Жүктелуде...
 

Тонзиллит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 10:19 - (312 Оқылымдар)

Тонзиллит – таңдай бадамша бездерінің қабынуы.

Таңдай бадамша бездері– лимфоидты тіннің жұпты жиналуы (организмнің қорғаныс серпіні үшін жасушалар өндіретін тін), жұтқыншақтың (ауыз қуысының арты) және ауыз аумағында орналасқан.

Жіті тонзиллит – ангина (баспа).

Тобықтың жарақаттары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 10:12 - (124 Оқылымдар)

Тобықтар мен үлкен және кіші жіліншіктің төменгі буындық беттері тобық буынын құрайды. Сүйектерді бір-бірімен байланыстыратын байламдар буынды тұрақтандырып, ұстап тұрады. Бұлшық ет пен сіңірлер оның қимылында қатысады.

Тітіркенген тоқ ішек cиндромы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 10:04 - (347 Оқылымдар)

Тітіркенген тоқ ішек синдромы (ТТІС) – асқазан-ішек жолдарының бұзылысы, әдетте, іштің кебуімен, ішектегі ауырсынумен және қызметінің бұзылысымен көрініс береді.
Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыp, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.
Әйелдерде ТТІС ерлерге қарағанда екі есес жиі кездеседі. Ауру балалық шақта басталуы мүмкін, бірақ, көбінесе, 30-40 жаста басталады. 60 жастан кейін бұл синдром алғаш пайда болмайды.

Теріскен

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 04:20 - (330 Оқылымдар)

Теріскен – қабақтың шетінде пайда болатын, ауырсынатын, қызыл төмпешік. Түрі безеуге ұқсайды.

Теріскен кірпіктің тамырына (фолликул) бактерия түскенде пайда болады. Бұл қабақтың май бездерінің бітелуіне және жұқпалануына апарады. Ауру жеңіл жайсыздық пайда болуымен сипатталады, бірақ, әдетте, емделіп, жазылады.

Терінің құрғақтығы және оны ылғалдандыру құралдары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 04:15 - (120 Оқылымдар)

Терінің құрғақтығы терідегі судың және майдың мол мөлшері жоғалғанда пайда болады. Терінің құрғақтығы әр жастағы адамдарда кездеседі.

Терең көктамырдың тромбозы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 04:07 - (138 Оқылымдар)

Терең көктамырдың тромбозы (ТКТ) – дененің терең көктамырында тромбылардың (қан ұйындысы) түзілуімен сипатталатын ауру. Бұл тромбылар әдетте, аяқтың көктамырларында шоғырланады. ТКТ кең таралған ауру екендігіне қарамастан, ол аса қауіпті. Егер тромбы ажырап, қан ағымымен жылжитын болса, өкпедегі қантамырларын бітеуі мүмкін. Бұл бітелу өкпе эмболиясы аталады, ол өлім-жітімге апаруы ықтимал.

Тендинит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 04:05 - (211 Оқылымдар)

Тендинит – сіңірдің ішіндегі және маңындағы қабыну, шаршаудан болатын қарапайым бұлшық еттің ауырсынуы секілді ауырсынуға апарады. Бірақ, қарапайым бұлшық еттің ауырсынуы – уақытша болса, тендинит тұрақты, ауырсынуы басылмайды. Алайда, егер сіңірді сол ауруды туындатқан ырғақпен жұмыс істететін болсаңыз, оны жеңу қиынға түседі. Бұл барлығына қатысты – әлемдік дәрежедегі марафонды жүгіретіндер мен терезе жуушылардан бастап хатшыларға дейін. Дегенмен, тендиниттің көрінісін азайтуға және күрделі асқынуының алдын алуға болады.

Тағамдық улану

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 11:31 - (168 Оқылымдар)

Тағамдық улану бактериялармен, вирустармен немесе уыттармен залалданған өнімдерді тұтынғанда пайда болады. Көпшілік жағдайда тағамдық улануды келесі бактериялар туындатады: алтын түсті стафилококк (Staphylococcus aureus) және ішек таяқшасы (Escherichia coli).