Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Жалпақ жасушалы қатерлі ісік – бұл жиі кездесетін терінің қауіпті ісігі.
Тері қауіпті ісігінің басқа түрлері:
• Базальды жасушалы;
• Меланомдық;

Себептері
Жалпақ жасушалы қатерлі ісік зақымданбаған теріде де пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ ол терінің жарақат алған жерінен де, қабынған бөлігінен де дамиды. Жалпақ жасушалы карциномалар көбінесе күннің жарығына немесе басқа да ультракүлгін сәулелердің әсеріне ұшыраған терілерде пайда болады екен.
Жалпақ жасушалы қатерлі ісіктің ерте формасы Боуэн ауруы деп аталады (жалпақ жасушалы карцинома in situ). Ісіктің бұл түрі жақын тіндерге тарамайды.
Жарықссезгіш кератоз – бұл терінің ісікалды зақымдануы, бұл асқынған кезде жалпақжасушалы ісікке айналады.
Жалпақ жасушалы қатерлі ісіктің туындауының қауіпті факторы болып:
• Терінің ашық түсте ісінуі, көз көкшілденеді немесе жасыл түсске енеді не болмаса, шаш сарғыштанады;
• Ұзақ уақыт, күні бойы күннің астында жүру (мысалы; ашық аспан астында жұмыс істейтіндер);
• Бала кезде қатты күнге күйю;
• Қарттық шақ;
• Жаппай рентгендік сәулелендіру;
• Химиялық заттардың әсері;

Симптомдары
Жалпақ жасушалы қатерлі ісік көбінесе бетте, құлақта, мойында, қолда және жіліншікте пайда болады, десе де ол дененің басқа бөлігіндде де туындауы мүмкін.
Негізгі симптомы үлкендеу көлемде бетінде бұдырлары бар, үсті қабықпен қапталған, айналасында қызыл дақтары бар жалпақ қызыл дөңестің пайда болуымен сипатталады.
Ісіктің ерте формасы (жалпақ жасушалы карцинома in situ), 2,5 см диаметрдегі сырты қабықпен қапталған қызыл даққа ұқсайды.
Ұзақ уақыт бойы жазылмай қойған ойық жара жалпақ жасушалы қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін. Кез-келген сүйелдің, меңнің немесе басқа да терінің зақымданулары тері ісігінің алғашқы белглері болуы ықтимал.

Диагностикасы
Дәрігер сіздің теріңізге қарайды да, кез-келген күмәнді зақымданулардың көлемін, түсін, құрылымын анықтайды.
Егер сізде қандай да бір тері ісігінің туындау қаупі орын алса, оның зақымдданған тінінен аздаған бөлік алынады. Оны тері биопсиясы деп адайды. Алынған үлгі зертханаға жөнелтіледі де, микроскоппен тексеріледі.
Тері биопсиясы тек жалпақжасушалы ісік не болмаса терінің басқа да ісігі анықталған кезде ғана жасалады.

Емдеу
Емдеу тәсілі зақымданған жердің көлеміне, орналасу орнына қарай, олардың таралу аймағы мен ағзаның жалпы жағдайына қарасты жүзеге асады. Жалпақ жасушалы қатерлі ісіктің кейбір түрлеріне емнің қонуы қиынға соғады.
Терінің жалпақ жасушалы қатерлі ісігінің емделу түрі:
• Тексеру: ісікті жасушалар бөлігін және терінің бүлінген жерін жою;
• Кюретаж (қырып тазалау) және электродиссекция: Ісікті жасушаларды электрдің көмегімен жою; бұл әдіс кішкентай және ісіктің болар-болмас формасына қолданылады;
• Криохирургия: Қатқан және бұзылған ісік жасушаларына қолданылады. Ісіктің азғантай көлемді, жеңіл формасына қолданылады;
• Дәрілік препарттар: құрамында имиквимод немесе фторурацил-5 бар крем, терінің беткі жағын зақымдаған (терең емес) жалпақжасушалы ісікке қолданылады.
• Мооса техникасы бойынша жедел емдеу: терінің қабаттарын ақырындап жояды және көзге ісік жасушаларының көзге көрінбейтін белгілерін жоя бастайды, ол процессті микроскоппен көруге болады; бұл тәсіл тері ісігінің мұрынға, құлаққа және беттің басқа жерлеріне орналасқанда қолданылады.
• Фотодинамикалық терапия: Жарықтың көмегімен емделеді; ісіктің терең емес формасын емдеуге қолданылуы мүмкін.
• Сәуле терапиясы жалпақжасушалы ісіктің ағзаға таралуында немесе лимфатикалық түйіндерді зақымдағанда, сондай-ақ, ісікті ота арқылы ала алмайтын жағдайда қолданылады.

