Жүктелуде...
 

Біз неге шаршаймыз және шаршамас үшін не істеген жөн

Кез келген адамда шаршау сезімі болады. Кейде ондай сезімдер ауыр жұмыс күндерінде, түнгі телебағдарламаларды көргенде, әлеуметтік желілерде ұзақ отырғанда немесе достармен ұзақ уақытқа созылған отырыстардан орын алып жатады.

Біз неге шаршаймыз және шаршамас үшін не істеген жөн

translator жұма қаңтар 11, 2019


3 ші мақалаға

Кез келген адамда шаршау сезімі болады. Кейде ондай сезімдер ауыр жұмыс күндерінде, түнгі телебағдарламаларды көргенде, әлеуметтік желілерде ұзақ отырғанда немесе достармен ұзақ уақытқа созылған отырыстардан орын алып жатады.

Бірақ одан бөлек, адамда түсініксіз дел-сал күйлер мен ылғи арылмайтын шаршау сезімдері де болып тұратын жағдайлар кездеседі. Статистика бойынша, ондай адамдар, әйелдер ішінде 15 пайыз, ал ерлер ішінде 10 пайыз кездесіп жатады екен.

Ендеше тұрақты шаршаудың себебі не? Бұл жағдайды қалай оңтайландырамыз?

1. Ұйқының нашарлауы

Ұйқының қанықпауы – шаршау немесе қалжыраудың негізгі себебі болып табылады.

18 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар өздерін сергек әрі тың сезіну үшін күніне 7-8 сағат ұйықтауы керек. Егер сіз аз ұйықтайтын болсаңыз, онда жұмысқа қабілеттілігіңіз төмендеп, келеңсіз жайттарға да ұрынып қалуыңыз әбден мүмкін. Соныме қатар, бұл сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізіп, жүрек-қан тамырлары жүйесінің салмақты ауруларына әкеп соқтыруы да ғажап емес.

Егер сіз қандай да бір себеппен 7-8 сағат бойы ұйықтай алмасаңыз, онда ұйқы режимін дұрыстау үшін біздің кеңестерді қолданып көріңіз.

• Ылғи бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұрып көріңіз. Осы кестені тіпті демалыс және мереке күндерінде де бұзбаңыз.
• Күндіз ұйықтамаңыз. Бізге денсаулығымыз үшін тәулігіне 7-8 сағаттан артық ұйқының қажеті шамалы. Мезгілсіз ұйқы қажетті түнгі ұйқыны қысқартып жібереді. Ондай жағдайда, сіздің ұйқы сегменттеріңізді тұрақтандыру қиынға соғады.
• Егер сіз бір нәрсеге алаңдасаңыз немесе алаңдаушылықтың әсерінен ұйықтай алмасаңыз, төсегіңізден тұрыңыз да ұйқыңыз келгенше қараңғы бөлмеде отырыңыз.
• Темекіден, алкогольден және кофеиннен аулақ болыңыз. Жатар алдында темекі шекпеуге және ішімдік ішпеуге тырысыңыз, себебі бұл заттар ұйқының сегменттелуіне себеп болады. Күні бойы Кофеинді сусындарды күндіз пайдаланыңыз, есіңізде болсын, кофеин өз әсерін бірнеше сағат бойы ғана сақтай алады.
• Егер сіз ұйықтауға байланысты барлық әдеттерді дұрыс қалыптастырсаңыз да ұйықтап тұрғаннан кейін шаршау сезімін сезінсеңіз, онда дәрігермен кеңескеніңіз жөн, себебі ол медициналық проблемалармен байланысты болуы да ғажап емес. Мысалы, ұйқысыздық ауруына шалдығуыңыз мүмкін немесе «мазасыз аяқ синдромы» деп аталатын ауруға тап болып қалуыңыз мүмкін.

2. Мардымсыз тамақтану

Шаршау мен қалжырауды ретке келтірудің ең қарапайым жолдарының бірі - тамақ рационын жақсарту болып табылады. Егер ол салауатты тамақтану құрамымен теңдестірілген болса, онда сіз өзіңізді кәдімгідей жақсы сезінетін боласыз.

