрын-соңды кездеспеген вирусты да тани алатыны белгілі болып отыр. Бұл әсіресе жүздеп саналатын, мысалы үшін, коронавирустар тобының туыстарына байланысты. Бұл жаңалықты La Jolla иммунология институтының ғалымдары ашты.

Иммундық жасушалар вирустық ақуыздың жеке фагменттерін емес, тұтастай оның бейнесін танитыны айқындалып отыр. Бұл бет-әлпетті тануға ұқсас: мұрынның , көздің және құлақтың пішінін, сондай-ақ еріннің түпкірін және осыған ұқсас басқа да сипаттамаларды көру маңызды. Сонымен, бұл жағдайда, иммундық жасушалар әр түрлі коронавирустардың жалпы сипаттамаларын таниды, ал оның жеке ақуыздарының бөліктерін тану міндетті емес. Осыдан төмендегідей тұжырымдар шығаруға болады.

Біріншіден, коронавирустың зиянсыз түрлерінен басқа, тіпті бұрындары суық тиіп ауырғандар COVID-19-ды оңай төзуге бейім болады. Яғни, оларда әлдеқашан қазіргі SARS-CoV2 коронавирусына қарсы иммундық қорғаныс қалыптасқан. Бұл әсіресе коронавирустардан болатын суық тиюмен жиірек ауыратын балаларға қатысты, сондықтан оларда COVID-19-дан жақсы қорғаныста сияқты.

Екіншіден, қазіргі коронавирустың мутациясының жеделдеуіне және жаңа пандемиялық қауіптің пайда болуына байланысты, барлық коронавирустарға қарсы әмбебап вакцина жасау қажеттілігі туралы мәселе өзекті болып отыр. Бұл жағдайда иммундық рекациялар құбылысы маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Мұны істеу үшін коронавиурустың табиғаттағы бар, барлық түрлерін тізбектеп, түгендеп шығу қажет. Бұл олардың сипаттамаларын және болашақ пандемияны туындатуы мүмкін иммундық қорғаныс ықтималдығын терең түсінуге жақсы мүмкіндік береді.

Коронавирус алғаш рет 1965 жылы, яғни жарты ғасыр бұрын анықталған екен. Бұл тұқымдастардың жүздеген түрінің тек жетеуі ғана әзірге адам үшін ауру тудырушы болып мүмкін. Олар негізінен балалар арасында тек жеңіл түрде салқын тиюді ғана болдырып, ұзақ уақыт бойы көп айтарлықтай қауіп тудырмаған еді. Алайда, жағдай 2002 және 2012 жылдары өзгерді, бұл кезде адамзат баласы Оңтүстік-Шығыс Азияда өлімге әкеліп соққан эпидемия тудырған SARS пен MERS коронавирустарына тап болды. Әрине, барлығымызды қазіргі COVID-19 пандемиясының көрінісі – SARS-CoV2 коронавирусы мазалап отыр.

Болжамдар бойынша, коронавирустың бір түрі 1889 жылғы «орыс тұмауы» аталған пандемиясына себепші болған деп саналады. Сол кезде, осыдан 130 жыл бұрын, одан миллионға жуық адам көз жұмып, 19 ғасырдағы ауқымды індеті болған еді. Кейбір ғалымдар, ол індетті қоздырған коронавирус аяғында әлсіреп, кәдімгі балалардағы салқын тию қоздырғышына айналды деп есептейді. Қазіргі коронавируста да дәл осыған ұқсас жағдай орын алуы мүмкін және COVID-19 пандемиясы біртіндеп зиянсыз маусымдық инфекцияға айналады деп күтілуде.

Қазіргі пандемияның аяқталуын жеделдетудің жалғыз-ақ жолы – ол жаппай және жедел түрде вакцинация жүргізу. Толық болмаса да, вакциналар коронавирустың мутанттарынан қорғауға қабілетті. Біз неғұрлым вакцинацияны тез жасасақ, коронавирустың қауіпті мутантқа айналу мүмкіндігі соғұрлым азаяды. Ол шегінуге мәжбүр болады.
Осы арада бетперде тағуды ұмытпай, арақашықтықты және қол жуу гигиенасын ұстанып, сол сияқты адамдар шоғырланған жерден аулақ жүруге тырысыңыз.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.