Жүктелуде...
 

Коронавирус: қайдан пайда болды және ол қаншалықты қауіпті

Ең алдымен, вирустар дегеніміз не екендігі жайлы толықтай түсініктеме беріп өткен жөн деп есептеймін. Жалпы вирустар планетамызда шамамен 4 млрд жылдай өмір сүріп келеді. Олар бактериялар мен саңырауқұлақтар сияқты микроорганизмдер болып табылады.

Коронавирус: қайдан пайда болды және ол қаншалықты қауіпті

translator жұма сәуір 3, 2020


Anamed.kz (1)

Ең алдымен, вирустар дегеніміз не екендігі жайлы толықтай түсініктеме беріп өткен жөн деп есептеймін. Жалпы вирустар планетамызда шамамен 4 млрд жылдай өмір сүріп келеді. Олар бактериялар мен саңырауқұлақтар сияқты микроорганизмдер болып табылады. Дегенмен, вирустардың мөлшері әлдеқайда кішкентай.

Вирустардың ортадағы тіршілігі өміршең, тез бейімді болып келеді. Өйткені, олар басқа ағзалардың – адамның, жануарлардың, өсімдіктердің және тіпті бактериялардың ресурстарын пайдалана отырып, көбейеді.

Яғни вирустар паразиттер болып табылады. Сондай-ақ, латын тілінен вирус дегеніміз у дегенді білдіреді.

Коронавирустар – осындай микроорганизмдердің бірі ғана. Бұл 300-ден астам түрден тұратын вирустардың кең тобы.

Коронавирустардың көпшілігі адамға зиянсыз келеді.

Оларды алғаш рет 1950 жылдары электрондық микроскопияның көмегімен анықтаған болатын. Сонда олардың бетіндегі көптеген өткір қармауыштарына қарап, бұл микроорганизмдер «коронавирустар» деген атқа ие болған еді.

Дәрігерлік қызметімде мен коронавирустық инфекцияны жұқтырғандарды кездестірген едім, көп жағдайда балаларда орын алып, бұл вирус жоғарғы тыныс алу жолдарының зиянсыз қабынуымен көрініс беретін.

Суық тию және жөтел ауруларының шамамен төрттен бір бөлігі осы микроорганизмдерден туындайды. Алайда соңғы уақытта адамдар өте қауіпті коронавирустарға тап болып жатыр. Олар әдетте жануарлар әлемінен келген «кірмелер».


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.