Мазмұны

Жалпы ақпарат

Қандай себептерден секреция бұзылады?

Жұтынудың функциясы қалай бұзылады?

Тамақ қалай зақымданады?

Ауру қалай емделеді?

Жалпы ақпарат
Мұрын қуысы мен тамақтағы бездер үздіксіз шырыш бөліп отырады (тәулігіне бірден екі квартқа дейін). Шырыштар мұрын мембраналарын дымқылдандырады және тазартып тұрады, ауаны ылғалдандырады, мұрын қуысына ауамен араласып кіріп кететін зиянды заттарды жібермей ұстап тұрады, және олардан тазартады, сондай-ақ инфекция мен күреседі. Қалыпты күйде шырыштар білінбей жұтылып кетеді. Шырыштардың тамаққа жиналуы мұрынның артқы қабырғасына дамуы – постназальді синдром деп аталады. Бұл ауру шырыштың шамадан тыс көп бөлінуімен, тамақтағы жұтыну бұлшық еттерінің қызметінің бұзылуымен сипатталады.

Қандай себептерден секреция бұзылады?
Мұрыннан су ағып тұру:
Мұрыннан су ағып тұрудың себептері көп: суық тиюден, тұмаудан, аллергиядан, суық ауаның әсерінен, шағылысқан жарықтан, белгілі бір азық-түліктен, жүктілік кезінде немесе басқа да гармондық бұзылыстар кезінде мұрыннан аққан су тоқтамай қояды. Әртүрлі дәрі – дәрмектердің әсері, (сонымен қатар жүктілікке қарсы дәрілер және жоғары артериалды қан қысымын түсіретін дәрілер) сондай –ақ құрылымдық аномальдар сұйықтықтың көп бөлінуіне әкеп соғады. Мұндай аномальді құрылымдарға жетілмеген және қисайған мұрын сүйектерін жатқызуға болады (сіңір және мұрын қуыстарын бөліп тұратын сүйек пластинкалары)

Мұрыннан қою бөлінділерінің шығуы:
Мұрыннан қою бөлінділердің шығуы жылу орындарындағы және қыс кезінде тұрғын үйлердегі құрғақтықтан болады. Сондай-ақ оған кейбір азық-түліктерден аллергия берілудің, әсіресе сүт өнімдерінен, және мұрын қуысындағы инфекциялық аурулардың әсерінен де болып жатады. Егер сулы бөлінді қоюланып, қалыпдана баста және жасыл немесе ары түске ене бастаса, ол мұрын қуысында бактериялық инфекцияның пайда болғандығының көрінісі. Баланың мұрнының тек бір тесігінен сұйықтықтың бөлінуі, оның мұрын қуысына бір заттың, арпа, мақталы тығын, немесе ойыншықтың бөлшегі тұрып қалуынан болатынын ескеріңіз. Мұндай симптомдар орын алса, дәрігерге хабарласыңыз.

Жұтынудың функциясы қалай бұзылады?
Жұтынудан туындаған мәселелер қатты заттың, немесе сұйықтықтың тамаққа жиналып қалуынан пайда болады, бұл аурудың ағымын ауырлатуы мүмкін немесе постназальді синдром секілді білінеді. Егер жүйке немесе ауыз қуысының бұлшықеттері қажетті деңгейде өз жұмысын атқара алмаса, оның салдарынан жұтқыншаққа, тыныс алу жолдарына (кеңірдек пен бронх) көп мөлшерде шырыш жиналып, одан дауыс қарлығып, жөтел пайда болуы мүмкін.

Жұтыну мәселелерінің туындауына себеп болатын, кейбір факторлар:
• Жас ұлғайған сайын жұтыну бұлшық еттері өз күштерін жоғалтады және икемділігі азаяды, сондықтан шырыштарды асқазанға жылжыту қиынға соғады.
• Ұйықтаған кезде біз сирек жұтынамыз, сол кезде бөлінделер бір жерге жиналып қалады. Сондықтан оянғаннан кейін бірден жөтеліп, тамақты тазартуға тура келеді.
• Жүйкеге күш түскенде және күйзелістен тамақ бұлшық еттір тарлуы мүмкін, сол кезде де, қақырып тамақты тазарту керек. Тамақты жиі тазарта берсе, шырыштың бөлінуі азаяды, алайда одан тітіркену пайда болуы мүмкін.
• Егер тағамның өтуі бұзылса, сұйықтықтың және/немесе қатты заттардың барысының баяулауы немесе тоқтатылуы мүмкін.
Жұтыну мәселелелі – гастроэзофагельді рефлюксті аурумен (ГЭРА) байлынысты болып келеді. Бұл жағдай асқазанға жиналған асты және қышқылды өңеш пен жұтқыншаққа қайта қайтарумен сипатталады. Бұл аурудың жиі беретін белгісі – қыжыл, асқазанның бұзылуы және тамақтың ауруы. ГЭРА-ның симптомдары жатқанда, әсіресе тамақтан кейін бірден жата қалғанда асқынады. Рефлюкстің жиі туындауынан өңіштік саңлаулы жарық диафрагмдары – асқазандағы өңеш өтпелінде тіндердің қап түрінде дүрдиюі орын алады.

