Жүктелуде...
 

Электронды темекі зиян ба?

Жарнамалық бейне роликтерде электронды темекі адамның шылым шегуін тоқтатуға көмектеседі деп түсіндіріледі, дегенмен, кейбір ғылыми зерттеулер бұл тезистің дұрыстығына күмәнмен қаратады. Электронды шылымдар қарапайым темекіге ұқсап келеді, оларды кәдімгі қаламға да ұқсатуға болады. Аталмыш құрылғы батареялармен жұмыс істейді және ішінде арнайы жылытқыш орнатылған, сонымен қатар никотин мен басқа да химиялық заттардан тұратын картридж бар, электронды темекі жанғыш химикаттарды адамның жұтуы үшін буға айналдыратын бүріккішпен жабдықталған.

Электронды темекі зиян ба?

translator сәрсенбі тамыз 22, 2019


13 08 2019

Жарнамалық бейне роликтерде электронды темекі адамның шылым шегуін тоқтатуға көмектеседі деп түсіндіріледі, дегенмен, кейбір ғылыми зерттеулер бұл тезистің дұрыстығына күмәнмен қаратады. Электронды шылымдар қарапайым темекіге ұқсап келеді, оларды кәдімгі қаламға да ұқсатуға болады. Аталмыш құрылғы батареялармен жұмыс істейді және ішінде арнайы жылытқыш орнатылған, сонымен қатар никотин мен басқа да химиялық заттардан тұратын картридж бар, электронды темекі жанғыш химикаттарды адамның жұтуы үшін буға айналдыратын бүріккішпен жабдықталған. Электронды темекі никотин, су және пропиленгликольдің ерітіндісін буландырады. Пропиленгликоль никотиннің суда еруіне көмектеседі.

Неліктен кейбіреулер электронды темекіні шегеді? Кәдімгі темекінің құрамында никотин бар, темекі шегетін адамдар оған үйреніп қалады. Темекінің құрамында шайыр болады, ол ішке түсіп, рак ауруына әкелуі мүмкін. Электрондық темекіні дұрыс көретіндер, бұл құрылғы адамның денсаулығына еш кері әсерін тигізбейді деп ойлайды. Ал, негізінде, электронды темекі шегушілер никотинді, суды және пропиленгликольдің бәрін бірге жұтады. Енді қараңыз, мысалы, никотин бұрын темекі шеккен кейбіреулердің ынтасын қайта оятуы мүмкін. Алайда, айта кету керек, электронды темекіні тұтынушылар гель, көміртек тотығы және темекі түтінінің құрамында болатын басқа да мыңдаған зиянды заттарды жұтпайды. Сондықтан электронды темекі шегетіндер рак ауруынан аса қатты қауіптене бермейді. Электрондық темекіні жақтаушылар бұған сенеді.

Алданбаңыз! Электрондық темекіден сақтанудың көптеген себептері бар. Біріншіден, сіз әр түйіршіктен алған никотиннің дозасы айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Никотин - көптеген органдардың жұмысын қоздырады, ал никотиннің үлкен дозасы жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін. Әрине, қазіргі уақытта электронды темекінің жүрек ырғағының бұзғандығы жайында нақты дәлелдер жоқ – дегенмен, бұл электронды темекі шегудің қауіпсіздігі турасында, сапалы зерттеулер жүргізілмегендіктен.

Екіншіден, электронды темекінің құрамында химиялық заттар болады. Бұл заттарға: жоғары уытты зат болып табылатын диэтиленгликол; формальдегид - қуатты канцероген; адам ағзасына зиян келтіретін кем дегенде тағы 4 зат бар. Электронды темекінің қатерлі ісік ауруының қаупін кәдімгі шылыммен бірдей деңгейде жоғарылататындығы туралы ешқандай дәлел жоқ, бірақ бұл да өнім жайында ұзақ мерзімді зерттеу жүргізілмегендіктен.

Үшіншіден, электронды темекілер темекі шегу процесін модельдеу үшін арнайы жасалған. Осыған байланысты бұрынғы темекі шегуші, керісінше, тәуелділікті қайта қалауы мүмкін. Сондай-ақ, электронды темекі әлі темекіге тәуелді емес жастардың әдеттегі темекі шегуді бастауы үшін алғашқы қадам болуы мүмкін. Егер ғылыми әлемде осы өнімнің қауіптілігі немесе қауіпсіздігі туралы тікелей, дәйекті дәлелдер болмаса, тұтынушылар өте сақ болулары керек.

Никотиндік пластырь. Егер сіз бұрын шылым шеккен болсаңыз, онда никотинді алуға болатын басқа да әдістерді қолданып көріңіз. Мұндай өнімдерге: пластырь, арнайы сағыздар, ингаляторлар және мұрынға арналған спрейлер жатады. Бұл өнімдер темекіге қайта әуестенгеннен гөрі жақсырақ және электронды темекіге қарағанда егжей-тегжейлі зерттелген.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.