Жүктелуде...
 

Академик Төрегелді Шарманов сыйлығы

Академик Төрегелді Шарманов сыйлығы

translator Сейсенбі желтоқсан 15, 2020


INTERNATIONAL SCIENTIFIC PRACTICAL CONFERENCE «PRIMARY HEALTH CARE AND COVID 19 PANDEMIC»

Академик Төрегелді Шарманов сыйлығын алу конкурсына қатысуға шақырамыз. Медицина мен денсаулықтың өзекті тақырыбы жайында қазақ тілінде ғылыми-көпшілік мақалалар жазушы барлық қауымға, әр тоқсан сайын жүргізілетін академик Төрегелді Шармановтан тағайындалған сыйлықты алу конкурсына қатысуға шақырамыз.

Конкурсқа денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу, сондай-ақ денсаулық пен медицинаға қатысты қызықты және маңызды ақпараттарды қамтитын қазақ тіліндегі жобалар немесе бұрын жарияланған материалдар қабылданады. Материалдар қысқа ғылыми-көпшілік мақала, шағын бейнеролик, комикс немесе инфографика форматында болуы тиіс. Бұл сыйлық медицина және денсаулыққа қатысты өзекті мәліметтерді баршаға, әсіресе қазақ тілді оқырманға кеңірек жеткізуге бағытталған.

Аталмыш сыйлық туралы, іріктеудің негізгі талаптары, сыйлықақы мөлшері және өтінім беру мерзімдері туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтемеден ала аласыз: https://academypm.org/language/ru/akademik-sharmanov-syiligin-beru-turaly-erezhe/.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуыңызға: 8 701 555 87 43 немесе мына электрондық поштаға жіберсеңіз болады: award ішінде academypm.org.