Жүктелуде...
 

Бөртпе – терідегі петехия (нүктелі қанталаулар)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:12 - (1816 Оқылымдар)

Бұл қандай ауру? Петехия - кіші қантамырлардың ақауынан теріге және тері астына қан құйылуынан болатын, теріде немесе ауыз қуысындағы қызыл немесе қызғылт түсті майда біртекті дақтар. Петехиялы дақтар көлеміне байланысты өте ұсақ та, ірі де болады. Қыжуды және ауырсынуды шақырмайды. Туа пайда болған дақтардан және гемангиомадан айырмашылығы бар. Егер майда біртекті, петехияны басатын болсақ ағарып, біраздан соң қайта орнына қайта келеді

Бүйрек

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:07 - (164 Оқылымдар)

Бүйрек– бұл жұп мүше. Ол асқазанның төменгі жағында, омыртқаның екі бөлігінде орналасқан. Дәлірек айтқанда, бүйрек – ішастар арты кеңістігінде орналасқан ағза ретінде сипатталады.
Әр бүйректің көлемі жұдырықтай болады. Бүйректің жоғарғы бөлігінде бүйрек үсті безі орналасады. Бүйрек және бүйрек үсті безі май тінімен және фиброзды капсуламен (Герот фасциясы) қоршалған.

Бауыр

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 09:58 - (220 Оқылымдар)

Бауыр – адам ағзасындағы ең ірі мүше болып табылады. Ол іш қуысының оң жақ қабырға астында орналасады.

Бауыр екі бөліктен тұрады. Оның оң бөлігі үлкен, ал сол бөлігі кішілеу.

Балалардағы гастроэзофагеальды рефлюкс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-21 06:50 - (249 Оқылымдар)

Бұл қандай ауру? Гастроэзофагеальді рефлюкс асқазанға барған тағамды және асқазан шырынын өңеш арқылы кері шығару.

Көптеген нәрестелер әдетте азықтың біраз бөлігін кекіріп тастайды. Айтқандай сау балалардың сүт қоспаларымен тамақтану кезінде көбірек кекіруі қалыпты жайт. Кейбір нәрестелер гастроэзофагеальді рефлюкске байланысты кекіруі мүмкін. Бұл әдетте азықтың өңешке қайта оралуына жол бермейтін бұлшықет целлюлозасының жетіспеушілігіне (өңеш сфинктеріне) байланысты.

Буынның шығуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-21 04:36 - (2124 Оқылымдар)

Бұл не? Буынның шығуы – сүйектердің буындағы қалыпты орнынан қайырып немесе соғып қозғап жіберуінен туындайтын жағдай. Мұны кейде таю деп те атайды. Сүйектің таюы әртүрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Мысалы дәл буынға тиген соққыдан, құлап қалғаннан, немесе оқыс жасалған іс-қимылдардың себебінен сүйек өз орнынан қозғалып кетеді. Көбінесе сүйектің таюы тізе асығында, жамбас буынында, білезікте, саусақтардың буындарында, шынтақ және иық буындарында орын алуы мүмкін.

Бастағы кішкентай жарақаттың қансырауын тоқтату

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-14 10:09 - (998 Оқылымдар)

Кішкене ауқымдағы бас жарақатынан қанды қалай тоқтатуға болады

Бет терісімен бас терісіне жақын орналасқан қан тамырларының көп болуына байланысты, бастағы кішкентай жарақаттың өзінен көп қан кетуі мүмкін. Мұндай көп түрдегі қансыраудан қауіптенуіңіз мүмкін. Бірақ, көп жағдайда жарақаттың ауыр болмауына байланысты, емдік шараларды үй жағдайында жасап, қанды тоқтатуға болады. Үйде емдеуге болады ма, жоқ әлде шұғыл түрдегі дәрігердің көмегі қажет пе, оны жарақаттың түріне қарап шешу керек.

Белдемелік теміреткі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-06 09:50 - (1339 Оқылымдар)

Белдемелік теміреткі (белдемелік герпес) - бұл вирустық инфекция. Дененің бір жақ бөлігінде бөртпелер шығады, 1-2 күннің ішінде ауру сезімдері пайда болып, дене дуылдап ашиды. Бөртпелер асқынып көлдірей бастайды, кейін беті қабыршықтанады. Бірақ, олар бірнеше аптаның ішінде жойылады.

Бірінші дәрежелі күйік

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-03 07:57 - (611 Оқылымдар)

Бірінші дәрежелі күйік деп – күннің астында ұзақ жүргенде дене терісінің үстіңгі қабатынның қызалып кетуін айталды. Бұлай күйген кезде адамның ыстығы аздап көтеріліп, терінің беті суланып, сыздап тұрады.

Баттен ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:57 - (119 Оқылымдар)

Баттен ауруы – сирек кездесетін тұқым құалайтын ауру. Ол ерте жаста, бала кезде бастау алады, жүйке жүйесіндегі жасушаларды зақымдайды, арты өлімге апарады.
Кей жағдайларда баланың бойында ерте кезде пайда болған ауру белгілерін байқай бермейміз, байқасақта «баланың жеке қасиеттері шығар» деп, оған мән бермейміз. Мысалы мынадай ерекшеліктер болады: бала өте баяу оқиды, шаруаға икемсіз, ебедейсіз болып келеді, жүрген кезде сүріншектей береді.