Тамақ қалай зақымданады?
Постьназальді синдром тамақтың жиі тітіркенуімен, ауырсынуымен білінеді. Ауруда инфекциялық кезең болмаса да, тамақтың басқа тіндерінде ісік мендалиндері пайда болуы ықтимал. Одан ыңғайсыздық немесе тамақта бір түйір тұрғандай сезім пайда болады. Постназальді синдромды сәтті емдесе тамақтағы бұл ауруды жазуға болады.

Ауру қалай емделеді?
Дұрыс диагноз қою үшін әр мүшеге түбегейлі тексеру жүргізіледі, мысалы, құлаққа, мұрын қуысына және тамаққа, сондай-ақ зертханалық, эндоскопиялық (дененің ішкі қуыстарын ұшында кішкентай бейне камерасы бар шіңішке түтікшені қолдану арқылы жүзеге астын шара) және ренгенологиялық текерулер жүргізіледі. Емдеу тәсілдері төмендегідей себептерге байланысты жүзеге асады:
• Бактериялық инфекциялар антибиотиктермен емделеді. Бірақ бұл дәрілер уақытша жеңілдетуге ғана сепітігін тигізеді. Созылмалы синусит кезінде бітелген қуыстарды ашу үшін оперативті ем жүргізіледі.
• Аллергия аллергенмен байланысты тоқтатқаннан кейін басылады.

Антигистаминді және ісікке қарсы дәрілік препараттар, назальді шашқыш және стероидтардың басқа түрлері аурудың сиптомдарын жеңілдетеді. Сондай-ақ сублингвальді тамшылы иммунды терапиясы да пайдалы болмақ. Дегенмен кейбір тыныштандыратын антигистаминді препараттардың көне шығарылымдары постназальді секрецияны одан сайын өршітіп жіберуі мүмкін; ал ондай дәрілердің жаңа шығарылымдары оншалықты жағымссыз әсер бермейді. Ісікке қарсы дәрілер артериялық қысымды көтеруі мүмкін, жүрек ауруын асқындырып, қылқанша бездерін одан сайын ісітуі ықтимал. Стероидты аэрозолдар дәрігердің қадағалауымен қолданылғаны дұрыс. Таблеткалы және иньекциялы стероидтардың қысқамерзімді қолданылымдары ауыр асқынуларды сирек емдейді. Стероидтарды қолдану барысында, ауыр жанама әсерлер танылса, науқас бір апта бойы дәрігердің мұқият қадағалауында болуы керек.
• Гастроэзофагеальді рефлюксті аурудың симптомдарын тоқтату үшін басты төсектен 15-20 сантиметрдей жоғары көтеру керек, 2-3 сағат бойы ұйықтағанша астанбай, сусын ішпей, алкоголді және кофеиінді мүлдем қолданбау керек. Тұзды қышқыл бөлінділерді басу үшін, антацидтер мен дәрілер тағайындалады. Егер олар әсер дегендей бере алмаса, одан күштіректері тағайындалады. Ренгенологиялық және диагносстикалық тексерулердің басқа түрлерін өткізу үшін әдетте, сынама ем өткізіледі.

Шырыштардың көптеп шығуын, аурудың себебін анықтай алмаған кезде, жалпы шаралар қолдану нұсқалады. Шырышты секрециясы бөлінетін адамдар, әсіресе қарттар, көп мөлшерде сұйықтық ішкені дұрыс. Жағдайды жеңілдетуге көп мөлшерде су ішудің пайдасы зор,
Кофеиннен бас тартып, несеп айдатқыларды қабылдамау керек. Сондай-ақ, шырышты тітіркендіретін дәрілерді де қолданбаған абзал.

Мұрынды сумен шайып тұру жақсы шешім болмақ. Ол шараны күніне арнайы құрылғымен 2-4 рет орындап тұру керек. Оны орындау үшін, жылы суға соды мен тұзды (½ шәй қасықпен 0,5 литр суға) араластырып қолдану керек. Мұрын қуысын ылғалдандыру үшін, ең тиімді әдіс, құрамында қарапайым физиологиялық ертіндісі бар назальді спрейді қолдану болып табылады.