Қатал қарау (күштеу, қатыгездік таныту) физикалық болуы мүмкін (мысалы, дене жарақаты) немесе эмоциональді, сексуальді немесе тіпті қаржылық болуы мүмкін. Қатал қараудан балалар жарақаттанып, ересектер аса бір зардап шегіп жатады.

Физикалық күштеу деп есептеледі, егер:
• Егер жарақат түсініксіз жайттан орын алса;
• Дененің бірнеше жерінде көпгенен түсініксіз жарақаттар орын алса;
• Жарақаттың пайда болуына сәйкес келмейтін түсіндірмелер айтылса.

Егер сізге дәрігер қатал қарымқатынас жайлы сұрақтарын қойса, сіз ыңғайсыздық сезімін сезінуіңіз мүмкін.Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің кәсіби және құқықтық міндеттері бар, жалпы қатал қарым-қатынас етудің мүмкіндіктерін бағалауға. Себебі, сізде орын алған жарақаттың себебінің анықталғаны маңызды болып табылады.
Егер сізде қандай да бір қатал қарым-қатынас орын алғандығы жайында күмән болса, дәрігерге хабарласыңыз. Кез-келген уақытта жергілікті балалар немесе ересектер емханасына, сақшыларға, әлеуметтік қызмет орнына хабарласуыңызға болады.

Егер сіздің балаңызға қандай да бір қатал қарым-қатынас жасалғандығы жайында күмән туындаса, сіз полицияға хабарласуға міндеттісіз немесе мына телефон нөміріне қоңырау шалыңыз: 8(727) 2709497. Бұл «Забота» Кризистік орталығы. Орталық Алматы қаласы, Төле би көшесіндегі 159 үйде орналасқан. Ересектер жас балаларды қоғауы керек, себебі олар өздері қорғана алмайды.

Тегтер:
қатал қарау
физикалық қоқан-лоқы
жарақат
ауру
дене жарақаты