Жүктелуде...
 

Бейспецификалы ойықжаралы колит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:51 - (548 Оқылымдар)

Бейспецификалы ойықжаралы колит – бұл қабынған ішек ауруларының бір түрі. Ол ішкі шырышты тоқ ішек және тік ішектердің қабынып,(ойық) жара пайда болуына себепкер болады. Колит – ішті ауыртады және тік ішектен қан кетіреді, диареяға ұшыратады.
Бейспецификалы ойықжаралы колит – созылмалы болып келеді, тіпті адам ғұмырының ұзақ бөлігінде жазыла қоймауы мүмкін. Кейбіреулерде ұзақ уақыттық белгілері білінбейді, немесе өте әлсіз симптомдары байқалып жатады. Енді басқаларда симптомдары неғрлым елеулі және ауыр болады.

Саусақтардың тырысып қалуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:50 - (1121 Оқылымдар)

Саусақтардың тырысып қалуы - деп саусақтардың не бүгілмей, не жазылмай қалуын айтады. Ол кезде саусақтар ерікке бағынбай, қатып қалған секілді сезіледі, немесе қозғаған кезеде тырсылдайды.
Ауырған саусағыңыздың айналасы ісіп, сезімталдығы артады. Саусақтарды ашып-жұмғанда домбыққан жер қозғалып сыздатады.

Заңсыз есірткілер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:49 - (148 Оқылымдар)

Заңсыз есірткілер - дәрігер тағайындамаған немесе дәріханада сатылмайтын заттар.

Заңсыз есірткінің кейбір түрлері - героин (транквилизатор); кокаин (стимулятор); ЛСД, мескалин, фенилциклидин, метамфинамин және псилоцибин (галлюциноген); марихуана және гашиш (кендір қурай); және гамма-гидроксибутират.

Нейрогендік мешкейлік

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:48 - (842 Оқылымдар)

Нейрогендік мешкейлік (булимия) - бұл дұрыс тамақтану жүйесінің бұзылуы (қомағайланып тамақ жеу, кейін соны қайта құсып тастау). Мешкейлікке ұшыраған адам аз уақыттың ішінде көп тамақты қомағайлықпен жеп қояды. Одан соң, шамадан тыс физикалық жүктемемен немесе іш жүргізетін, зәр айдайтын не болмаса басқа да дәрі дәрмектермен ішкен-жегенін құсу арқылы шығарады.

Ішектің толық бұралмауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:46 - (686 Оқылымдар)

Ішектің толық бұралмауы - жатырдағы ұрықтың ішек құрылысы дұрыс дамымағандықтан пайда болатын ақау. Бұл ақау ішектің кенеттен түйіліп қалуына себепкер болады.
Ішектің толық бұралмауы көбінесе сәбилердің бірінші айлығында белгі береді.

Акустикалық невринома (есту жүйкесінің невриномасы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:44 - (304 Оқылымдар)

Акустикалық невринома – миды құлақпен жалғастыратын нервтің баяу өсетін ісігі. Мұны вестибулярлық-кохлаерлық жүйке деп атайды. Ол дәл құлақтың артында, ми бөлшегінің төменгі жағында орналасқан. Есту жүйкесінің невриномасы қатерлі ісікке жатпайды. Бұл дегеніміз, ісік дененің басқа бөліктеріне таралмайды. Дегенмен, ісіктің үлкею сатысына байланысты, басқа жүйке жүйелерінің қызметі бұзылуы мүмкін.

Тырнақ астына кіріп кеткен затты алып тастай алмау

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:43 - (171 Оқылымдар)

Тырнақтың астындағы тікен немесе қадалып тұрған басқа да зат қатты ауыртуы мүмкін. Егер зат кішкентай болса және тырнақтың астынан шығып тұрса, оны таза қысқышпен алып тастаңыз. Затты ары қарай итеріп жібермей, мұқият қарап алыңыз. Затты алып тастағаннан кейін қан ағуы мүмкін. Егер тырнағыңыздың астындағы тікенекті алып тастау қиынға соқса, дәрігерге барғаныңыз жөн.

Жарақатқа кіріп кеткен затты алып тастауға болмайтындығы жайында

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:42 - (539 Оқылымдар)

Мына жағдайларда жарақаттаған затты денеден алып тастауға тырыспаңыз. Дереу жедел жәрдем шақырыңыз:
• Жоғары қысыммен кіріп кеткен заттар (мысалы, пневматикалық балғамен жасалған шеге).
• Егер сіз жеделжәрдем шақырған болсаңыз, денеге қадалып қалған затқа тиіспей күте тұрыңыз. Қайта оның қозғалып кетпеуін қадағалап, баумен байлап қойыңыз. Бұл зат тек дәрігердің көмегімен алынып тасталады.

Зақымданған аяқ-қолға таңғыш қалақтарды орнату

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:40 - (1692 Оқылымдар)

Таңғыш қалақ (шина) орнату – кез-келген жарақатты уақытша емдеу түрі болып табылады. Таңғыш қалақтар зақымданған аяқ-қолды дәрігер тексергенге дейін асқынып кетудің алдын алады. Зақымдалған қол-аяқты қозғалыссыз ұстап тұрудің екі жолы бар: жараланған қол-аяқты қатты затқа немесе дененің басқа сау бөлігіне таңып байлау керек.
Бірінші әдіс – оралған газет немесе журнал, болмаса түзу таяқ, тіпті болмаса кез-келген түзу, қатты затқа зақымдалған аяқ-қолды белдікпен, немесе, кез-келзен оңтайлы жіппен таңып байлап тастау керек.

Тілді таңдау