Жүктелуде...
 

Биттер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 06:01 - (128 Оқылымдар)

Биттер - басқа адамдармен тығыз қатынас арқылы жұғатын кішкентай жәндіктер (Pediculushumanuscorporis).

Биттердің екі түрі бар: бастағы және қасағадағы биттер.

Білезік канал синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 05:52 - (116 Оқылымдар)

Білезік канал синдромы білезіктің ортаңғы нервісісінің қысуынан болатын ауру. Симптомдары – саусақтардың, білезіктің шаншуы, ұйып қалуы, әлсіздігі немесе аурсынуы.

Жүктілік кезінде, гипотиреозда, диабетте, артритте,семіздікте қосарланған ауру ретінде білезік канал синдромы дамуы мүмкін. Дұрыс емес немесе ұзақ уақыт бойы білезік буынының қозғалысынан ортаңғы нерв қысылып, ісік пайда болуы немесе білізік каналы ішілік, білізік каналы маңындағы тіндердің қалыңдауына әкелуі мүмкін. Білезік канал синдромына шалдығатын ең жиі науқастар бұрын соңды білезік буынынан жарақат (әсіресе санықтар) алғандар болып табылады.

Бет нервісінің салдануы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 05:41 - (171 Оқылымдар)

Беттің бір жағындағы бірнеше немесе барлық мимикалық бұлшық еттердің қимыл қызметінің бұзылысы орын алғанда бет нервісінің салдануы (параличі) туралы айтылады.

Бел-сегізkөз радикулитінің

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-16 08:52 - (436 Оқылымдар)

Бел – бұл сүйектерден, бұлшық еттерден және байламдардан тұратын құрылым. Бел дененің жоғарғы және төменгі бөлігін қосатындықтан, ауыр заттарды көтергенде, бір нәрсеге қол созғанда немесе омыртқа бұратылғанда ол жарақаттарға аса бейім. Беліміз ауырсыну пайда болғанда, арқаның икемділігіне, күштілігіне тәуелді екендігімізді түсінеміз. Белімізде ауырсыну пайда болғанға дейін көпшілігіміз арқаның және іштің бұлшық еттерінің ширақтығын сақтаудың маңыздылығы туралы ойланбаймыз.

Барлық адамдардың 85% жуығы белінде ауырсыну сезінген. Көбінесе, белдің ауырсынуы бұлшық еттердің шамадан тыс ширығуының және омыртқа бағанын қолдап тұратын бұлшық еттер мен байламдардың жарақаттарының салдарынан туындайды. Сирек түрде белдің ауырсынуы ауруларға немесе омыртқа бағанының деформациясына байланысты да болады.

Байламдарды созып алудағы алғашқы жәрдем

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 08:46 - (131 Оқылымдар)

Байламдар – қатты, эластикалық құрылымдар, сүйекті өзара қосып, олар буынды орнында ұстайды. Созып алу– байламдардың жарақаты, оның талшықтарының жарылуынан туындайды. Байламдардың жарылуы ішінара немесе толық болады.

Байламдардың созылуы тобық пен тізенің аумағында жиі пайда болады. Созылған байламдар тез ісінеді және ауырсынатын болады. Әдетте, ауырсыну мен ісіну күштірек болса, жарақат та ауыр болады. Көпшілік жағдайда аздаған созылуда жарақатты өздігінше емдеуге болады.

Бауыр циррозы және портальдық гипертензия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 08:39 - (201 Оқылымдар)

Циррозға шалдыққан адамдарда бауыр жасушалары зақымданады және өздігінше қалпына келу қабілетін жоғалтады. Бауыр жасушалары тіршілігін жойғанда тыртық тіні қалыптасады. Тыртық тіні аса ұлғайғанда бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады.

Әдетте, улы заттектер мен алмасу өнімдері бауыр арқылы өткенде сүзгіленеді. Себебі, тыртық тіні аса ұлғайғанда бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады, қан сүзгіленбейтін болады. Улы заттектер және алмасу өнімдері организмде жинақталады. Ауыр жағдайларда цирроз комаға және өлім-жітімге апарады.

Бастың сақина ауруы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-16 08:20 - (163 Оқылымдар)

Бастың сақина ауруы бас ауруының жиі кездесетін түрі, жүpек айнуы, құсу немесе жарыққа сезімталдық секілді симптомдармен қосарланады. Адамдардың көпшілігінде бастың бір жағында болатын, солқылдаумен қосарланатын ауырсыну сезіледі.

Сақинасы бар кейбір адамдарда бас ауруының пайда болуына дейін «аура» аталатын белгі беретіндей симптомдар болады. Аура – бас ауруының пайда болуы жайлы белгі беретін симптомдар тобы, көру бұзылыстарын қоса.

Бас ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 08:13 - (122 Оқылымдар)

Бастың немесе мойынның аумағындағы жайсыздықты бас ауруы деп атайды. Бас ауруының себебі, көбінесе, күрделі емес. Күнделікті өмір салтын өзгертіп, түрлі релаксация әдістерін үйреніп немесе дәрі препараттарын қабылдап, бас ауруына шалдыққан адамдардың көпшілігі өзін жақсы сезінеді.

Балардағы ішек инфекцияларын емдеу

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 07:57 - (128 Оқылымдар)

Іштің өтуін туындататын вирустық жұқпалардың көпшілігі әдетте, емдеусіз де жойылады. Үйде болып, сусыздануды болдырмас үшін сұйықтықты көбірек ішу қажет. Балада организмнің сусыздануы дамыса, ауруханаға жатқызып,іш өтуінен, құсу мен қызбада жоғалтқан сұйықтықты толықтыру үшін оны тамыр арқылы енгізу қажет болуы мүмкін.

Дәрігерге көрінгенде, баланың нәжісіне талдау жасау қажет, бұл инфекцияның түрін анықтау үшін қажет. Дәрілік препараттарды қабылдау қажеттілігі аурудың себебіне байланысты. Егер балада паразиттік инфекция болса, дәрігер паразиттерге қарсы препараттарды тағайындайды. Вирустардан және бактериялардың көптеген түрлерінен болған ішек инфекциялары емдеуге мұқтаж емес. Бірақ, иммундық жүйесі әлсіз адамдарға инфекцияны организмге таратпас үшін антибиотик тағайындалуы мүмкін.