Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Жалпы ақпарат
Герпетикалық баспа (ангина) – бұл вирустық ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен (қалтырау) және тамақ тілшесі мен ауыз қуысында жараның пайда болуымен сипатталады.

Себептері
Герпетикалық баспа көп таралған балаладың инфекциялық ауруы болып табылады. Ол 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі, десе де оның кез-келген жаста да пайда болатынын естен шығарсаған жөн.
Негізінде, бұн инфекцияның қоздырғыш вируы А тобындағы Коксаки вирусы. Бұл вирус жұқпалы. Егер біреу үйде немесе мектепте осы аурумен ауыратын болса, сіздің балаңызға да аталмыш вирустың жұғу қаупі болады.

Симптомдары
• Қалтырау;
• Бас ауруы;
• Тәбеттің жоғалуы;
• Жұтынғанда ауырсыну;
• Ауыз қуысы мен тамақта жара пайда болады, сонда-ақ, сауырға аяқ-қолға бөртпелер қаптап кетеді.
Әдетте жаралардың түсі ақ, ақ-сұр түсті болып келеді де, айналасы қызарып тұрады. Ал олар өте қатты ауыртады. Негізінде олар көп болмайды.

Диагностикасы
Бұл ауруды анықтау үшін арнайы бір әдістердің қажеті шамалы. Дәрігер медициналық тексеру жүргізеді, симптомдары мен қалай ауыратындығы, жайында қандай өзгерістер орын алғаны туралы сұрайды.

Емдеу
Ауру симптомдарына қарай төмендегідей емдеу жолдары қарастырылған:
• Қалтырау мен жайсыздықты жеңілдету үшін ацетаминофен немесе ибупрофен тағайындалады;
• Көп мөлшерде сұйықтық ішіңіз, әсіресе суық сүтті сусындарды. Ауыз қуысын жылыман сумен шайыңыз немесе жеміс-жидек балмұздағын жеңіз. Ыстық сусындар мен цитрусты қоректерге жоламаңыз;
• Аялауыш емдік диетаны ұстаныңыз. Герпетикалық баспа кезінде балмұздақ секілді суық сүтті азықтар, ең тиімді таңдау болып есептеледі. Өте қышқыл жемістердің шырыны да ауыз қуысындағы ойық жараларды тітіркендіреді. Ащы, қуырылған, ыстық тағамдарды жеуд мұндай жағдайда мүлдем доғарған дұрыс;
• Қажетіне қарай ауыз қуысын шаю үшін жерлігікті анестетиктерді қолданса болады (олар бензакон немесе ксилокаиндарды құрауы мүмкін, бірақ оларды ішке қадылдаудың қажеті жоқ).

Болжамы
Ауруды емдесе тез-ақ, бір аптаның ішінде жазылып кетеді.

Мүмкін болатын асқынулар
Егер асқына қалса, сусызданы орын алуы ықтимал, бірақ оны дәрігеріңіз қайта қалпына келтіре алады.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Төмендегідей симптомдар туындаған жағдайда дәрігерге хабарласыңыз:
• Қалшылдау, тамақтың ауруы немесе ауыз қуысындағы ауырсыну 5 күнге созылып бара жатса;
• Балаңыз сұйықтықты аз ішсе, және сусыдана беретін болса;
• Дене қызуы өте жоғары көтеріліп кетіп, түспей тұрып алса.

Алдын алу
Қолды жақсылап тұрып жуып жұру арқылы аурудың инфекциясын қоздыратын вирустың алдын алуға болады.
Балалардың ауыз қуысындағы туындаған мәселелер (ерлерде/әйелдерде)

Тегтер:
тамақтың ауруы
баспа
ангина
вирус
герпес
инфекция
вирусты инфекция
герпетикалық инфекция