Жүктелуде...
 

Сал ауруы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:23 - (149 Оқылымдар)

Сал ауруы – нерв қызметі мен бұлшықет күшінің жоғалуының нәтижесінде пайда болатын қимыл-қозғалыс қабілетінің болмауы. Бұлшықет нерві жарақат немесе ауру әсерінен мида немесе дененің басқа бөлігінде зақымдалған жағдайда, аталмыш нервтер немесе жасушалармен бақыланатын мидың бөлігі қызметін тоқтатады.

Сан сүйегінің сынуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:12 - (287 Оқылымдар)

Сан сүйегінің сынуы – бұл сан сүйегінің жоғары бөлігінің, яғни сан сүйегі мен жамбас сүйегінің қосылған жерінің сынуы (ұршық буынында) болып табылады. Сан сүйегінің сынуы көбіне сан сүйегінің мойын жағынан төмен және ұршықаралықтан сәл төмен аумақта кездеседі. Көптеген жағдайда сан сүйегі толығымен сынады. Толық емес сынуы да болуы мүмкін (сынық түріне байланысты), бірақ бұл жағдай кең таралмаған және ол рентгендік зерттеуде көрінбеуі де ықтимал.

Сүзек (Бөртпелі сүзек, Брилл-Цинссер ауруы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:20 - (385 Оқылымдар)

Сүзек – биттер мен бүргелер арқылы таралатын жұқпалы ауру болып табылады.
Пайда болу себептері

Сүзек – паразиттік жәндіктердің шағуы арқылы жұғады. Көпке белгілі бөрпелі сүзектің қоздырғышы Провачек риккетсиясы (Rickettsia prowazekii) болып табылады, оны тасымалдаушы – киім биті мен бас биті.

Брилл-Цинссер ауруы – эпидемиялық сүзектің жеңіл формасы. Бұл ауру - Провачек риккетсиясын бұрын жұқтырған адамдарда, сол инфекцияның қайта қозуы барысында туындайды. Бұл аурудан көбінесе ересек адамдар зардап шегеді.

Сексуалды тартымдылық

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 05:00 - (1279 Оқылымдар)

Ерлер секспен ләззат алу үшін, ал әйелдер - махаббат үшін айналысады. Бұл мәлімдеме ғасырлар бойы жалғасып келеді. Шынымен де солай ма? Неге Виагра сияқты дәрілер әйелдер үшін емес, ерлер үшін соншалықты танымал және тиімді? Бұл препарат эрекцияны тудыруы мүмкін, бірақ махаббат сыйлай алма ма? Әрине, Виагра секілді дәрі-дәрмектер ерлерде әйелдерге қарағанда, ерлердің жыныстық қозуын тудыруы оңайырақ. Бірақ, біз көріп отырғанымыздай, бұл ортақ ләззатты бере алмайды, әйелдерге жыныстық жағынан ләззат алу үшін, оған алдымен сүйіспеншілік қажет.

Сүт безінің қатерлі ісігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-16 05:19 - (594 Оқылымдар)

Сүт безі қабырғаларды жауып тұратын кеуде бұлшықеттерінде орналасқан. Әрбір сүт безі 15-20 бөліктен тұрады. Бөліктер көптеген кішкене кесектер құралған. Бөліктер сүт шығаратын кішкентай бездерді топтардан тұрады. Бөліктерден емізікке келетін «жол» деп аталатын жіңішке түтікшелер арқылы сүт ағады. Емізік, ареол деп аталатын дәл ортада орналасқан домалақ қоңырқай тері. Майлы тіндер бөліктер мен жолдардағы бос аралықтарды толтырады.

Созылмалы бронхит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-15 09:03 - (18007 Оқылымдар)

Бронхит – бұл тыныс алу жолдары мен өкпенің қабынуы (немесе қышуы). Тыныс алу жолы деген – өтпеге ауа апатарын түтікше. Оны бронх деп те айтады. Тыныс алу жолдары қабынғанда, олардан шырыштар бөлінеді. Шырыштар тыныс алу жолдарына кедергі жасайды да, өкпеге ауаның келуін қиындатады.

Сіңірді созып алу

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:20 - (2995 Оқылымдар)

Сіңірдің созылуы – бұл жағдай буынды жарақаттап, сіңірді созып алғанда орын алады. Сіңір – буындарды байланыстырушы, жіпке ұқсас, серіппелі мүше. Оның симптомы - сүйек сынғандай болып білінеді.
Дәрігерлер сіңірдің созылуын ауырлық дәрежесіне қарай жіктейді.

Себорея

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:03 - (116 Оқылымдар)

Себорея – терідегі майлы, сары қабыршақты қызыл бөртпелер пайда болатын экземаның бір түрі болып табылады. Себореяның пайда болу себептеріне терідегі май бездерінің шамадан тыс қызмет атқаруын жатқызады.

Суицид

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:05 - (103 Оқылымдар)

Суицид – «өзін өлтіру», «өзіне қол жұмсау» деген мағына береді.

Адамның өзін өлтіру туралы аздаған ойлары, уақыт өте келе өршіп, өзіне қол жұмсауға деген ниетін күшейте түседі.

Субдуральді қанды ісік

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:04 - (227 Оқылымдар)

Субдуральді қанды ісік (гематома) – бас сүйегінің және мидың арасындағы қуыста қанның жинақталуын білдіреді, бұл ішкі қан қысымының ұлғаюымен бірге жүреді. Әдетте қан құйылу - бастан жарақат алғанда күретамырдың жыртылуынан пайда болады.