Жүктелуде...
 

Мойын бұлшықеттерінің сіресуі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:09 - (167 Оқылымдар)

Мойын бұлшықеттерінің сіресуі басқа симптомдар болмаған жағдайда, ұйқы кезінде дұрыс жатпай қалуынан немесе компьютер алдында ұзақ уақыт отырудан пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, мойын бұлшықеттерінің сіресуі басқа да симптомдармен қатар көрінуі мүмкін, бұл жағдайда науқастың шағымы маңызды көрініс табады . Мысалы, менингит – мойын бұлшықеттерінің сіресуімен, бас ауруымен және қалтыраумен көрінеді

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:49 - (98 Оқылымдар)

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромы – деп санның сыртқы бетімен өтетін байламды айтады. Ол фиброзды тіннен тұрады. Мықын-асықты жіліктік байламы тізені және жамбас буынын шығып кетпеуі үшін мықтап ұстап тұрады. Кейбір жағдайларда байлам шамадан тыс дамып, мықын сүйегі мен тізенің ішкі жағын қысып, үгітіп тастауы мүмкін. Әрбір бүгілу кезінде тізе мен сан сүйектері бір-бірімен үйкеленеді. Бұл жағдай көбінесе жүгірумен айналысатындар да, велошабандоздарда, аэробиканың кейбір түрлерімен айналысатындарда кездеседі.

Мальабсорбция синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:44 - (415 Оқылымдар)

Мальабсорбция синдромы – асқазан-ішек жолдарындағы қанға қоректі заттарды, дәрумендерді, минералды заттарды сіңіру қабілетінің бұзылысы.

Ми ісіктері

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-06 09:54 - (6140 Оқылымдар)

Дарігерлер кейде төменгі дәрежелі (І дәреже)және жоғарғы дәрежелі (ІV дәреже) ми ісіктерінің деңгейін топтастырып қарастырады. Рак клеткаларын микроскоппен зерттеу арқылы , ісіктің даму дарежесін анықтауға болады. Жоғарғы дәрежедегі ісік клеткалары өзгеше түрге еніп, төменгі дәрежелі ісік клеткаларына қарағанда тезірек өседі.

Менисктер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-25 10:45 - (187 Оқылымдар)

Менисктер – деп тізе буынындағы қозғалмалы ірі шеміршектерді атайды. Олар буында амортизатордың рөлін атқарады, сондай-ақ тізе буынын тұрақтылықта ұстап тұрады. Қозғалыс кезінде, тізе буынында менисктер қысылады, олардың формалары өзгереді. Бұл жүйе тізе буындарының шеміршекті құрылымын қалыптастыруға қатысады. Менисктер асықты жіліктің айдаршығында орналасқан.

Мелена (қара нәжіс)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 10:11 - (233 Оқылымдар)

Мелена -жолдардағы шайырға ұқсас қара. жылтыр және жабысқақ келетін нәжіс. Қара нәжіс әдетте асқазан - ішек жолынан қан кетудің белгіс іболып саналады немесе қан кету симптомы ретінде сипатталады.

Ми қан айналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-08 05:33 - (145 Оқылымдар)

Ми қан айналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы – бұл мидың қан айналым аймағының уақытша бұзылуы деген сөз. Ол жақын арада ұстама (приступ) берудің белгісі болуы да ғажап емес.
Ишемикалық қан айналымының бұзылу салдарынан, қан қысымы төмендеп, жүpектің соғу ырғағы да өзгеріп, артерияда ұйыма пайда болады.

Металл дәмі ауызда (Дисгевзия)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:31 - (119 Оқылымдар)

Ауызда немесе тісте металл дәмінің сезілуі инфекцияның әсерінен болуы мүмкін, терінің жағдайы, ауыз қуысының шырышты қабықтарына әсер етеді, сол сияқты қызыл жазық теміреткі немесе басқа да проблемалар сияқты Крон Ауруы.

Металл дәмі ауыздағы бар заттармен де сезілуі мүмкін. Медициналық шайналатын ауыз арқылы қабылдайтын дәрі-дәрмектер, тілдің ұшында уақытша металл дәмін тудыруы мүмкін. Металл элементтері бар, мысалы, флагил, тетрациклин, пенициламин, биаксин, этамбутол, бигуанидтер, аллопуринол сияқты басқа да препараттарды ауыз қуысы арқылы слекей секрециясымен немесе тікелей қанға енген кезде металл дәмі сезілуі мүмкін.

Меланома

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-07 11:41 - (133 Оқылымдар)

Меланома – қатерлі тері ісігі. Ол секілді меланоциттерден дамиды. Бұл ауру көбінесе (яғни 70%) бастапқыда кішігірім, залалсыз мең сияқты пайда болады.
Бұл ісік әйелдерде де, ерлерде де кездеседі, айта кетерлігі, әйелдерде 1,5-2 есе жиірек ұшырасады. Осы уақытқа дейін науқастардың орташа жас мөлшері 45 жас болатын, кейінгі жылдары қауіпті меланома 15-25 жас аралығындары жас өспірімдерді де мазалап жүр.

Мойынның қисаюы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 14:09 - (259 Оқылымдар)

Мойынның қисаюы – мойынның жұмсақ тіндерінің, қаңқасының және нервтерінің өзгерісінен туындаған ауру, ол бастың еңкеюімен және қарсы жағына бұрылуымен көрініс береді.

Қисық мойын- дистонияның түрі (бұлшық еттің ұзақ уақыт бойы жиырылуы), бұл кезде мойынның бұлшық еті, әсіресе, басты иетін бұлшық ет, еріксіз жиырылады, осыдан бастың бір жағына қарай бұрылуы орын алады. Мойынның қисаюы белгісіз себепті пайда болуы мүмкін, тұқым қуалау салдарынан немесе бұлшық ет жүйесінің зақымдануы нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін.

Тілді таңдау