Мазмұны

Жалпы ақпарат

Симптомдары

Күтілетін жағдай

Алдын алу

Емдеу

Дәрігерге қашан қаралу керек

Болжамы

Жалпы ақпарат
Патологиялық желіну және сына тәрізді ақау – тістің эмалі деп аталатын сыртқы жабындысының екі типті зақымдануы. Кейде олар да тістің түпкі терең жағын зақымдайды.
Патологиялық желіну тіс эмаліне ылғи түрлі нәрселердің тиюінен, және соның әсерінен оның жұқаруынан туындайды. Тісті шамадан тыс көп жуа беру де дерттік жойылудың себебі болып табылады. Тіс щеткалары да, алынбалы-салынбалы жасанды тістер де эмальдің бұзылуына әкеледі.

Химиялық заттар, сол сияқты қышқылдар сына тәрізді эмаль ақаулығын тудырады. Қышқылдар әдетте, цитрусты және басқа да азық-түліктің құрамында болады. Асқазан қышқылы да сына тәрізді ақаудың пайда болуына бірден-бір себекер, әрине егер ол тамақ пен ауыз арқылы асқазаннан көтеіле беретін болса. Бұл ауруды рефлюксті қышқыл деп те атайды. Асқорыту жүйесі бұзылған (булимея) адамдар да көп құсудың салдарынан эмальдің дерттік жойылуына тап болып жатады. Тіпті бассейндердегі хлор және басқа да химиялық заттар ұзақ уақыт әсер етуі эмальдің сына тәрізді ақаулығына себепші болады.

Симптомдары
Тіс щеткасын пайдаланғанда әрбір астыңғы тістің үшіншісінде, қызыл иекке жақын тұста V-типтес эмальдің кеткендігі байқалады. Тістердің толық бөліктері де, жоғарғы азу тістерден де осындай өзгерісті аңғаруға болады. Олар абразивті зақымданулар деп аталады. Тістердің тереңдеп зақымдануының салдарынан эмальдің кетуінің түрлі себептері туындайды. Эмальдің кеткен бөліктерінен тіс тазалау барысында тіс арасынан кқрініс бергенін де байқауға болады.

Эмальдің сына тәрізді ақаулығы дерттік жойылудан айшықтанады. Сына тәрізді ақау тістің бетінде сопақ пішінді көмескіленіп көрінеді.
Патологиялық желіну секілді, сына тәрізді ақау да тістің сезімталдығын күшейтеді, мысалы, ыстық немесе суық тамақпен сусындар ішкенде қиындық туғызады. Дентин астына ораналасқан эмальдің зақымдануы кезінде қиындық одан сайын күшейеді. Дентин жүйке және қан тамырларыннан тұрады, ол пульпаны, тістің ішкі жағын қорғап жатады.
Патологиялық желіну де, сына тәрізді ақау да тісіңіздің сыртқы түріне де әсер етеді.

Күтілетін жағдай
Эмальдің дерттік жойылуы мен сына тәрізді ақаулығының себебін анықтағаннан кейін, әдетте құру процессі тоқтайды. Тіс ақаулығын қалпына келтіру үшін және пайда болған симптомдарды тоқтату үшін қосымша ем алуға тура келеді.

Алдын алу
Алдын алу шарасы эмальдің сына тәрізді ақаулығы мен дерттік жойылуына байланысты жүзеге ассырылады:
• Қышқыл тағамдар мен сусындарды көп пайдаланбаңыз;
• Қатты тіс щеткасымен тісті күшпен жумаңыз. Амал болса, жұмсақ щеткамен жууға тырысыңыз;
• Тісті тазалау үшін тіс тазалағыш жіпті қажетті деңгейде пайдаланыңыз.
Егер сіз тісіңізді қалай тиімді тазалап жүруді меңгермесеңіз, тіс дәрігерінен кеңес алыңыз.

Емдеу
Эмальдің сына тәрізді ақаулығына және дерттік жойылуына байланысты емдеу шаралары олардың қаншалықты зақымданғанына қарасты жүзеге асады. Егер сізде үлкен ақаулық болса, тіс ақаулығын пломбалауға тура келеді. Егер зақымданған жер азғантай болса, ешнәрсе сезілмесе, оны тіпті арнайы емдемей-ақ қойсаңыз да болады.
Сезімтал тістерге тіс дәрігері құрамында фтор бар жақпаны не болмаса, шайғышты үй жағдайында пайдалануға кеңес береді. Егер сізге зақымданған жердегі ақаулықты пломбалау қажет болса, тіс дәрігері тістің түсіне лайықты түсті таңдап бере алады. Негізі материалдың екі түрі қолданылады:
• Композиттер (пластикалық пломба);
• Стеклойномерлер

Тіс дәрігері немесе гигиенист те тіске арналған фторлакты пайдалануы мүмкін.

Дәрігерге қашан қаралған дұрыс
Егер сіз тісіңізден қандайда бір кетікті немесе сопақша көмескіленген жерін байқасаңыз тіс дәрігеріне хабарласыңыз. Тісіңіз тым сезімтал болып бара жатса да тіс дәрігріне хабарласыңыз. Қиындықтың алды қанша ерте алынса, жағымсыздықтар соншшалықты тез жойылады.

Болжамы
Дерт пен қажалудың алдын ерте алса, алдағы болжамы жақсы болмақ. Егер зақымдану процессі тоқтамаса, онда ол жағдай тістің ішкі жағы мен етінің құруына апарады. Зақымданған жердің көлемі қанша ұлғайған сайын, оны емдеу үшін соншалықты көп күш кетеді.

Тегтер:
Алматыдағы стоматология
эмаль
эмальдің кетуі
эмальдің жіңішкеруі
Алматыдағы тіс емдеу орталығы
тістің көмескіленуі