Жүктелуде...
 

Біз коронавирус жайында не білеміз?

Біз короновирус жайында не білеміз?

translator сәрсенбі наурыз 19, 2020


короновирус

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жариялауына байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ендігі кезекте жаһандық проблемаға айналған инфекцияға дұрыс әрі уақытылы шара қолдана білу қажет.

Мен иммунолог маман ретінде, сіздерге әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылған түрлі шаралар турасында кеңінен айтып бермекпін. Эпидемия кезінде қолданылатын қауіпсіздік мақсатындағы алдын алу шараларын әлемдік тәжірибеден алуға шақырамын.

Коронавирус та – вирустар тобына жатады. Ол әр жылы эпидемиялық аурулар таратуға түрткі болған. Мәселен 2003 жылы (SARS) өкпе қабынуын, 2012 жылы таяу шығыстағы (MERS) респираторлық инфекциялар синдромын тудырды.
Ал қазіргі таралып жатқан коронавирустың ресми атауы SARS-CoV-2. Оның таралуына кесірткі, құмырысқалар мен Қытайда мекендейтін жарқатанаттар ықпал етуі мүмкін. Аталған вирус адамдарда COVID-19 деп аталатын инфекциялық ауру тудырады. Оның негізгі сипаты өкіпені зақымдауында. Вирустан еркін тыныстана алмайды, жөтел қысып, ыстығы көтеріледі. Бұлшық еттері аурады, іші жүріп, әлсіздік пайда болады.

Алайда аталған сипаттамалар кәдімгі тұмауға ұқсағанымен, COVID-19 коронавирусының инфекциясы әлде қайта қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші 3,4 пайызды құрайды. Бұл кәдімгі тұмаумен салыстырғанда 30 есеге жоғары.

Өйткені ем-дом жасап, алдын алу шараларын уақытылы жүргізгенімен коронавирусты инфекцияның ауыр түрлері көп жағдайда адам өлімімен аяқталады. Оның үстіне масштабты эпидемия кезінде ауруханалар секторы мен медицина қызметкерлеріне ауыр салмақ жүктеледі.

Әрине бұл кезеңде масштабты эпидемияның тараларына тосқауыл қоюда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы да сынға түседі. Яғни бір мезетте 500 ге жуық науқасқа көмек көрсету бір бөлек те , біртіндеп емханаға түсіп жатқан ауруларды емдеу бір бөлек нәрсе. Соңғысында мамандар уақыттан ұтып, қажетті ресурстарды ықшамдауға мүмкіндік алады.

Аса қауіпті жұқпалы дерттің инкубациялық кезеңі 14 күнді құрайды. Алайда, егер инфекция жұққан болса ол бесінші күні ақ алғашқы белгілерін байқата бастайды. Сондай-ақ, инкубациялық кезеңде ешбір белгі байқаулмауы да мүмкін. Бірақ ол адамнан вирустың бөлшектері айналаға таралып, кемінде 2-4 адамға вирусты жұқтыруы мүмкін. Бір адамнан екінші адамға жұқтыру мерзімі орта есеппен 6 күнді құрайды. Сол себепті де коронавируспен қарым-қатнаста болғандарды инкубациялық кезеңде оқшаулау аса маңызды.

Қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясымен күресудің белгілі бір әлемдік тәжірибесі бар. Әсіресе, көрші Қытай мемлекетінде , Оңтүстік Кореяда, Сингапур мен Тайваньнан үйренетін нәрсе көп . Соның бірі эпидемия кезінде науқастарды оқшаулау.

Эпидемиямен күресуде ауруды жұқтырған адамдарды міндетті түрде карантинге оқшаулау қажет. Вирустың әрі қарай талармауына осылайша тосқауыл қойған абзал.

Ғалымдардың есебінше, егер 20 науқас вирусқа шалдықса, денсаулық сақтау саласының мамандары сол науқаспен бір апта бойы қарым-қатнаста болған 40 -тан 100-ге дейінгі адамдар тізбегін анықтауы тиіс. Және араласқан адамдарды уақытылы тауып оқшаулау аса маңызды. Мұнда шаралар нәтижелілігі 80 пайызды құрап отыр.

Алайда бұл қажырлы еңбекті талап ететін жұмыс. COVID-19 дертіне шалдыққан және онысы расталған науқастарды бақылап отырған Еуропалық орталықтың мәліметі бойынша, әрбір науқасқа орта есеппен медицина қызметкерлерінің 100 сағатқа жуық қызметі керек. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің вирусты жұқтыру қаупі қарапайым халыққа қарағанда бірнеше есеге жоғары.

СОЛ СЕБЕПТІ МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ВИРУСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ МЕЙЛІНШЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ЖӨН. Бұл орайда халық арасында ауызбірішілік пен қатаң тәртіп аса маңызды.

Бүгінгі күні барлық Қазақстандықтардан не талап етіледі? Бірінші кезекте, қауіпсіздік жөніндегі барлық талаптарды бұлжытпай орындау.

Нұсқаулар еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің мессенджерлері арқылы белсенді түрде таратылуда. Әрі басылымдар мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарында да ақпарат кеңінен жария етілуде. Дерттің алдын алуға бағытталған іс шараларды орындауларыңызды сұраймыз.

Көрші мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, эпидемияның бастапқы кезінде алдын алу шараларын жүргізу айтарлықтай нәтиже береді. Әсіресе, бірінші күннен бастап сақтық шараларын күшейтіп, адамдардың тығыз қарым-қатнасын азайтқан жөн. Мұндай тәсілді эпидемиологтар әлеуметтік дистанциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деп біледі. Бүгінде Қазақстанда мектептер жабылып, халық көп шоғырланатын орындарға баруға тыйым салынған. Мұндай шара вирус жұқтыру көрсеткішін төмендетуге септеседі.

Егер мұндай шаралар да әсер етпесе, жаңдай ушығып Қытай мен Италия мемлекеттерінің сценариі бойынша дамуы мүмкін. Яғни халықты карантинге жабу.

Біздің елде барлық әс әрекеттер жасалып, ондай ушығуға жол берілмейді деп ойлаймын !


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.