Болжамы
Науқастың өзін-өзі сезінуі көптеген факторларға байланысты, әрине ісікті ерте анықтағаны ұтымдырақ. Бұл ісіктерді, көбінесе, ерте анықтап, ақырындап ем қолдана берсе емделмей қалмайды.
Жалпақ жасушалы қатерлі ісіктің кейбір түрлері қайталап пайда болуы мүмкін.

Мүмкін болатын асқынулар
Жалпақ жасушалы қатерлі ісік негізді-жасушалыға қарағанда тез өседі, ал ол кейде ақырын өседі. Ісік дененің басқа бөліктеріне, әсіресе, ішкі ағзаларға таралуға бейім келеді.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Егер сізде ойық жара не болмаса теріңізде үлкен дақ болса, және ол өздігінен өзгере бастаса дәрігерге қаралыңыз. Олардың:
• Сыртқы беті өзгерсе;
• Түсі өзгерсе;
• Көлемі өзгерсе;
• Тестурасы
Егер қалыңыз ауыратын болып бара жатса, немесе ісісе, қанай басстаса, не болмаса қышыса дереу дәрігерге қаралыңыз.

Алдын алу
Емдеуші дәрігеріңіздің назарында болыңыз және 40 жасстан ассаңыз жылына бір рет тері дәрігеріне тексеріліп тұрыңыз, ал егер 20 дан 40 жасқа дейінгі аралықта болсаңыз 3 жылда бір рет тексеріліңіз. Өзіңіз теріңізді кем дегенде айына бір рет қарап тұрыңыз.
Егер сізде тері ісігі пайда болса, тұрақты түрде дәрігерге хабарласып тұрыңыз. Сондай-ақ айына бір рет теріңізді өздігіңізден тексеріп шығыңыз. Көрінбейтін жерлеріңізді айна арқылы қараңыз. Егер қандайда бір нәрсе көзге қораш көрінсе, дәрігерге қаралыңыз.
Ісіктің пайда болуынан сақтанатын ең тиімді жол, күн сәулесінен ақтану керек. Күннен қорғағыш жақпаны қолданып жүріңіз:
• күн сәулесіне қарсы SPF 30 факторы бар күннен қорғайтын жақпаны өзіңізбен бірге алып жүріңіз, тіпті күн астындағы аз уақыттық демалысқа да оны қолдансаңыз артық етпейді;
• Теріңіздің ашық жүретін жерлеріне көп мөлшерінде күннен қорғағыш жақпа жағып алыңыз, мысалы, құлаққа, аяққа.
• Күннен қорғайтын жақпаны таңдағанда UVA, сол сияқты UVB сәулесі жақпаларын алуға тырысыңыз.
• Суға шыдамды күннен қорғайтын жақпаны жағыңыз;
• Күннен қорғайтын жақпаны үйден шығардан 30 минут бұрын жағып алыңыз. Жапсырмада жазылған қолдану тәсілін мұқият оқып алыңыз. Терлегеннен кейін немесе шомылғаннан соң жақпаны қайта жағып алыңыз.
• Күннен қорғайтын жақпаны қыстың күнгі бұлтты күндер де жағып жүріңіз.
Күннің астында шамадан тыс көп жүрмеу үшін мынадай басқа жолдарын қарастырып көруге болады:
• Ультракүлгін сәулесінде ең көп дегенде 10-нан 16 сағатқа дейін болу керек. Сондықтан осыншалық уақыттарда күннің астында болудан сақтаныңыз.
• Теріңізді үлкен қалпақтың көмегімен, жеңі ұзын жейде, етегі ұзын көйлек, немесе балағы ұзын шалбар кию арқылы қорғаңыз.
• Үсті шағылышатын, қатты қызатын күнді өзіне жақсы сіңіретін жерлерде көп жүрмеуге тырысыңыз, мысалы ондай жерлерге: су, құм, бетон және т.б. жарыққа шағылысатын заттар жатады.
• Теріңіз қаншалықты күтімсіз қаралса, соншалқты зақымдауын өршиді;
• Күн шамдарын көп қолданбаңыз және сояриде көп болмаңыз. Күні бойы ашық күннің астында жүргенше, соляриде бар болғаны тек 15-20 минут болсаңыз жеткілікті, одан асып кете, қауіпті ол да.

Синонимдері
Терінің жалпақ жасушалы қатерлі ісігі; Меланомдық емес тері ісігі – жалпақ жасушалы қатерлі ісік; НМРК – жалпақ жасушалы қатерлі ісік

Ауыз қуысындағы мәселелер (ерлерде / әйелдерде)

Тегтер:
терінің жалпақ жасушалы қатерлі ісігі
меланодық емес тері ісігі
жалпақ жасушалы қатерлі ісік
НМРК
қатерлі ісік
онкология
қатерлі ісік деген не
тері
мең, қал