Жүктелуде...
 

Деменция (Алжу)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 10:12 - (191 Оқылымдар)

Деменция - адамның жалпы ақыл-ой қабілеттерінің қатты нашарлауы. Оның салдарынан тіпті күнделікті тіршілікті игеру де қиынға соғады. Мұның әсерінен есте сақтау қабілеті төмендейді, күнделікті қарапайым мәселелерді шешу қиынға соғады, оқу және өзге де менталды функцияларды игеру мүмкіндігі шектеледі.

Дерматит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 10:12 - (146 Оқылымдар)

Дерматит - бұл терінің қабынуы, бөртпенің шығуы. Дерматиттің диагнозы бойынша терінің не үшін, неден қабынатындығы жайында нақты мәлімет жоқ. Мысалы, кейде улы (шырмауық секілді) шөптерке тигеннен, кейбір адамдардың терісі қызарып, денесін қышымалы көпіршіктер жауып кетеді. Мұны жанаспадерматит деп те атайды.

Дальтонизм (Түсті ажыратпаушылық)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 10:09 - (221 Оқылымдар)

Дальтонизм– түс ажырата алмаушылық (түссоқырлығы), көздің түсажыратуқабілетініңбұзылуы.

Дальтонизм алғашрет 1794 жылыанықталды. Оны осы ақаудан зардап шеккен Дж.Дальтон сипаттады.Дальтонизм ерлердің 8% -ында , әйелдердің 0,5%-ында кездеседі. Адамның көз торының орталық бөлігінде «колба» деп аталатын түсажыратқыш жүйке талшықтары бар. Олар нәруыз текті түсажыратқыш пигменттерінің үш түрін қамтиды. Пигменттің бір түрі қызылды, екіншісі жасылды, ал үшіншісі көк түсті ажыратады. Дәлірек айтқанда, олар толқын ұзындығындағы қызыл, жасыл және көк түстердітүйсігімізге сәйкестендіріп береді. Осы үш түстің негізінде әлемдегі барлық түстердің «жынтығын» миымыз қабылдайды. Адамдағы бұл пигменттердің ең жоғары сезімталдық көрсеткіші толқын ұзындығында -қызыл түс үшін 552-557 нм, жасыл түс үшін 530 нм және көк түс үшін 426 нм көрсеткішімен белгіленген.

Дакриоцистит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 10:05 - (212 Оқылымдар)

Дакриоцистит - көз жасы қалташығының қабынуы. Бұл ауру - көздіңжастықшасыныңбітеліп қалуынан пайда болады. Көбінесе сәбилер мен егде жастағы адамда болатын жағдай.

Дивертикулит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-18 09:43 - (243 Оқылымдар)

Дивертикулит – бұл тоқ ішектің сілемей қабатын зақымдайтын ауру. Ауру ішектің қабырғасында шағын қалта тәрізді томпайған тұстар - дивертикулдардың қалыптасуымен сипатталады, олар ас қорыту жолдарының кез келген бөлімінде пайда болуы мүмкін, бірақ, тоқ ішектің соңғы бөлігінде (тік ішекте) жиі кездеседі.

Диспепсия (ас қорытудың бұзылысы)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-18 05:50 - (257 Оқылымдар)

Диспепсия немесе ас қорытудың бұзылысы – бұл іштің жоғарғы бөлігіндегі жеңіл жайсыздық, тамақ ішу кезінде немесе ішкеннен кейін пайда болады, келесі түрде сезілуі мүмкін:

Кіндік пен төссүйегінің арасындағы қызу, күйдіру немесе ауырсыну сезімі
Тамақ ішкен кезде немесе ішкеннен кейін бірден пайда болатын жағымсыз, іштің толып кету сезімі

Іштің кебуі және жүpек айнуы - жиі кездеспейтін симптомдары.

Диспепсия – қыжылдың симптомына жатпайды.

