Ықылық деген не?

Ықылық диафрагманың (кеуде мен іш қуысты бөліп тұратын үлкен бұлшықет қабырғасы) тырыспалы түрде қысқарып қалғанда туындайды. Ондай тырыспалы түрдегі қысқаруда дауыс байламдары (дауыс жарғағы) тұйықталады және кенеттен шығып келе жатқан ауаны ұстап алады. Мұндай ұстап алудың әсерінен ықылыққа тән дыбыс шығады.

Ықылықты не тудырады?

Асқазан шамадан тыс толған кезде ықылық ұстамалары пайда болуы мүмкін, ол өздігінен кетеді. Асқазан төмендегі жайттардың салдарынан толады:

• Асығып және артық мөлшерде тамақ ішу.
• Шамадан тыс алкогольді тұтыну.
• Көп ауа жұту
• Темекі шегу.
• Асқазанның температурасының кенеттен өзгеруі (мысалы, ыстық тамақ ішіп, артынан салқын сусын ішу).
• Эмоциялық күйзеліс немесе қозу.

Ықылық тоқтамай жалғаса берсе не болады?

Ықылық, әдетте, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін болады да тоқтайды.

48 сағаттан астам уақыт кетпей тұрып алған ықылық, ұзармалы деп аталады, Айдан астам кетпей қойған ықылықты созылмалы ықылық дейді. Дегенмен созылмалы ықылық өте сирек кездеседі, оның әсерінен адам ұйқысы қанбай жүреуі, жүдеуі мүмкін. Тұрақты және созылмалы түрдегі ықылық анағұрлым елеулі аурулардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан оған міндетті түрде медициналық бақылау талап етіледі.

Тұрақты болып тұратын және созылмалы ықылықтың көптеген белгілі себептері болады:

• Орталық жүйке жүйесінің аурулары (қатерлі ісік, инфекция, инсульт немесе жарақат).
• Ағзадағы химиялық процестердің бұзылуы (зат алмасуының бұзылуы), мысалы бүйрек қызметінің әлсіреуі немесе өкпенің аса желдетілуі.
• Бас жүйкесінің, мойын мен кеуде жасушаларының тітіркенуі, (Блуждающего или диафрагмального)
• Анетезия немесе операция
• Психологиялық бұзылыс

Ықылықты қалай емдейді?

Көбінесе ықылық ұстамалары бірнеше минут не бірнеше сағаттың ішінде өздігінен кетеді, және арнайы бір емді де қажет етпейді.

Ықылықты үй жағдайында емдеу үшін қолданылан көптеген шаралар бар.
Олардың көбісі қандағы көмірқышқыл газдың деңгейін көтереді, содан, әдетте ықылық тоқтайды. Міне олардың кейбір түрлері:

• Демді іште ұстап тұрып, онға дейін ақырындап санау;
• Қағаздан жасалған қапты жылдамдатып үрлеу;
• Бір стақан суды тез ішіп тастау;
• Бір шай қасық қант немес бал араласқан қоспаны ішу.

Тұрақты немесе созылмалы ықылықты емдеу, ол ықылықтың пайда болу себебіне байланысты болады, және соған қарай дәрілер мен акупунктура немесе гипноз тағайындалады.

Кейде тұрақты және созылмалы ықылықты тоқтату үшін, емдеудің неше түрлі әдісін пайдаланып көруге тура келеді. Егер сіздің ықылығыңыз бірнеше күнге созылса немесе одан асып кетса, сіздің емдеуші дәрігеріңіз, басқа да қауіпті аурулардың бар-жоқтыңын анықтау үшін қан талдамасын тапсыруды қажет етеді.

Ықылық кімдерге бейімделген?

Ықылық әйелдерге қарағанда, ерлерде көп болады. Негізі ықылық еңбектеген баладан, қарт кісілердеге дейін болатын құбылыс.


Тегтер:

диафрагманың тырыспалы қысқаруы
артық тамақтану
шылым шегу
алкоголь