Жүктелуде...
 

Пандемия қалай өрбуде?

Пандамия қалай өрбуде?

translator жексенбі қараша 8, 2020



Statya 2foto

Бүгінгі күнге дейін әлемде коронавирусты 50 миллионға жуық адам жұқтырған. Олардың миллионнан астамы ковидтен қайтыс болды. Қазір көптеген елдерде пандемияның келесі толқыны күшейіп келеді. Бұл Қазақстанды да айналып өтпейді.

Мен пандемияның қазір қалай өрбіп келе жатқандығы туралы Джонс Хопкинс, Вашингтон, Оксфорд және Стэнфорд университеттерінің халықаралық сарапшыларымен, сондай-ақ Жапония, Сингапур, Жаңа Зеландия, Швеция және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдарымен әңгімелескен болатынмын.

Пандемияның жаңа толқыны вирус мутацияға ұшырағандықтан пайда болып жатқан жоқ. Бұл өз кезегінде суық мезгідің келуімен және тиісінше жабық орындарда адамдардың көп шоғырлануымен байланысты шығар. Егер мұндай жабық орындар желдетілмеген болса және онда көптеген адамдар жиналған болса, онда коронавирустың таралу ықтималдығы айтарлықтай артады. Үлкен мәселе – бұл «пандемиядан шаршауымыз»: адамдар бұрын-соңды болмаған індеттен шаршады, сондықтан олар эпидемияға қарсы шараларды сақтамауға бейім.

Пандемияның алғашқы толқыны кезінде ауыртпалықты ауруханалар өз мойнына алса, қазір көптеген елдерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекке үлкен көңіл бөлуде. Бұл жерде әңгіме емханалар, дәрігерлік амбулаториялар , учаскелік дәрігерлер жайлы болып отыр. Олардың міндеті – COVID-19-бен ауыратын науқастарға медииналық көмек көрсетіп, жауапкершіліктің бір бөлігін алу арқылы ауруханалардағы ауыртпалықты азайту. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек адамның жасына, жынысына немесе басқа да аурулардың болуына қарамастан барлығына қолжетімді болуы керек.

Сонымен қатар, көпшілік пндемияның «жасарғанын» аңғаруда, яғни жас адамдар онымен жиі ауырып жатыр. Алайда, COVID-19-ға осал адамдар әлі күнге дейін қарт адамдар мен созылмалы аурулармен ауыратындар болып табылады. Олардың ішінде өлім-жітім ең жоғарғы деңгейде қалып отыр.

Балалардың да ауырып қалуы ықтимал, тіпті ауыр формада да, Кавасаки ауруы түрінде өтуі мүмкін. Мыны көп жүйелі қабыну синдромы деп атайды. Алайда, COVID-19 балаларда ересектерге қарағанда әлдеқайда аз дездеседі. Сонымен қатар, жас балалар ересек балалармен, жасөспірімдермен, орта мектеп оқушыларымен салыстырғанда коронавирустық инфекцияға өте төзімді келеді.

Осыған байланысты бір қызықты сұрақ туындайды: егер балалар мен жастар егде жастағы адамдарға қарағанда COVID-19-ға жиі шалдыққыш болса, әлеумет өзін қалай ұстайтын еді? Бұл жағдайда инфекцияның таралуын болдырмау үшін эпидемияға қарсы шараларды толыққанды ұстанар ма едік?

Қазіргі кезде ұжымды иммунитет туралы көп айтылып жүр ғой. Бұл дегеніміз, вирустың әлсіз адамдардың саны аз болғандықтан, одан әрі адамнан адамға жұғу мүмкіндігі болмайтын жағдай. Бұл жағдай көптеген адамдар коронавируспен ауырып шықса немесе оған вакцинацияланған кезде орын алады. Ұжымды имунитетті өрістету үшін осындай адамдардың саны қаншалықты болуы керек? Көптеген ғалымдар бұл көрсеткіш шамамен 40 пайызды құрау керек деген пікірде. Дей тұрғанмен бірқатар зерттеулер әлдеқайда аз санды көрсетеді, мысалы 20 пайыз. Алайда, бұл әзірге дәлелденбеген теория ғана.

Кейбіреулер эпидемияны «өз бетімен» жіберу керек, сонда көп адамдар инфекцияны жұқтырып, ұжымдық имунитетті тезірек қалыптастырады деген пікірде.Алайда, мен тілдескен сарапшы мамандардың барлығы бұл жол өте қауіпті деп есептейді, өйткені бұл жол көптеген адамдарды, әсіресе қарт адамдар мен созылмалы аурулармен ауыратындарды өлім-жітімге әкеледі.Ұжымдық имунитетіне тек қана ауқымды вакинациялау арқылы қол жеткізу маңызды.

Қазіргі болып жатқан осы жағдайлар, пандемия көптеген сарапшылардың пайымдауынша, 2021 жылдың ортасында не соңына дейін аяқталуы ықтимал. Олар мұны әлемде 200-ге жуық зертханалар жұмыс істейтін тиімді және қауіпсіз вакцинаның жасалып жатқандығымен байланыстарады. Дегенмен, бұл мәселеде көп нәрселер әлі де түсініксіз болып отыр.

Мысалы, коронавирусқа қарсы бейтарап антиденелер ағзада қанша уақыт сақталатыны және қанша уақытқа адамның иммунитетке ие болатыны әлі анық емес. Осыған байланысты әзірленіп жатқан кейбір вакциналар екі немесе оданда көп екпені қажет етуі мүмкін. Сондай-ақ, қазіргі коронавирустың қаншалықты жиі өзгеріп, мутацияланатыны ешкім әзірге білмейді. Бұл коронавирустың әр мутацияланған түріне қарсы вакциналар жасау қажеттілігін және оны қаншалықты жиі жасау керектігін анықтайды.

Көпшілікті инфекцияны қайта жұқтыру жағдайлары алаңдатады. Алайда, әзірге бұл жекеленген жағдайлар ғана, әлем бойынша олардың тек бесеуі тіркелген. Вирустың жұқтыруына жауап ретінде адам ағзасы иммундық қорғаныс қалыптастырады. Әйткенмен, кейбір адамдарда иммундық жүйе басқаларға қарағанда күшті, біреулерінде әлсіз екендігі белгілі. Сонымен бірге, кейде антиденелердің деңгейі иммундық қорғанысты қамтамасыз ету үшін тым төмен болатындығы белгілі. Әзірге ғалымдар осы мәселелерді түсіндіріп, тиімді де қауіпсіз вакциналар мен препараттар жасау жолында қарқынды жұмыс атқарып жатқан кезде, мен эпидемияның одан әрі өршуіне жол бермеуге шақырамын.

Ол үшін маска тағу, адамдардар жиналатын жерден аулақ жүру, гигиена ережелері мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау аса маңызды.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.