Тырнақ пішіні мен құрылымының өзгеруінің көптеген себептері бар. Кейбір өзгерістер, мысалы, тырнақтың үстіңгі жағының ойықтануы немесе қартаюға байланысты тырнақ бетінде тік жолақтардың (қатпарлардың) қалыптасуы.

Тырнақ пішіні мен құрылымының басқа да өзгерістері мыналарды қамтиды:

• Етке батып өскен тырнақ – тырнақтың ішке қарай бүгілуі, әдетте бақайларда аяқ киімнің тар болуынан туындайды. Ауырсыну немесе зақымдалу болған жағдайда тырнақты хирургиялық жолмен алып тастау немесе тырнақты қалпына келтіру қажет болады. Егер қолайлы аяқ киімін киілетін болса, тырнақ өз қалыпты жағдайына оралады.
• Қасық тәріздес тырнақтар көбінесе балаларда кездеседі және бұл уақытша құбылыс. Мұндай тырнақтың түрі кейбір аурулармен, атап айтқанда теміртапшылықты анемиямен бірге пайда болады. Тырнақ әдетте қалыпты жағдайына келеді.
• Тырнақ бетіндегі шұңқырлар (ойықтанулар). Аздаған ойықтардың болуы қалыпты жағдай болып саналады. Қатты ойықтанулар, әсіресе сарғайған немесе қалың тырнақтардың, немесе тырнақ орнынан тырнақтың алынуы тері ауруларынан (мысалы, экзема немесе псориаздан) пайда болуы мүмкін.
• Тырнақтың бетіндегі тік жолақтар (қатпарлар) қартаюға байланысты қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар жарақаттың, инфекцияның немесе аурулардың салдарынан да пайда болады.
• Тырнақтың қалыңдауы саңырауқұлақ инфекциясынан, жарақаттан және қанның әлсіз айналымынан пайда болады. Тырнақтар қалыңдап, сарғаюы және тырнақ бетіне қатпарлар шығуы мүмкін. Және де олар сынғыш келеді. Тырнақ әлсіз болып, түсіп қалуы мүмкін. Мүйіз тәрізді тырнақ – бұл әдетте жас өте пайда болатын тырнақтың ерекше қалыңдауы.
• Тырнақтың сағат шынысы сияқты өзгеруі – бұл көп таралған жағдай. Саусақтардың немесе бақайлардың ұшы ісіп, тырнақ сағат шынысы секілді сыртқа шығып тұрады. Тырнақ ісінген саусақтарды немесе бақайларды қамтып, көтеріңкі, бүгілген және әдеттегіден жылтыр болып көрінеді. Мұндай жағдайға әдетте созылмалы жүрек, өкпе, бауыр,қалқанша безі аурулары бар адамдар жиі тап болады.


Тегтер:

Етке батып өскен тырнақ
Қасық тәрізді тырнақтар
Тырнақ бетінде шұңқырлардың қалыптасуы
Тырнақ бетіндегі тік жолақтар
Тырнақтың қалыңдауы