Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Диагностикасы

Емдеу

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Мукоцеле (шырышты жылауық) – бұл еріннің ішкі жоғарғы жағында орналасқан, ауртпайтын, шіңішке қалта. Ол түссіз сұйықтықтан құралған.

Себептері
Шырышты жылауықтар (киста) жеткілікті түрде таралған. Олар ауыртпайды, бірақ ыңғайсыздыққа себепкер болады. Аузыңызда ылғи да бір нәрсе томпайып жүргендей сезінесіз. Жылауықтар астыңғы тіс пен үстіңгі тістің арасына орналасып алады да, жақты қозғаған сайын кедергі жасап тұрады.
Шырышты жылауықтардың зияны жоқ. Егер оларды емдемесе олар қатаяды да, еріннің үстінде ылғи да томпайып жүреді.
Шырышты жылауықтар ауыз қуысының астыңғы жағына (тіл астына) орналасып алады да, тіл асты ісігіне айналады. Егер олар қызыл иекте пайда болса, қызыл иек ісігіне айналады.
Шырышты жылауықтар ерінге немесе тілге тағатын присингтердің айналасына да түзіледі.

Симптомдары
Еріннің ішкі үстіңгі жағына жіңішке, сұйықтық толған қап болып түзіледі. Ол көкшіл және мөлдір болады. Қап ауыртпайды, бірақ ыңғайссыздық тудырады.
Муцоколе сондай-ақ тілге, ұрттың үстіңгі бетіне, ауыз қуысының түбіне және тіл мен ерінге таққан присингдің айналасына шығады.

Диагностикасы
Мукоцелені диагностикалау үшін дәрігер, әдеттегідей сыртқы кейпіне қарап анықтайды.

Емдеу
Шырышты жылауық көбінесе емделмейді. Ол негізінде өздігінен дамиды. Жарылуын жеңілдету үшін төмпешіктің ұшын стерилді инемен тесу керек. Егер жылауық қайталап шыға берсе, оны мүлдем жою керек.
Жылауықты өз бетіңізше ашпай-ақ қойғаныңыз жөн, себебі оның салдарынан, инфекция таралып, тіндер зақымдануы мүмкін. Ол шараны дәрігердің өзі жүзеге асырғаны дұрыс. Жақ-беттік хирургия және кейбір тіс дәрігерлік орталықтарында ол қаптарды оп-оңай алып тастай алады.

Мүмкін болатын асқынулар
Негізінде, бұл ауру асқынбайды.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Жылауықтың әсерінен ыңғайсыздық сезініп, дәрігерге барып қаралсаңыз, оның жоспарлы тексеруінен қалмаңыз.

Алдын алу
Белгілі бір деңгейдегі алдын алу шарасы жоқ. Тістердің арасына, ұрттың ішіне орналасып алған шырышты қабықты тістеп жарып салып жүрмеңіз.

Синонимдері
Шырышты жылауық, Шырышты ретенционды жылауық, Ранула; Эпулис

Ауыз қуысындағы мәселелер балаларда және сәбилерде (ерлерде / әйелдерде)
Ауыз қуысының мәселесі (ерлерде / әйелдерде)

Тегтер:
шырышты жылауық
шырышты ретенционды жылауық
Ранула
Элпус
жылауық
ауыз
қызыл иек
ауырсынады
тіс емдеу