Жүктелуде...
 

Күйзеліс (стресс) және онымен қалай күресу керек

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-05 05:41 - (17938 Оқылымдар)

Күйзеліс (стресс) – бұл адамның өмірдегі түрлі жағдайларға қалыпты физиологиялық реакция танытуы. Үйленуге байланысты немесе жұмыс барысында орын алатын күйзелістер оңтайлы болып саналады (яғни, ол адамда болып тұратын жағдайлар, аса мән бермесе де болады) Сонымен қатар, күйзеліс көбінесе жағымсыз жаңалықтармен, дау-дамай немесе жұмыстан айырылу, көшедегі кептеліс секілді өзге де жағымсыз нәрселермен астасып кетіп жатады.

Көздің торлы қабығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:38 - (320 Оқылымдар)

Торлы қабық (көздің ішкі торлы қабығы) – бұл көзге түскен жарықты қабылдайтын жүйке жүйесіндегі жұқа жарғақша.
Торлы қабықтағы жүйке жасушалары көру жүйкесі арқылы көздің не көріп тұрғандығы жайлы миға белгі береді.

Көлденең жиек ішек (тоқ ішек) және тік ішек

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:04 - (2360 Оқылымдар)

Көлденең жиек ішек және тік ішек– асқорыту жүйесінің бөліктері болып табылады. Олар бұлшық етті ұзын түтікшені құрады, оны – тоқ ішек деп атайды. Көлденең жиек ішек – бұл тоқ ішектің 122-153 см ұзындықтағы бөлігін қамтиды, ал қалған бірнеше бөлігі тік ішектікі

Квинке ісінуі (Ангионевротикалық ісіну)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 09:54 - (362 Оқылымдар)

Квинке ісінуі немесе ангионевротикалық ісіну есекжемге ұқсас болып келеді, бірақ Квинке ісігі зақымдалу тереңдігіне байланысты ажыратылады. Ангионевротикалық ісігі кейбір кезде бөртпелерсіз де пайда болуы мүмкін

Көмей

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:58 - (141 Оқылымдар)

Көмей– мойынның алдыңғы жағында орналасқан мүше. Сонымен қатар оны дауыс қорабы деп атайды. Ересек адамның көмейінің көлемі 5х5 см болады. Көмей кеңірдектен жоғары, сондай-ақ өңештің алдында және жоғары орналасқан.

Көмей дауыс байламдарын түзуге қатысатын 2 бұлшықетті талшықтардан тұрады. Көмейдің алдында орналасқан шеміршекті құрылым – Адамов алмасы деп аталады.

КДСА вакцинасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:50 - (207 Оқылымдар)

АКДС вакцинасы
АКДС – (адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасы) үш инфекциядан қорғайтын біріктірілген вакцина: дифтерия, сіреспе, көкжетел.

Анықтама
АКДС - көкжетел, диферия, сіреспе сияқты аурауларға қарсы тиімділігі өте жоғары вакцина болып табылады. АКДС вакцинасы пайда болмай тұрып бұл ауруларды емдеуде көп қиындықтар туындаған, кейде өлімге дейін соқтырған кездері болған.
АКДС адамға екпе түрінде иыққа немесе санға енгізеді.

Кіндік жарығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 10:03 - (211 Оқылымдар)

Кіндік жарығы - балалардажиікездесетінхирургиялық патология.
Кіндікжарығының дамуының біріншісебебі- іш құрылыстыңдамуында ақауболғаннан пайда болады. Алайдабұдан басқа да ерекшеліктерібар. Бала туғаннанкейін 4-5күндекіндіктүсіпқалу керек. Кіндіксақинасыекібөліктен тұрады. Төменгібөлігі, кіндікартериясыжәнезәршығарутүтігіөтетінжерде жақсы жиырылып,тығызтыртықты тін қалыптастырады.Жоғары бөлігінен кіндік көктамыры өтеді. Оныңқабырғаларыжұқа, бұлшықетқабатыжоқ.Жиі орналасқан іш шандырлары әлсіз кезде, әлі біте қоймаған кіндіккөктамыры кіндік жырығына айналып кетуі ықтимал. Сонымен қатар, бұл патологияның пайда болуына ықпал ететін маңызды фактор іш қуысындағы қысымның жиі артуы болып табылады. Мысалы, баланың жиі жылуынан туындауы мүмкін. Кіндік сақинасының жоғарғы бөлігіндегі тесіктің кең болса, ол балаға қиындық туғыза қоймайды. Бірақ,ақаудың азғантай қаттыланған шеттерібаланы мазалауымүмкін. Негізі, кіндік жарығы қалпына келеді. Қысылған кіндік жарығы ересектер тәжірибесінде жиірек кездесіп жатады. Дегенмен, қалпына келмейтін кіндік жарығы бар балаларға ота жасалады (кіндіктің ішкі жағы ішекке жалғанған жеріне жабысып қалған жағдайда).

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-09 09:42 - (209 Оқылымдар)

Бұл не?
Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбасы (конго-қырымдық қызба, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы) - адамның вирустық табиғи-ошақты ауруы, оның қоздырғышы - кене болып табылады. Ол күрт басталуымен, дене қызуының екі толқындық көтерілуімен, жалпы интоксикациямен және геморрагиялық синдроммен (қан ағу жоғарылайды) сипатталады.

Кекіру

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:46 - (163 Оқылымдар)

Кекіру көбінесе, ауа жұтып алғаннан болады. Көп ауа жұтып алғаннан кейін, тым тойып қалғандай немесе іш шертиіп кеткендей сезімдер туындайды.

Кекірік және жұтынудың қиындауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:51 - (1183 Оқылымдар)

Жұтыну проблемалары көпшілік арасында әртүрлі жағдайларда кездесіп жатады. Асты қомағайланып ішкеннен , кейбір тамақты түйір-түйір күйінде жұта салғаннан, ауызға асты салып алып, сөлеп тұрып жұтқаннан туындап жатады. Кейде сабырсызданып, ашуға ерік беріп тұрған кезде де, жұтқыншағыңыз толып кеткендей, дұрыс жұтына алмай тұрғандай сезінесіз.

Тілді таңдау