Жүктелуде...
 

Ғалымдар пікірі: Жалғыздық - психологиялық проблемаларға әкеліп соғуы мүмкін

Жалғыз өмір сүретін адамдар жасына немесе жынысына қарамастан психикалық бұзылуларға ұшырап жатады. Бұл пікірді Версаль Сен-Кантен-ан-Ивелин университетінің француз ғалымдары жасаған, деп хабарлайды Science Daily PLOS ONE журналына сілтеме жасай отырып.

Ғалымдар пікірі: Жалғыздық - психологиялық проблемаларға әкеліп соғуы мүмкін

translator Сәрсенбі мамыр 22, 2019


жалғыздық

Жалғыз өмір сүретін адамдар жасына немесе жынысына қарамастан психикалық бұзылуларға ұшырап жатады. Бұл пікірді Версаль Сен-Кантен-ан-Ивелин университетінің француз ғалымдары жасаған, деп хабарлайды Science Daily PLOS ONE журналына сілтеме жасай отырып.

Соңғы жылдары дүние жүзі бойынша халық арасында кәрілер санының артуы, некелесу жиілігінің азаюы және бала туудың төмендеуі сияқты факторларға жалғыз өмір сүретін адамдардың көбеюі келіп қосылды. Бұрынғы зерттеулерде, адамдардың қартайғандықтан жалғыз қалып, психикалық жағынан нашарлауы секілді жайттар тіркелетін. Жаңа ғылыми мәліметтер бойынша, жастар арасында да осындай жайттар орын алып жатыр.

Ғалымдар 1993, 2000, 2007 жылдары ұлттық психикалық денсаулық зерттеулеріне қатысқан 16 жастан 64 жасқа дейінгі Ұлыбританиядағы 20 500 адамнан алынған ақпаратты пайдаланды. Психиатриялық аурудың деңгейі туралы қорытындылар сауалнаманың нәтижелеріне негізделді, оған қатысушылар өздерінің белгілі бір уақыт кезеңінде байқаған қандай да бір невротикалық белгілерін атап өтуді сұрады. Әлеуметтік ерекшеліктер туралы ақпаратқа қоса, артық салмақ, темекі шегу, алкогольге тәуелділік, есірткіні пайдалану және әлеуметтік қолдаудың жоқтығы немесе болмауы сияқты факторлар ескерілді.

Зерттеулер бойынша, 1993, 2000 және 2007 жылдары жалғыз тұратын адамдар 8,8%, 9,8% және 10,7% құраған. Олардың арасында жалпы психикалық бұзылулар 14,1%, 16,3% және 16,4% деңгейінде анықталған. Ғалымдардың айтуынша, ересек адамдардың басым бөлігі зейнеткерлер, ерлер мен жасына, жынысына қарамастан жұмыссыздар тіркелген. Әртүрлі кіші топтарда тұратын жалғызбастылар психикалық бұзылулардың даму қаупі 1,39-2,43 есе артқан. Жалпы бұл көрсеткіш 84% -ды құраған.

«Біздің талдауымыздың нәтижесі бойынша психикалық бұзылулардың пайда болу қаупі қалыптасқан бірыңғай өмір салтына тікелей байланысты деп қорытынды жасауға болады», - деп атап көрсетті зерттеудің жетекшісі Луи Жакоб.

Ғалымдардың пікірінше, арнайы бағдарламалар жасалып, әлеуметтік жағынан оқшауланған адамдарға уақытылы көмек көрсетілсе және психикалық жағынан қолдау берілсе мұндай проблемаларды болдырмауға мүмкіндік туады дейді. Сонда ғана халық арасындағы осал топтарының өмір сүру сапасы жақсартын көрінеді.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.



Тілді таңдау