Жүктелуде...
 

Көгерген азық-түлік несімен қауіпті

Адамдардың көпшілігі азық-түліктерді артығымен алып қойғанды ұнатады. Әдетте, күн сайын дүкенге бара бермеу үшін бір аптаға жететін заттарды алады. Және көбінесе, алған азықтарының жартысы біраз уақыттан кейін бұзыла бастайды, көгеріп жатады, содан соң оларды амалдың жоғынан тастауға тұра келеді. Әдетте бұндай жағдай +20 +30 градус температурада жылы және дымқыл жерде сақталған кезде орын алады. Көгерген азықтың түрі бұзылып, жағымсыз иісі шығады және ол айналасына тез таралады. Оның зияны да жоқ емес.

Көгерген азық-түлік несімен қауіпті

translator дүйсенбі наурыз 18, 2019


Plesen Na Produktah1

Адамдардың көпшілігі азық-түліктерді артығымен алып қойғанды ұнатады. Әдетте, күн сайын дүкенге бара бермеу үшін бір аптаға жететін заттарды алады. Және көбінесе, алған азықтарының жартысы біраз уақыттан кейін бұзыла бастайды, көгеріп жатады, содан соң оларды амалдың жоғынан тастауға тұра келеді. Әдетте бұндай жағдай +20 +30 градус температурада жылы және дымқыл жерде сақталған кезде орын алады. Көгерген азықтың түрі бұзылып, жағымсыз иісі шығады және ол айналасына тез таралады. Оның зияны да жоқ емес.

Көгеру - бұл микроскопиялық саңрауқұлақтар, олар органикалық денені жауып тұрады және азық-түліктің бұзылуын тездетеді. Көгерген азық-түлікті ылғи пайдаланған жағдайда, бүйрек және бауыр ауруларының, респираторлық және асқазан-ішек ауруларының, сондай-ақ аллергияның даму қаупі бар.

Көгерген саңырауқұлақтарының кейбір түрлері канцерогенді болып табылатын микотоксиндерді шығарады. Адам ағзасына микотоксиндер бір рет түсіп кетсе онкологиялық ауруларды дамытады. Көгеру спораларынан лейкемия пайда болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Нью-Джерсидегі Ратгетр университеті мен Джорджиядағы Эмори университетінің америкалық ғалымдардың зерттеулері бір ауыздан көгерудің Паркинсон ауруының пайда болуына себеп болуы мүмкін екенін дәлелдеген. Көгерген саңырауқұлақтардан өндірілетін 1-octen-3-оl деп аталатын байланыс, ғалымдар атап кеткен «саңырауқұлақ алкоголі» жүйке жасушаларын түзетін және миға сигналдар жеткізетін химиялық байланыс – допаминді тасымалдау мен сақтауға жауап беретін екі гендердің бұзылыстарын туғызады. Дофамин түзетін жасушалар жойылған кезде, оның салдарынан адам миының кейбір бөліктерінде ауытқу пайда болады, ал одан Паркинсон ауруының симптомдары туындайды. Ғалымдардың айтуынша, ауылдық жерлерде тұратын адамдар көбінесе ми ауруларынан зардап шегеді, өйткені олар бактериялық саңырауқұлақтармен жиі байланысады.

Көгерген зат улы әрі қауіпті, сол үшін кілегей, йогурт, қатық, шырынды көкөністер мен жемістер, сусындар мен компоттар, ет пен етті өнімдер, нан өнімдерінен көгеруді байқасаңыз, оларды ойланбастан пайдаланудан бас тартыңыз. Көгерген жерін кесіп алудың да қажеті жоқ, одан да денсаулығыңызды ойласаңыз бәрін біртен тастай салыңыз. Мысалы, бір шоқ жүзімнің 2-3-уі бұзылған болса, бәрін лақтырып тастау керек. Көгерген жержаңғақ өте қауіпті – онда қатерлі ісік туғызатын улы заттардың концентрациясы өте жоғары. Сондай-ақ, жаңғақтардың және кептірілген жемістердің басқа түрлерінен мұқият болыңыз, олар қара болып, ашты дәм шығарады. Оларды тұтынуға болмайды. Мұндай тамақ өнімдеріндегі ащы агенттер көбінесе афлатоксиндерден туындайды, олар жоғары концентрацияларда өлімге ұшыратады.

Бірақ көгерген саңырауқұлақтың барлық түрлері денсаулыққа зиян келтірмейді. Дайындау үшін қауіпсіз пішінді қолданатын ірімшіктер мен шұжықтардың арнайы түрлері бар, бірақ олардың орамаларында сілтемелер көрсетілуі керек. Кәдімгі ірімшік, шұжық немесе салястың таяқшасында ақ пішінді қалыптасқандар салыстырмалы түрде зиянсыз деп санайды. Оны жай ғана аздап пайдалану керек. Бірақ, егер зең сұр немесе жасыл реңкте болса, және өнімнің өзі одан кейін, жағымсыз иісі мен ұстағанда жабысқақ болса онда ойланатын түгі жоқ, тастау керек.

Азық-түлікті көгеруден сақтау үшін мынадай қарапайым қағидаларды сақтасаңыз жеткілікті:

- Өнімдерді сатып алғанда, олардың өндірілген күніне және сақтау мерзімін қараңыз.
- Жаңа піскен көкөністерді және жемістерді, сүт, ет және нан-тоқаш өнімдерін сатып алыңыз және оны бірнеше күн ішінде пайдаланып бітіріңіз.
- Нан өнімдерін, дәмдеуіштерді және жаңғақтарды құрғақ, салқын жерде сақтаңыз. Жемістер мен көкөністер тоңазытқышта жақсы сақталады. Шырындар мен сусындардың қаптамалары ашылған болса тоңазытқышта сақталып, екі күн ішінде тұтынылуы керек.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.