Жүктелуде...
 

Тізе ұршығы мен жамбастың ауырсыну синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:38 - (137 Оқылымдар)

Бұл немене? Тізе ұршығы мен жамбастың ауырсыну синдромы - көбінесе жасөспірімде, механикалық өндініс орындарында жұмыс істейтін адамдарда және атлеттерде кездесетін жағдай. Ол тізенің алдыңғы жағының ауруымен, қатты қысым болумен, жарақат алумен, артық салмақпен, тізедегі асық қате орнығып қалып немесе сол асықта қандай да бір өзгерістер болуымен сипатталады.

Бұлшық ет әлсіздігі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:34 - (136 Оқылымдар)

Сіз қалыпты диапазонды қозғалыс қабілетіңіз сақталып тұрса да, іштей ауырсынып, бұлшық ет әлсіздігін сезіне аласыз ба? Бұл жағдай бұлшық ет әлсіздігін білдіреді. Ол кезде сіз тым ширығып тұрссаңыз да мазасызданбайсыз, және сіздің қозғалыс қабілетіңіз қалыпты болып тұрады,сондай-ақ әлі де белсенді қозғалыстар жасай бересіз.

Ми қан айналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-08 05:33 - (146 Оқылымдар)

Ми қан айналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы – бұл мидың қан айналым аймағының уақытша бұзылуы деген сөз. Ол жақын арада ұстама (приступ) берудің белгісі болуы да ғажап емес.
Ишемикалық қан айналымының бұзылу салдарынан, қан қысымы төмендеп, жүpектің соғу ырғағы да өзгеріп, артерияда ұйыма пайда болады.

Көптеген миелома

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:32 - (771 Оқылымдар)

Көптеген миелома (плазматикалық жасушалардағы ісік) – бұл обыр (рак) ауруының сирек кездесетін түрі. Ми қабықшаларындағы ақ қан түйіршіктерінің (плазматикалық жасушалардың) көбейіп кеткендігінен болатын ауру. Обыр (рак) жасушалары қан жасушаларын сығып шығарып, соның салдарынан қандағы қызыл түйіршіктердің төмендеуіне әкеліп соғады (анемия).

Металл дәмі ауызда (Дисгевзия)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:31 - (121 Оқылымдар)

Ауызда немесе тісте металл дәмінің сезілуі инфекцияның әсерінен болуы мүмкін, терінің жағдайы, ауыз қуысының шырышты қабықтарына әсер етеді, сол сияқты қызыл жазық теміреткі немесе басқа да проблемалар сияқты Крон Ауруы.

Металл дәмі ауыздағы бар заттармен де сезілуі мүмкін. Медициналық шайналатын ауыз арқылы қабылдайтын дәрі-дәрмектер, тілдің ұшында уақытша металл дәмін тудыруы мүмкін. Металл элементтері бар, мысалы, флагил, тетрациклин, пенициламин, биаксин, этамбутол, бигуанидтер, аллопуринол сияқты басқа да препараттарды ауыз қуысы арқылы слекей секрециясымен немесе тікелей қанға енген кезде металл дәмі сезілуі мүмкін.

Меланома

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-07 11:41 - (135 Оқылымдар)

Меланома – қатерлі тері ісігі. Ол секілді меланоциттерден дамиды. Бұл ауру көбінесе (яғни 70%) бастапқыда кішігірім, залалсыз мең сияқты пайда болады.
Бұл ісік әйелдерде де, ерлерде де кездеседі, айта кетерлігі, әйелдерде 1,5-2 есе жиірек ұшырасады. Осы уақытқа дейін науқастардың орташа жас мөлшері 45 жас болатын, кейінгі жылдары қауіпті меланома 15-25 жас аралығындары жас өспірімдерді де мазалап жүр.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 11:39 - (123 Оқылымдар)

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) – жұқпаланған адаммен жыныстық қатынаста жұғатын аурулар.

Жыныстық герпес

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 11:33 - (186 Оқылымдар)

Герпес – ауырсынатын көпіршіктер мен ойық жараларды туындататын вирустар тобының атауы. Герпестің түрлерінің бірі (қарапайым герпес вирусы немесе ҚГВ) ауыз маңайындағы герпесті (ұшық) және жыныстық герпесті (жыныстық мүшелердің аумағындағы) туындатуға қабілетті. Құрсау герпесі – желшешекті және құрсау теміреткіні туындататын герпестің бір түрі.

Герпес вирусы әлемдегі миллиондаған адамда бар. Аурудың ушығуынан кейін басылатын кезеңі болады. Аурудың ушығуы кезінде жыныстық қатынаста презерватив қолдану немесе жыныстық қатынасқа түспеу арқылы науқас серіктесін жұқпаланудан сақтайды. Бұл жөнінде дәрігермен кеңесу шарт.

Жүйелі қызыл жегі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 11:22 - (217 Оқылымдар)

Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) аутоиммунды ауру болып табылады (төл иммундық жүйе қателесіп сау тіндерге шабуылдайды). Соның салдарынан тері, буын, бүйрек, ми сондай-ақ басқа да ағзалар зақымданады.
Бұл аутоиммунды аурудың негізі әлі толық игеріліп болмады.
ЖҚЖ ерлерден қарағанда, әйелдерде жиі кездеседі. Ол кез-келген жаста пайда болуы мүмкін, деседе, 10 жас пен 50 жастағылар арасында көптеп ұшырасып жатады. Басқа нәсілдерден қарағанда, азиялықтар бұл аурудан көп зардап шегіп жатады.
ЖҚЖ кейбір дәрілік препараттарды қолданғаннан да туындайтын көррінеді.

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-07 11:12 - (188 Оқылымдар)

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ) – жүректің бұлшық етінің жиырылу қабілеті төмендейтін жағдай, организмнің ағзаларына және тіндеріне оттегі мен қоректік заттектерді жүрек жеткілікті мөлшерде жеткізе алмайды.
Жүрек – конус тәрізді қуыс бұлшық етті ағза, қайталанатын ырғақты жиырылу арқылы қантамырларының бойымен қан ағынын қамтамасыз етеді.