• Ақуызды қажетті деңгейде пайдаланыңыз. Егер де сіз өзіңіздің жасыңызға, жынысыңызға, салмағыңызға сай қажетті мөлшерде тамақтанбасаңыз белгілі бір деңгейде әлсіздікті сезінесіз.
• Тағамның бір бөлігін жеміс-жидек пен көкөніспен толтырыңыз. Әрбір тамақ кезінде көкөністер мен жемістерді жеуге тырысыңыз.
• Сіз қолданатын рационда жарылмаған дән, аршылмаған күріш, сұлы тәрізді дәндер болуы керек.
• Құрамында майы аз немесе майы алынған сүт өнімдерін пайдаланыңыз. Бұлар сіз тұтынатын калория санын шектеуге көмектеседі.
• Қантқа мойын бұрмаңыз. Тәттілердің энергияны тез жойып, шаршау сезімдерін жылдамдататыны түсінікті шығар. Құрамында қант мөлшері өте жоғары тағамдар мен сусындардан аулақ болыңыз.
• Таңғы асты тастамаңыз, әйтпесе сіз өзіңіз үшін маңызды болып табылатын, күні бойы пайдаланатын энергия мен заттекті жеткілікті қабылдай алмай қалуыңыз мүмкін.

3. Отыруға негізделен өмір салты

Сіз шаршаған кезде, өзіңізге барынша жоғары релаксация алу үшін ыңғайлы креслоларға жайғасқыңыз келеді. Алайда, сіз сәл көбірек қозғалыс жасауға бет бұрсаңыз одан да зор әсерге ие боуыңыз да ғажап емес.

Зерттеулерге сүйенсек, 20 минуттық дене белсенділігі сіздің энергияңыздың деңгейін айтарлықтай арттыратын көрінеді. Дәрігерлер ересек адамдарға спорттық жаттығулармен кемінде екі жарым сағаттай айналысуға кеңес береді.

Жүктемені біртіндеп ұлғайту керек. Алғашқыда күнделікті 15 минут жаяу жүруді бастаңыз, содан кейін қарқынды күшейтіп, аптасына бес күн 30-40 минутқа дейін арттырыңыз. Жеңіл жүгіру, жүгіру жолы, суда жүзу, су аэробикасы және велосипедпен сағатына 15 километр жылдамдықпен жүгіру жеңіл шаршауды жеңуге көмектеседі.

4. Созылмалы күйзеліс

Өмірдегі сан түрлі соқпақтар, ауыр жұмыс немесе сабақ, қарым-қатынастағы қиындықтар, қаржылық мәселелер, отбасылық проблемалар, сондай-ақ тым ауыр жұмыстар физикалық және эмоционалдық шаршауды соқтыратын және ауруға шалдығуға себеп болатын шамадан тыс созылмалы күйзелісті тудыруы мүмкін.

Ондайға ұрынбау үшін мынадай кеңестерді пайдаланып көріңіз:

• Стрестің көзін анықтап, оны болдырмаудың жолын табуға тырысыңыз;
• Қайғы-қасіретке душар ететін немесе теріс эмоциялар тудыратын адамдардан аулақ болуға тырысыңыз;
• Мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалап, жоқ деп айтуды үйреніңіз. Әр нәрсені өзіңізге тым жақын қабылдай бермеңіз;
• Өзіңіз өзгерте алмайтын нәрсені мойындаңыз және кешіруді үйреніңіз.

5. Медициналық жағдайлар

Егер сіз физикалық жаттығуларды қалыпты орындап, салауатты өмір салтын ұстансаңыз, диетаны дұрыс ұстасаңыз, ұйқыңызды қалыпқа келтірсеңіз, сондай-ақ күйзелісті жеңе алсаңыз, және онымен қоймай әлі де өзіңізді шаршаңқы сезінуден арылта алмасаңыз, онда дәрігердің кеңесіне жүгініңіз, себебі, дәрігер ғана сіздің медициналық жағдайыңызды нақты анықтап бере алады. Мүмкін сізге арнайы тексеру немесе емдеу қажет шығар.

Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.


Тегтер:
Денсаулық
Медицина