Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Емдеу

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Келоид – зақымданған терінің үстіндегі дәнекер тіндердің өсуі.

Себептері
Келотидтар зақымдалған терінің үстінде былайша түзіледі:
• Безеу
• Күйік
• Желшешек
• Құлақ тесігі
• Ұсақ сызаттар
• Операциядан кейінгі жарақаттар
• Екпеден кейін
Аталмыш ауру 10 жастан 20 жасқа дейінгі адамдардың арасында, сондай-ақ азиялықтар мен латынамерикалықтардың ортасында жиі кездеседі. Келоид көбінесе тұқым қуалайтын ауру.

Симптомдары
Келоидтың симптомдары мынадай болуы мүмкін:
• Дене түстес, қызыл немесе қызғылт;
• Жарақаттың үстінен немесе жанынан орналасады;
• Сыртқы түрі қабырғаша немесе түйінше болып келеді;
• Қышығыш және ауырғыш келеді;
• Ылғи үйкелісіп тұрады, мысалы, киімге .
Келоидтар күнге күйсе терінің сау жерінен қарағанда қарайыңқырап кетеді. Бұдан кейін тері, жарқырап көрінеді.

Диагностикасы
Келоидты тексеру үшін дәрігер теріңізді қарап шығады. Басқа да терінің жаңа түзілімдерін жою үшін теріге биопсия жасалады.

Емдеу
Әдетте, келоидтар емді қажет етпейді. Егер келоид сізді мазаласа, оның көлемін кішірейту үшін төмендегідей шаралар қолға алынады:
• Кортикостероидтарды инъекция арқылы енгізу;
• Мұздату (криотерапия)
• Лазерлік рәсімдер өткізу
• Радиациялық терапия
• Хирургиялық жолмен алып тастау
• Силиконды гель қолдану
Мұндай көптеген емдеу әдістері келоид тыртығының ұлғайған көлемін жоюға бағытталады.

Болжамы
Әдетте, келоидтар адам саулығы үшін аса қауіпті болып табылмайды, бірақ олар сіздің сыртқы тұлғаңызға әсер етіп тұрады. Кейде олар уақыт өте келе кішіреюі де мүмкін, немесе ұлғайып көзге сұрықсызданып көрініп тұруы да ықтимал.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Төмендегідей жағдайлар орын алса дәрігерге қаралыңыз:
• Сіз денеңіздегі келоид бездерінің көлемін кішірейткіңіз келсе, немесе мүлдем жойғыңыз келсе;
• Сізде қандайда-бір түсініксіз симптомдар пайда болса.

Алдын алу
Күнге шыққан кезде келоидқа селиконды гель немесе күннен қорғайтын крем жағып қойыңыз. Бұл амал-шарғыны ереектер хирургиялық операциядан кейін немесе жарақат алғаннан кейін жоқ дегенде 6 ай бойы, ал балалар 18 ай бойы орындап жүргені дұрыс.
Операциядан кейін келоид тыртықтары түзілмеуі үшін және емделгеннен кейін қата мазаламауы үшін имиквимод кремін қолдансаңыздар болады.
Синонимдері
Гипертрофирлі тыртық, Келоид тыртығы,

Беттің ісуі,безеулер, аллергиялық серпіліс (ерлерде / әйелдерде)

Тегтер:
келоид
келоид тыртығы
қара дақтардың салдары
тыртықтар
терідегі тыртықты емдеу