Жүктелуде...
 

Остеоартрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:42 - (183 Оқылымдар)

Бұл дегеніміз не? Остеоартрит – буындардың соғылуынан сақтайтын шеміршек уақыт өте бұзылатын жағдай. Түбінде, сүйек – бұрын шеміршекпен бөлінетін– бір біріне үйкеле бастайды, нәтижесінде, төменірек орналасқан сүйек тіннің бұзылуы орын алады, бұл буын симптомдарын туындатады. ревматоидтық артриттен айырмашылығы - остеоартрит тіндердің қабынуымен қосарланбайды.

Ортостатикалық коллапс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:35 - (154 Оқылымдар)

Ортостатикалық коллапс немесе ортостатикалық гипотензия – дене орналасуының көлденеңнен тік күйге күрт өзгеруінде алғашқы үш минутта болатын артериалдық қысымның (АҚ) төмендеуі.

Бұл жағдай артериалдық қысымның төмендеуі салдарынан миға қан келуінің жеткіліксіздігінен пайда болады. Көбінесе, ортостатикалық гипотензия тамыр ширақтығы әлсіреген адамдарда пайда болады.

Ортан жіліктің ұшының эпифизиолизі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:29 - (175 Оқылымдар)

Ортан жіліктің ұшының эпифизиолизі – ұршықбуынның ұшының өсудің жоғарғы аймағы деңгейіндегі ортанжіліктен бөлінуі.

Омыртқаның жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:27 - (140 Оқылымдар)

Омыртқаның жарақаты – сүйектің, байламдар мен омыртқа бағанының нервілерінің зақымдануы. Оған жұлынның – мидың түбінен арқа бойымен белге немесе сүйектерге баратын нервтің зақымдануы кіреді.

Омыртқаның жарақаты адамды қозғалу мүмкіндігінен немесе дененің тұстарын қимылдату қабілетінен айырады.

Әрекеті зақымдану тұсына және зақымданудың ауырлық дәрежесіне байланысты.

Омыртқа бағаны каналының стенозы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 17:18 - (171 Оқылымдар)

Омыртқа бағаны каналының стенозы – омыртқа бағаны каналының тарылуы, ол жұлынға қысым түсуі немесе омыртқалар арасындағы саңылаудың тарылуы салдарынан болады.

Омыртқа аралық дискінің жарығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:16 - (125 Оқылымдар)

Омыртқалардың арасында шағын, дөңгелек жалпақ дискілер болады. Осы дискілердің жарақаттан, қалыпты тозудан, немесе аурудан зақымдануында олар шығыңқы күйге түседі. Бұл жағдай омыртқа аралық дискінің жарығы аталады.

Омыртқа дискілері жас ұлғайған сайын – құрғақ, иілгіш және әлжуаз бола түседі. Жарақат пен ұзақ уақыт бойғы жүктеме дискінің сыртқы жабындысында кішкентай саңылау болуын үдетеді.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 17:03 - (308 Оқылымдар)

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – өкпенің ең жиі кездесетін ауруы, ол тыныс алу жолдарына ауа ағынының келуінің қайтымсыз ішінара шектелуімен сипатталады, және тыныс алудың қиындауымен қосарланады.

Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс алу жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үлестері аталатын үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Демді ішке тарту кезінде өкпе оттегіге толады, оттегі жасушалар мен тіндерге негізгі қызметін орындау үшін қажет. Дем шығару кезінде өкпе көмір қышқыл газын сыртқа шығарады, ол организмдегі заттек алмасуының өнімдері.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының адам организміне келтіретін зияны - қайтымсыз. Оның екі түрі бар: эмфизема және созылмалы бронхит, бұл тыныс алу жеткіліксіздігінің аса кең таралған себептері.

Созылмалы бронхит – бронхылардың (негізгі тыныс алу жолдарының) қабынуы, ол ұзақ уақыт бойы қақырықты жөтелмен, тыныс алудың қиындауымен, ентігумен және шаршаумен қосарланады. Ауру вирустық респираторлық инфeкция саналады.

Өкпенің қабынуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 16:46 - (345 Оқылымдар)

Пневмония немесе өкпенің қабынуы – өкпенің инфекциялық ауруы.

Пневмония кезіндегі өлім-жітім 1-9% жетеді (100 адамнан пневмониядан 1-9 адамға дейін өлім-жітімге ұшырайды). Мұндай жоғары пайыз негізінен, медициналық көмекті уақытылы алмауына байланысты, сондай-ақ, басқа ауыр аурулар кезінде пневмонияның дамуымен байланысты.

Өкпенің ішінара коллапсы - пневмоторакс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 16:38 - (188 Оқылымдар)

Өкпенің ішінара коллапсы - пневмоторакс – өкпенің плевралық қуысында ауаның немесе газдың жиналуы (оттегі, көмір қышқыл газы). Ауаның мұндай жиналуы өкпеге қысым түсіруге апарады, нәтижесінде ағза тыныс алған кезде қалыпты жағдайда болатындай кеңейе алмайды.

Өкпе – кеуде қуысында орналасқан жұп ағза. Өкпе тыныс алғанда енетін ауадан оттегіні алып, қанға жеткізеді. Өкпенің маңайында плевра қуысы аталатын өте жұқа кеңістік бар. Плевра қуысы – өкпенің сыртқы бетінің және кеуде қуысының ішкі бетінің арасындағы кеңістік. Әдетте, бұл өте жұқа қуыстар, оларда сұйықтықтың аздаған мөлшері бар.

Өкпенің ішінара коллапсы - Пневмоторакc

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 16:25 - (135 Оқылымдар)

Өкпенің ішінара коллапсы - пневмоторакс – өкпенің плевралық қуысында ауаның немесе газдың жиналуы (оттегі, көмір қышқыл газы). Ауаның мұндай жиналуы өкпеге қысым түсіруге апарады, нәтижесінде ағза тыныс алған кезде қалыпты жағдайда болатындай кеңейе алмайды.

Өкпе – кеуде қуысында орналасқан жұп ағза. Өкпе тыныс алғанда енетін ауадан оттегіні алып, қанға жеткізеді. Өкпенің маңайында плевра қуысы аталатын өте жұқа кеңістік бар. Плевра қуысы – өкпенің сыртқы бетінің және кеуде қуысының ішкі бетінің арасындағы кеңістік. Әдетте, бұл өте жұқа қуыстар, оларда сұйықтықтың аздаған мөлшері бар.

Тілді таңдау