Жүктелуде...
 

Қанағым және эрекция проблемалары

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:38 - (711 Оқылымдар)

Үңгірлі дене – аталық жыныс мүшесі денесінің әр жақ бойындағы кеуекті қуыстар. Эрекция кезінде осы қуыстардағы бірыңғай салалы бұлшықет босаңсиды, аталық жыныс мүшесі артериялары арқылы қан өтіп, және қуыс қанға толып кеңейтіледі. Кеңейген қуыстар веналарды (әдеттегі жағдайда аталық жыныс мүшесі қанды шығарады) басу арқылы қанды ішінде ұстап, аталық жыныс мүшесін түзу етеді.

Қасағадағы биттер

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:28 - (1966 Оқылымдар)

Қасағадағы биттер - бұл жыныстық аймаққа еніп, жұмыртқаларын жатқызатын алты аяқты кішкентай тіршілік иелері. Қасағадағы биттер, сондай-ақ қолтықасты аймақта, бастың шашты бетінде және қаста мекен етуі мүмкін.

Себептері мен қауіп факторлары. Қасағадағы биттердің ғылыми атауы - Phthirus pubis. Жұқтыру жасөспірімдер арасында жиі кездеседі және венерологиялық ауру ретінде сипатталады. Жұқтыру қасағадағы биті бар адамдармен жыныстық қатынастар кезінде, көрпелерді және дәретхана орындықтарын қолданған кезде орын алуы мүмкін. Дүкендерде әйелдердің суға түсуге арналған костюмдері киіп өлшеп көру кезінде жұқтыру оқиғалары да бар.

Қыжыл

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:24 - (1823 Оқылымдар)

Қыжыл - бұл жағымсыз сезім немесе төстің артындағы күйдіретін ауырсыну. Ол тамақтан кейін, тез арада адам жатқан кезде немесе алға еңкеюінен кейін пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, қыжыл, кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін де пайда болады.

Қарапайым герпес (ұшық)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-27 09:39 - (251 Оқылымдар)

Ауыз аймағындағы герпес (ауыз герпесі) – қарапайым герпес вирусынан туындаған ерін, ауыз немесе қызыл иектің жұқпалы ауруы. Ауру – ауыртатын кішкентай күлдіреуікпен сипат береді, әдетте оны суық ойық жара немесе қызбалы күлдіреуік деп атайды. Ауыз аймағындағы ұшықты лабиалді герпес деп те атайды.

Құтыру (қояншық ауруы)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:21 - (271 Оқылымдар)

Құтыру - вирустық ауру, бұл ауру құтырған жануар тістеп алған кезде пайда болады. Аурудың сипаты: нерв жүйесіне қатты зақым келтіреді және көп жағдайда соңы өліммен аяқталады. Құтырма вирусы (Neuroryctes rabid) Lyssavirus миксовирусстар тобындағы Rhabdoviridae тұқымдастарына жатады.

Қолдың, саусақтың ауырсынуы немесе сіресуі, сондай-ақ білезіктегі мәселелер

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:07 - (182 Оқылымдар)

Кейбір іс әрекеттерді қайталағанда, мысалы, үйді әктегенде қолға, саусақтарға және білезікке артық күш түсіп, соның әсерінен уақытша ауырсыну сезімі, ісіну немесе сіресуі пайда болады. Егер сіз жұмыс барысында қалыпты өзгертіп немесе үзіліс жасайтын болсаңыз, симптомдары ақырындап кетеді.

Қылилық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 05:34 - (4723 Оқылымдар)

Қылилық ауруы – екі көздің бірдей қозғалмауымен сипатталады. Яғни екі көз бір нысанаға бірдей түспейді. Бұл ауру көпшілікке «қыли көз» атымен белгілі.

Адамдарға көздің қалыпты орналасу тәртібі белгілі. Адамның қайда қарап тұрғанын көзінің қозғалысына қарап анықтауға болады. Ал екі көздің екі жаққа қарап тұрғаны адамдарға ерсі көрінетін жайт. Мүны қыли көздік деп атайды. Мұны медициналық терминологияда көздің іші мен сыртының үйлесімсіздігі деп атайды. Баланың көзі кез-келген жағдайда қылилана бастаса, оны дереу анықтау қажет, себебі ол өскенде үлкен бұзылыстарға апарып соғы да ықтимал.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-16 04:23 - (248 Оқылымдар)

Қуық асты безінің қатерлі ісігі – бұл қуық асты безінің тіндерінің қалыптан тыс өсуі. Қуық асты безі – бұл жаңғақ пішіндес, қуықтың астында орналасқан, шәует сұйықтығын өндіретін мүше болып табылады.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі не себепті дамитынын мамандар әлі анықтаған жоқ, дегенмен олар қатерлі ісіктің даму қаупі жылдар бойы еселеніп және отбасылық анамнез салдарынан өсуі мүмкін деп есептейді. Қуық асты безінің қатерлі ісігі 50 жастан асқан ер адамдарда жиі кездеседі. Сондай-ақ өлім көрсеткіші жағынан қатерлі ісіктер арасында екінші орынды алады.

Қан ұюының бұзылуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-16 04:00 - (266 Оқылымдар)

Қан ұюының бұзылуы - бұл ағзадағы тромбтардың қалыптасу процессінің бұзылуынан туындайтын аурулар тобы. Бұл бұзылыстардың салдарынан жарақат алғаннан кейін ауыр және созылмалы қан кетулер орын алуы мүмкін. Сондай-ақ, ешқандай себепіз қан кету жағдайлары да орын алуы мүмкін.