Жүктелуде...
 

Жүрек ұстамасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 10:57 - (1488 Оқылымдар)

Жүрек ұстамасы ( миокард инфаркті ) жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен және қан ағымының төмендеуінен (ишемия) және бұлшық еттің осы бөлігінің беріштенуінен (жойылуы) пайда болады.

Жүрек бұлшық етінің беріштенуі - миокард инфаркты, ал бірінші сағатта ұстамадан болған өлім-жітім – кенеттен жүректен болған немесе коронарлық өлім-жітім аталады.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 10:54 - (776 Оқылымдар)

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде жүрек организмнің қажеттіліктерін өтеу үшін қанды толық көлемде айдай алмайды. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің дамуы жүректің тоқтап қалуын немесе енді тоқтап қалу мүмкіндігін білдірмейді. Бұл дегеніміз – жүрек қажеттілікке сай қанды айдай алмайтындығын білдіреді. Бұл кезде жүректің бір және екі жағы да зақымдануы мүмкін.

Жедел бронхит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 10:32 - (181 Оқылымдар)

Жедел бронхит – дегеніміз тыныс алу жолдарының қабыну және ісіну үрдісімен жүретін ауру. Қабыну үрдісі әсерінен тыныс алу жолдарның саңылауы тарылып, тыныс алу қиындап, тағы басқа симптомдармен көрінеді, соның ішінде бірден – бірі жөтел. Жедел терминін қолдануға сәйкес, бұл ауруда симптомдар аз уақытқа сақталады.

Жатыр мойнының дисплазиясы (эрозиясы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 10:13 - (319 Оқылымдар)

Жатыр мойнының дисплазиясы жатыр мойны бетіндегі жасушалардағы ауытқулы өзгерістермен сипатталады. Жатыр мойны – жатырдың қынаппен жалғасатын төменгі бөлігі.

Ауытқулы өзгерістер – қатерлі ісік емес. Бірақ, емделмеген жағдайда жатыр мойнының қатерлі ісігіне апаруы мүмкін.

Жатыр ішілік ұрықтануға қарсы құралдар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 10:03 - (193 Оқылымдар)

Жатыр ішілік ұрықтануға қарсы құрал (ВМС) – Т-тәрізді шағын пластик құрал, жүкті болуға қарсы қолданылатын құрал. Оны жатырдың ішіне орналастырады, ұдайы сонда болады.

Жалған подагра

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:56 - (145 Оқылымдар)

Жалған подагра – артриттің ұстамасы пайда болуымен сипатталатын буындардың ауруы. Подагра кезіндегідей, буында кристалдар түзіледі. Алайда, жалған подаграда кристалдар несеп қышқылынан түзілмейді.

Зеңдік инфекциялар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:51 - (137 Оқылымдар)

Микоздың немесе ашытқылық инфекцияның қоздырғышы – зеңдер. Зеңдер – қарапайым микроорганизмдер. Оның мысалдары – зеңдер мен көгеру зеңдері. Зеңдер ауада, топырақта, өсімдіктерде және суда тіршілік етеді. Кейбіреуі адам организмінде болады. Зеңдердің жартысына жуығы зиянды.

Вульвовагинит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:44 - (271 Оқылымдар)

Несеп шығару жолдарының инфекциялары
Вульвовагинит – вульваның және қынаптың қабынуы немесе инфекциясы.
Вульвовагинит әр жастағы әйелдерде пайда болуы мүмкін, ауру аса жиі кездеседі. Ол бактериялардың, ашытқылардың, вирустардың, парахиттер мен басқа микроорганизмдердің салдарынан туындайды. Кейбір жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) да вульвовагинитке апаруы мүмкін. Қоршаған ортаның факторлары, мысалы, нашар жеке гигиена және аллергендер де осы аурудың пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

Вульваның қатерлі ісігі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:40 - (128 Оқылымдар)

Вульваның қатерлі ісігі – сирек кездеседі. Ол вульва (сарпай) аталатын әйелдердің сыртқы жыныстық ағзасында пайда болады. Қатерлі ісік, әдетте, баяу, бірнеше жыл ішінде өседі. Алдымен, қатерлі ісік алды жасушалары вульваның терісінде өседі. Бұл вульваның интраэпителийлік неоплазиясы немесе дисплазиясы аталады. Интраэпителийлік неоплазия әрдайым қатерлі ісікке айнала бермеді, бірақ, оны ерте сатысында емдеу қажет.

Ұйқыдағы апноэ

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:29 - (164 Оқылымдар)

Ұйқыдағы апноэ – ұйқының күрделі бұзылысы. Бұл дертке шалдыққан науқастарда ұйқы кезінде 10-30 секундқа тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін. Түн ішінде 400 рет тыныс алудың осындай қысқа тоқтауы болуы мүмкін. Егер Сізде ұйқыдағы апноэ болса, тыныс алудың тоқтау кезеңдері ұйқыңызды бұзуы мүмкін (олардың салдарынан оянбайтын болсаңыз да).