Мазмұны

Жалпы ақпарат

Пікірлер

Үйдегі күтім

Дәрігерге қашан қаралу керек

Дәрігер қабылдауында қандай шаралар жүзеге асады

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Беттің ісінуі сұйықтар мен тіндердің жиналу салдарынан туындайды. Олар сондай-ақ, мойын мен иық жаққа да таралады.

Пікірлер
Егер беттің ісінуі жұмсақ болса оларды белгілеу қиынға соғады. Аурудың себебін анықтау үшін дәрігерлер төмендегідей жайттарды ескерсе, өздеріне оңай болады:
• Ауру кезінде және оның орналаса бастағанында;
• Ісік қаншалықты ұзақ сақталады;
• Олардың үлкеюіне немесе кішіреюіне қандай факторлар ықпал етеді;
• Бассқа да симптомдар бар ма.

Себептері
• Аллергиялық реакция (аллергиялық ринит, көк шөп қызбасы немесе араның шағуы);
• Ангионевротикалық ісік;
• Қан құйылуға әсер беру;
• Целлюлит;
• Коньюктивит (көздің шырышты қабатының қабынуы);
• Дәрілерге әсер беру, мысалы: асперин, пенициллин, сульфаниламидтер, глюкокортикоидтар және басқалар;
• Жаққа, мұрынға, тамаққа жасалған отаның салдарынан;
• Беттің зақымдануы немесе жарақаттануы (мысалы, күюі);
• Тамақтанудың жетіспеушілігі;
• Семіру;
• Сілекей бездерінің ауруы;
• Синусит;
• Көз айналасының зақымдануы, дәнектің ісінуі;
• Тіс абсцессі

Үйдегі күтім
Жарақаттан пайда болған ісікті басу үшін оның үстіне суық компресс басыңыз. Басыңызды төсектен биіктетіп қойып алыңыз (немесе басыңыздың астына қосымша жастық жастаңыз), сол кезде бет ісігінің басылуына мүмкіндік жасалады.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Сізде төмендегідей симптомдар болса, дереу дәрігерге хабарласыңыз:
• Аяқ астынан бетіңіз ісіп, түсініксіз ауырып кетсе;
• Беттегі ісік басылмай қойса, ұзақ уақыт бойы ісіп тұрып алса;
• Тыныс алу қиындап кетсе;
• Қалтырау, қызарып, ісінсе, инфекция пайда болса.

Дәрігер қабылдауында қандай шаралар жүзеге асады
Егер беттің ісінуі күйіктен болса, оның салдарынан науқастың тыныс алуына да мәселелер туындаса, оған дереу медициналық көмек қажет.
Дәрігер сізден ауруыңыздың бұрынғы сырхатнамасын сұрап, жадпы өміріңіз жайында бірнеше сұрақтар қоюы мүмкін. Мұндай тәсіл арқылы ол емдеуді, қандай тексеру жүргізу керектігін анықтайды. Дәрігер сізге төмендегідей сауалдарды қоюы мүмкін:
• Ісік қаншалықты ұзақ сақталады?
• Қашан басталды?
• Оның өршуіне қандай факторлар әсер етеді?
• Қандай факторлар оның басылуына әсер етеді?
• Аллергендермен байланыстыңыз ба?
• Сіз қандай дәрілік препараттарды қолданасыз?
• Бетіңізден жақында жарақат алдыңыз ба?
• Жақын арада дәрегер тексеруінен өтіп немесе хирургиялық ем қабылдадыңыз ба?
• Сізде басқа да симптомдар бола ма? Мысалы: беттің ауруы, түшкіргіштік, тыныс алудың қиындауы, есекжем немесе бөртпе, көздің қызаруы, дене қызуының көтерілуі

Синонимдері
Қабарыңқы бет; айтәрізді бет

Беттің ісінуі, угри, аллергиялық реакция (ерлерде / әйелдерде)

Тегтер:
ісіну
беттің ісінуі
қабарыңқы бет
айтәрізді бет
синусит
арпа
абсцесс