Жүктелуде...
 

Кальцидің қабатталуы - кальций тендониті

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:42 - (126 Оқылымдар)

Бұл қандай ауру?
Кальций тендониті – бұл ауру кальций қабаттарындағы қанмен қамтамасыз етудің бұзылуынан және қабынуынан пайда болады. Мұның салдарынан жасушалар жарылып, дегенеративті өзгерістер пайда болады. Кальцидің созбалақтанып кетуі де осыдан.

Көптеген миелома

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:32 - (769 Оқылымдар)

Көптеген миелома (плазматикалық жасушалардағы ісік) – бұл обыр (рак) ауруының сирек кездесетін түрі. Ми қабықшаларындағы ақ қан түйіршіктерінің (плазматикалық жасушалардың) көбейіп кеткендігінен болатын ауру. Обыр (рак) жасушалары қан жасушаларын сығып шығарып, соның салдарынан қандағы қызыл түйіршіктердің төмендеуіне әкеліп соғады (анемия).

Ксерофтальмия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 15:41 - (129 Оқылымдар)

Көз жасы көздің ылғалдануы және көзден бөгде заттарды шаю үшін қажет. Көздің сау пленкасы көрудің жақсы болуы үшін қажет.

Егер көзде көз жасының өндірілуі қалыпты болмаса, ксерофтальмия дамиды.

Мөлдірқабық – бұл көздің алдыңғы бөлігін жауып тұратын мөлдір қабықша. Мөлдірқабық торқабықта бейнені фокустау үшін көзбұршақпен бірге қызмет етеді.

Крон ауруы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-25 15:33 - (162 Оқылымдар)

Крон ауруы – асқазан-ішек жолдарының барлық бөлігінде – ауыз қуысынан бастап айналшыққа дейін ойық жара пайда болуымен сипатталатын ішектің қабыну ауруы. Қрон ауруы кезінде ішектің сау бөліктері мен зақымданған тұстары кезектесіп тұрады.

Көзге бөгде заттың түсуі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 15:32 - (124 Оқылымдар)

Көзге түсетін бөгде заттардың көпшілігі (нысандар) – топырақ, кірпік немесе киімнің қылдары секілді шағын бөлшектер. Қауіптісі – металдың бөлшектері немесе басқа нысандар, көзге үлкен жылдамдықпен түсетін. Олар механикалық аспаптардан, газоншапқыштан немесе қарудан ұшқан заттар болуы мүмкін. Олар күрделі жарақат туындатуы мүмкін.

Көздің жарақаты қан кетуін, қарашықтың өлшемінің өзгеруін, көзбұршақтың бұлыңғырлануын, көрудің нашарлауын немесе көрудің өзгеруін туындатуы мүмкін. Бөгде заттар көзге терең енуі мүмкін. Мұндайда оларды қозғамау қажет. Оларды көз маманы алуы тиіс (офтальмолог).

Көз ұясындағы сары дақтың жасқа байланысты бұзылысы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:41 - (147 Оқылымдар)

Сары дақтың бұзылысы – орталық көрудің біртіндеп баяу түрде нашарлауына апаратын көз ауруы. Нәтижесінде, ұсақ бөліктерді ажырату және оқу қиынға түседі.

Ауру 60 жастан асқан аламдарда жиі кездеседі, сондықтан, оны сары дақтың жасқа байланысты бұзылысы атайды.

Көз қимылының бұзылыстары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:37 - (377 Оқылымдар)

Нысанға қараған кезде екі көзді тігу үшін бірнеше бұлшық еті әрекет етеді. Бұлшық етте мәселелер пайда болса, көздің үйлесімді жұмысы бұзылады.

Кортикостероидтар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:31 - (157 Оқылымдар)

Кортикостероидтар –бірқатар ауруларды емдеуде қолданылатын дәрілік препараттар. Бұл препараттар күйзеліске,жарақатқа байланысты туындаған ауруларға жауап ретінде бүйрек үсті безінде өндірілетін гормондарға ұқсайды. Олардың әсер ету механизмі қабынуды азайтуымен және иммундық жүйеге әсер етуімен байланысты.

Конъюктивит

Автор: tair - Жарияланды 2018-07-24 11:29 - (139 Оқылымдар)

Конъюнктива және конъюнктивит дегеніміз не? Конъюнктива – көздің сілемей қабатын, қабақтың ішкі бетін және көз ұясының алдыңғы бөлігін жауып тұрады. Ол көзді бактериялар мен түрлі химиялық тітіркендіргіштерден қорғайды. бактериялар мен химиялық заттектер түскенде көз жасының бездері сұйықтықты – көз жасын бөледі, олар бактериялар мен химиялық заттектерді ерітіп, шаяды. Сонымен қатар, көз жасында бактерияларды жоюға қабілетті ферменттер мен антиденелер болады.

Тілді таңдау