Жүктелуде...
 

Буынның шығуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-21 04:36 - (2129 Оқылымдар)

Бұл не? Буынның шығуы – сүйектердің буындағы қалыпты орнынан қайырып немесе соғып қозғап жіберуінен туындайтын жағдай. Мұны кейде таю деп те атайды. Сүйектің таюы әртүрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Мысалы дәл буынға тиген соққыдан, құлап қалғаннан, немесе оқыс жасалған іс-қимылдардың себебінен сүйек өз орнынан қозғалып кетеді. Көбінесе сүйектің таюы тізе асығында, жамбас буынында, білезікте, саусақтардың буындарында, шынтақ және иық буындарында орын алуы мүмкін.

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-19 11:24 - (20770 Оқылымдар)

АИТВ деген не?
Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) адамның иммун жүйесіне шабуылдайды. Негізі қалыпты иммун жүйесі адамды түрлі аурулардан қорғап тұрады.

Адам папилломасының вирусы (АПВ) және жыныс мүшесіндегі сүйелдер (үшкір кондиломалар).

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-14 10:36 - (291 Оқылымдар)

Адам папилломасының вирусы (АПВ) – бұл сүйелдердің пайда болуына ықпал ететін кең таралған вирустар тобы. АПВ-ның жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30-ға жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, ол осы инфекциясы бар адаммен қатынаста болғанна жұғады. Олар қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып екіге бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпі бар АПВ жыныс мүшесіндегі сүйелдердің шығуына себеп болады. Жоғары онкогенді қауіпі бар АПВ қатерлі ісіктің, жатыр мойнының, сарпайдың, қынаптың және айналшықтың (анус) қатерлі ісіктерін тудыруы мүмкін. Ерлерде, жыныс мүшесі мен айналшықтың қатерлі ісігінің туындауына себеп болады.
Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, кей біреулерде симптомдары болмауы да мүмкін. Сіздің жеке дәрігеріңіз сүйелдерді емдеуі де немесе алып тастауы да мүмкін. Әйелдерде Папаниколау жұғындысы бойынша - (Pap-test), қатерлі ісікке шалдықтыратын жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауға болады.
Мүшеқапты дұрыс қолдану АПВ-ның таралуын толық жоймаса да, жұғуын, таралуын едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен де.

Бастағы кішкентай жарақаттың қансырауын тоқтату

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-14 10:09 - (1003 Оқылымдар)

Кішкене ауқымдағы бас жарақатынан қанды қалай тоқтатуға болады

Бет терісімен бас терісіне жақын орналасқан қан тамырларының көп болуына байланысты, бастағы кішкентай жарақаттың өзінен көп қан кетуі мүмкін. Мұндай көп түрдегі қансыраудан қауіптенуіңіз мүмкін. Бірақ, көп жағдайда жарақаттың ауыр болмауына байланысты, емдік шараларды үй жағдайында жасап, қанды тоқтатуға болады. Үйде емдеуге болады ма, жоқ әлде шұғыл түрдегі дәрігердің көмегі қажет пе, оны жарақаттың түріне қарап шешу керек.

Тері жараларында қанды тоқтату

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-14 10:05 - (627 Оқылымдар)

Тері жарақатындағы қанды қалай тоқтатуға болады

Егер шұғыл түрде емдеуді қажет етпесе, келесі шаралар тері жарақатын, сондай-ақ басқа адамның қанымен тікелей байланыста болдырмаудаудан сақтайды.

Қимыл-қозғалыста әлсіреу немесе саусақтың, қолдың, білектің талуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-14 10:01 - (1631 Оқылымдар)

Қолмен ауыр жұмыс істегеннен кейін, қолдарыңыз әлсіреп қалғандай болады. Ондай жағдайда жұмысты тоқтатып, басқа іс-әрекетке көшіңіз немесе үзіліс жасаңыз, сол кезде ғана ауру симптомдары бәсеңдейді немесе басылуы да мүмкін.
Әлсіздік ісіктің әсерінен де болады. Ісік тарқағанда, іс қимылдар өз қалпына келеді.
Саусақ, қол, білетің әлсіреуі денсаулығыңыздың басқа да жағдайларымен байланысты болуы мүмкін.

Ми ісіктері

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-06 09:54 - (6144 Оқылымдар)

Дарігерлер кейде төменгі дәрежелі (І дәреже)және жоғарғы дәрежелі (ІV дәреже) ми ісіктерінің деңгейін топтастырып қарастырады. Рак клеткаларын микроскоппен зерттеу арқылы , ісіктің даму дарежесін анықтауға болады. Жоғарғы дәрежедегі ісік клеткалары өзгеше түрге еніп, төменгі дәрежелі ісік клеткаларына қарағанда тезірек өседі.

Белдемелік теміреткі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-06 09:50 - (1345 Оқылымдар)

Белдемелік теміреткі (белдемелік герпес) - бұл вирустық инфекция. Дененің бір жақ бөлігінде бөртпелер шығады, 1-2 күннің ішінде ауру сезімдері пайда болып, дене дуылдап ашиды. Бөртпелер асқынып көлдірей бастайды, кейін беті қабыршықтанады. Бірақ, олар бірнеше аптаның ішінде жойылады.

Қалтырау (перниоз)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-03 09:45 - (1234 Оқылымдар)

Қалтырау (перниоз немесе пернио) - дененің төменгі температураға реакция беруі (қатты мұздау). Бұл көбінесе жас балаларда Рейно синдромымен кездесіп жатады, және дымқыл, суық ауада қалып қойған жағдайда болады.

Сілтілерден болған күйіктер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-03 08:59 - (724 Оқылымдар)

Сілтілерге әктас, гипс, әктас ертіндісі, пеш және су құбырларын тазалағыштар, ыдыс-аяқ жуғыш машиналарға арналған ұнтақтар, тыңайытқыштар, «бенгал алауының» ұшқыны жатады. Олар түрлеріне қарай, сілтінің күшімен және денемен әрекеттесу ұзақтығына қарай аз уақыттың ішінде ауыр зардаптарын тигізуі мүмкін. Сілті химикаттары тері қабаттарына терең еніп, зақымдай алады.