Жүктелуде...
 

COVID-19 кезінде иіс сезудің бұзылуы

COVID-19 кезінде иіс сезудің бұзылуы

translator Сәрсенбі сәуір 14, 2021


Depositphotos 230233092 L 2015 Pic4 Zoom 1500x1500 38975

Біздің көпшілігімізге мәлім, COVID-19-дың алғашқы күнінен бастап болатын бірегей белгілерінің бірі – иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Дәрігерлер мұны аносмия деп атайды.

Коронавируспен ауырып шыққандарда иіс сезу қабілеті қалыпқа келуі қызықты өтеді, олар бастапқыда өздеріне белгісіз иістерді сезе бастайды, тіпті кей иістер жиіркеніш сезімін оятады. Мұны паросмия деп атайды. Кейде олар шай немесе кофе ішкенде өздерін жайсыз сезінеді. Өйткені, олардан кәріздің, қоқыстың иісін шығып тұратындай көрінеді.

Көбіне бұл уақытша, өтпелі құбылыс. Алайда, кейбіреулер үшін иіс сезу қабілетіндегі мұндай бұзылулар сырқаттан қалыпқа кегеннен соң да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Оның себебі неде?

Өткен жылдың шілдесінде Гарвард университетінің нейробиологтары коронавирустың иіс сезу қабілетіне жауап беретін жүйке жасушаларын қоректендіретін тіндерді тікелей зақымдауы мүмкін екендігі жайында мақала жариялаған болатын. Бұл жасушалар мен оларды қоректендіретін тіндер мұрын қуысында орналасқан, онда инфекция кезінде коронавирустар сол жаққа еніп, иісті жоғалтуға, яғни аносмияға әкеп соқтырады.

Иіс сезу нейрондарының және оларды қоректендіретін тіндердің ынталандыруы ковидте COVID-19-дан сауығып шыққаннан кейінгі кейбір адамдарда кей-кейдегі жағымсыз иістерді сезінуді жалғасады. Мәселе мынада, қалпына келтірілгенен кейін мидың иіс сезу нейрондары бас сүйегінің негізі арқылы мұрын қуысына бағытталады. Алайда, ол жерде иіс сезу рецепторлары өз сәйкес орындарында болмауы мүмкін. Осыған байланысты, олар иістерді қабылдай алмайды да, дәрігерлер тілімен паросмия орын алады.

Төрт жүз иіс сезу рецепторлары бар адам баласы шамамен 1 триллион түрлі иісті ажырата алады екен. Істің мәні мынада, иіс сезу қабілеті бірнеше иіс сезу нерв жасушаларының тіркесімен, сансыз басқа иістерді құрайтын молекулалардың әрекетін қабылдайп, бөгде иістерді қалыптастыра бастайды. Иіс сезу нерв жасушаларының біреуі жетіспесе немесе өзіне тиісті орнында болмаса, науқас өзінің иіс сезу қабілетін жоғалтады немесе басқа иісті сезеді. Мұндай бұзушылықтарды түзету бірнеше аптаға, кейде тіпті бірнеше айға созылуы мүмкін.

Алайда, бұл мәселеде көп нәрсе түсініксіз болып отыр. Мысалы, неге жағымсыз иістерді COVID-19 ауырған науқастардың көпшілігі сасыған, шіріген деп қабылдайды. Болжамдардың бірінде адам сезікті түрде кез-келген бейтаныс иісті қауіп белгісі ретінде қабылдайды. Эволюциялық жолмен адамдар түтіннің иісін сақ болуға ескерту ретінде қабылдады.

Таңқаларлығы, сәбилерде, иіске деген табиғи жиіркенушілік сезімдері болмайды. Олар әрине, тітіркендіргіштерге әрекет жасайды, бірақ, оларда мысалы, кірлеген жаялықтағы жағымсыз иістерге жиіркеніш жоқ. Мұндай қасиет жас ұлғайған сайын дамиды. Сол себепті мұндағы бір жақсы жаңалық – ол COVID-19-дың салдарынан иіс сезу қабілеті жоғалса да, оны негізінен жаттығулар мен арнайы іс-шаралар көмегімен қайта қалпына келтіруге болады.

Біздің санамыздағы бекіген иісті сезу қабілеті сезімге көңіл-күй мен зейінге байланысты. Иіс сезу нейрондары ми қыртысына сигнал жібереді, содан соң бұл сигналдар мидың сезімдерінің жауапты бөлігіне жіберіледі. Пішіні бадам дәні тәрізді, бұл орын amygdala деп аталады. Содан кейін иіс сезу қабілетінің сигналдары бас мидың басқа бөлігіне жіберіліп, онда есте сақтау қалыптасады. Теңіз атбалығы пішіндес, оны hippocampus деп атайды.

Біз иісті сезген кезде бастағы мидың барлық осы бөліктері бір-бірімен өзара әрекет жасай бастайды. Бұған көру мен дыбыс сигналдары қосылады. Олар бірлесіп сезімдер мен көңіл-күйлерді қалыптастырады, содан соң біздің жадымызда тым жағымды немесе керісінше шамданған жиіркенішті нәрсе ретінде тұрақтанады. Осындай әсерлерден кейін де нақты иістер қабылданады.

Сонымен, иіс сезу дегеніміз – мұрын қуысындағы иіс сезу рецепторларының сигналдардың бас миға беруілуі ғана емес, сонымен қоса мидың бұл сигналдарды , яғни иістерді қалай түсіндіретіндігінде. Әр иіс өз орнына үйреншікті. Алайда, бір жаңа иістерді қабылдауға, сондай-ақ коронавирустық инфекция нәтижесінде жоғалған иіс сезімін қалпына келтіруге үйрене аламыз.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.