Дисморфофобия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-18 05:39 - (375 Оқылымдар)

Дисморфофобия – созылмалы психикалық ауру, бұл кезде науқас өзінің сыртқы пішіні туралы көп ойлайды, ал олқылықтары маңызды емес немесе ойдан шығарылған болады, соған қарамастан науқасқа пішіні ұсқынсыз көрінеді, біреулердің өзін байқағанын қаламайды.

Науқаста дисморфофобия болса, ол өзінің сыртқы пішіні мен дене сымбатының бейнесіне шамадан тыс, күніне көп сағаттан көңіл қойып, осы туралы мазаланады. Болжамды олқылығы науқасқа қайғыру әкеледі, осы мезі қылатын ойы күнделікті өміріне әсер етеді. Науқас көптеген косметикалық шаралаға жүгінеді немесе шамадан тыс жаттығады, болжамды олқылығын «түзетуге» тырысады, бірақ, ешқашан нәтижесімен қанағаттанбайды. Дене дисморфофобиясы кемтар болып көріну үрейі секілді де белгілі.

Дисморфофобияны емдеуге когнитивтік-мінез-құлықтық емдеу кіруі мүмкін.

Диабеттік ретинопатия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-18 05:31 - (238 Оқылымдар)

Диабеттік ретинопатия – 1 және 2 типті қант диабетінде көздің торқабығының дерттік өзгерістерінің бірі, ол, көбінесе, ауру басталғаннан кейін 5-10 жыл өткенде пайда болады.

Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Көз ұясы қабаттардан тұрады, олар көздің ішкі өзегін – әйнек тәрізді денені, көз бұршағын, сулы ылғалын қоршайды. Көз ұясының өзегін үш қабат қоршайды: сыртқы, ортаңғы және ішкі. Сыртқы – өте тығыз фиброздық қабық. Ол алдыңғы мөлдір қабықтан және артқы мөлдір емес бөлік - аққабықтан тұрады. Ортаңғы – көз ұясының тамырлы қабығы. Ол қантамырларына, пигменттерге бай және нұрқабықпен , кірпік денесімен және тамырлы қабықшаның өзінен тұрады. Ішкі торқабық – көру анализаторының рецепторлық бөлігі, бұл жерде жарықты қабылдау өтеді.

Адам қант диабетімен көп ауырған сайын диабеттік ретинопатияның пайда болу ықтималдығы жоғары. Науқастардың 40-45 пайызға жуығы диабеттік ретинопатияның қандай да бір сатысынан зардап шегеді.

Жүктілік кезінде диабеттік ретинопатия диабетке шалдыққан әйелдерде күрделі мәселелер туындатуы мүмкін. Диабеттік ретинопатиямен қатар қант диабеті катаракта, глаукома секілді ауруларды туындатуы мүмкін.

Диабеттік кома

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-18 04:33 - (299 Оқылымдар)

Диабеттік кома – диабеттің өмір үшін қатерлі асқынуы, бұл кезде адам есін жоғалтуға дейін барады. Қандағы қанттың жоғары (гипергликемия) немесе төмен (гипогликемия) мөлшері аса қауіпті, себебі, екеуі де диабеттік комаға апаруы мүмкін. Диабеттік комаға ұшыраған науқас тірі болғанмен, оның жағдай ұйқыдағыдай секілді, есін толығымен жоғалтады, сыртқы тітіркендіргіштерге серпіні болмайды. Шұғыл ем көрсетілмеген жағдайда диабеттік кома өлім-жітімге апарады. Диабеттік команың пайда болу ықтималдығы өмір үшін қауіпті, бірақ, оның алдын алуға болады. Ол үшін алдымен, диабетті дұрыс емдеуден бастау қажет.

Диабет

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 08:26 - (153 Оқылымдар)

Диабет – бұл қандағы қанттың деңгейінің артуымен сипатталатын созылмалы ауру.

Инсулин – ұйқыбезінің қандағы қант деңгейін бақылау үшін өндіретін гормоны. Диабет инсулиннің өндірілуінің төмендеуімен, инсулинге тұрақтылықпен (төтемелілік) немесе екі себептің де салдарына байланысты болуы мүмкін.

Тілді таңдау