Мазмұны

Қызыл жалпақ теміреткі деген не?

Қызыл жалпақтеміреткі кезінде не пайда болуы мүмкін?

Аурудың себептері қандай?

Менде қызыл жалпақ теміреткі шықса, оны қалай анықтаймын?

Бұл ауру қалай емделеді?

Қызыл жалпақ теміреткі деген не?
Қызыл жалпақ теміреткі – теріде күлгін немесе қызыл-күлгін, қышытатын төмпешіктердің пайда болуымен сипатталатын ауру. Бұл төмпешіктердің үсті жалпақ әрі бұдырлау келеді. Егер төмпешіктердің үстіне мұқият қарасаңыз, ол жерден ақ қабыршықтар мен ұлпаларды байқайсыз.
Қызыл жалпақ теміреткі саусақтардың ішкі жоғарғы жағын, білекті және алақанды жиі зақымдайды. Сондай-ақ олар бас терісіне, тырнақ жиегіне, ауыз қуысына, жыныс мүшелеріне сонымен қатар анустарға да шығады. Егер қызыл жалпақ теміреткі бастың шашты бөлігіне шықса, онда олар шаштың түсуіне себепкер болады. Егер төмпешіктер тырнақ жиегіне шықса, онда тырнақ сынғыш келеді. Ауыз қуысыда ошақты түрде зақымдалса, ол айналасы ағарған дақ түрінде көрініс береді, олар ауыз қуысына тарайды, беттің ішкі жоғарғы жағына не, тілге шығады. Ауыз қуысындағы төмпешіктер жыныс ағзаларына, анусқа орнығады, одан, күю, ашу сезімдері білінеді. Кейде теміреткі бұрын күйген, жырылған жерлерді де зақымдайды.
Аталмыш ауру ерлерде қалай кездессе, әйелдерде де солай туындап жатады. Кез-келген жастағы адам қызыл теміреткімен ауырып қалуы мүмкін, деседе, бұл ауруға жиі шалдығатындар орта жастағы адамдар екен.

Қызыл жалпақ теміреткі қалай пайда болуы мүмкін?
Қызыл жалпақ теміреткі, әдетте ақырындап қышумен белгі береді. Ол бара келе күшейіп, ауырта бастауы мүмкін.
Төмпешіктер жалғыз немесе көп болып қаптауыда мүмкін. олар бір апта бойы немесе бір айға дейін кетпей қоюы мүмкін, кейде жойылғаннан кейін қайта шығуыда ғажап емес. Кейде жоғалған төмпешіктердің орны қою-қоңыр түсті болып қалады. Бұл сипат көбінесе азиялық, латынамерикалық немесе африкалық нәсілерге тән. Бұл қоңырқай болып қалған жерлер тыртық болып есептелмейді. Олар да ақырындап кетеді, бірақ ол үшін бірнеше ай қажет боуы мүмкін.
Ауыз қуысында бұл ауру – ауыртатын ойық жара түріне айналуы мүмкін, оның әсерінен тамақтану қиынға соғады.

Аурудың туындауына не себеп болады?
Көп жағдайда жылпақ қызыл теміреткінің пайда болуы себебі белгісіз күйінде қала береді. Ауру жұқпалы емес. Сіз оны ешкімге «жалғай алмайсыз» және оны ешкімге «бере алмайсыз». Бұл аурудан күйзеліс туындамайды, бірақ қиын жағдайлардың орын алуы ықтимал.
Кейбір жағдайда аталмыш ауру С гепатитімен байланысты болады. Бұл вирус бауыр ауруының себепкері болып табылады. Дәрігер сізге С гепатитіне қарсы қан талдамасын өткізуді тағайындауы мүмкін. Кейбір дәрілер қызыл жалпақ теміреткінің өршіп кетуіне себепкер болады. Сіз қандай дәрілік препараттарды қабылбап жүргеніңізді дәрігеріңізге айтуыңыз керек, себебі бұның маңыздылығы зор.

Менде қызыл жалпақ теміреткі шықса, мен оны қалай анықтаймын?
Оны тек дәрігерлер ғана айта алады, «бұл қызыл жалпақ теміреткі» деп. Сізде қандайда бір жоғарыда аталған симптомдар көрініс берсе, дәрігерге хабарласыңыз. Дәрігер қан талдамасын алуды тағайындап, биопсиядан өткізуі мүмкін. Биопсиядан өткізу үшін кіндік төмпешігінен азғантай кесік алынады. Ол аурумен сәйкестендірілу үшін зертханаға жіберіледі.

Ауру қалай емделеді?
Қызыл жалпақ теміреткі ешқандай да әдіс түрі емдей алмайды, бірақ дәрілік препараттар бөртпені азайтып, қышуын басады. Қатты қышыған кезде дәрігер антигистаминді дәрілерді (мысалы бенадрил) жазып береді.
Көп жағдайда қызыл жалпақ теміреткіден пайда болған төмпешіктер, ешқандай емсіз, өздігінен кетеді. Өте көлемді немесе қаптаған төмпешіктерді емдеу үшін, дәрігер корткостероидты дәрілерді тағайындауы мүмкін.
Жыныс ағзаларына, анусқа немесе ауыз қуысына орналасқан қызыл жалпақ теміреткі ауруларының симптомдарына дәрігер кортикостероидты гелдер мен жақпа майларды қабылдауды тағайындайды. Егерде жалпақ теміреткі ауыз қуысына шықса, оның симптомдары әлсіз болады, әрі ол емді қажет етпейді. Сондай-ақ ауыз қуысының ойылуынан болған ыңғайсыздықты сейілту үшін дәрігер науқасқа ауыз қуысын шаюға кеңес береді.
Кортикостероидтарда көптеген жанама әсерлер болады, сондықтан бұл дәрілерді пайдаланарда емдеуші дәрігеріңіздің нұсқаулығын мұқият сақтаңыз.
Қызыл жалпақ теміреткіні емдеу үшін де жарық терапиясы қабылданады. Сонымен қатар сіз құрамында ретиноидтер бар дәрілерді қабылдауыңыз мүмкін. Айта кетерлігі, ретиноидтар да жанама әсерлер көп болады. оларды қолданбасс бұрын тұрақты түрде қан талдамасын өткізгеніңіз жөн.
Бастың шашты бөлігіне шыққан қызыл жалпақ теміреткіні тез арада емдеу керек, себебі шаш орнынан қайта шықпай қалуы мүмкін.

Ауыз қуысының мәселелері (ерлерде/әйелдерде)