Мазмұны
Құяң – әлсіздік, ұю сезімі және аяқтың терлеуімен сипатталатын жайсыз жағдай түрі. Бұл жағдай жарақат немесе құйымшақ нервінің талаурап ісінуіне байланысты орын алады. Құяң өздігінен ауру болып саналмайды, бұл тек ғана қандай да бір басқа аурулардың симптомы.
Құяң жарақат кезде немесе құйымшақ нервінің талаурап ісуі кезінде туындайды. Бұл нерв бел жақтан бастау алады және екі аяқтың артқы жағымен төмен қарай сырғиды. Бұл нерв тізе және сирақтың артқы бетіндегі бұлшықеттерді басқарады. Ол сондай-ақ жамбастың артқы бетін, сирақ бөліктері мен толарсақты сезімталдықпен қамтамасыз етеді
Құяңның ең көп тараған себептеріне мыналар жатады:
• Омыртқааралық дискінің жарығы;
• Омыртқа арнасының стенозы;
• Алмұрттәріздес бұлшықет синдромы (бөксе жақтағы ауру сезімі);
• Жамбастың жарақаттану немесе сынуы;
• Ісіктер
Құйымшақ ауыруы ауытқып тұруы мүмкін. Ол жеңіл шаншу, сыздап немесе күйгендей болып ауру сезімін танытуы мүмкін. Кейбір жағдайларда ауырсынуы тоқтата алмастай болып, қатты күшейеді.
Көп жағдайда ауру бір жақты болады. Кейбір адамдарда аяғының бір бөлігінде сұмдық ауру сезімі мазаллайды немесе жамбас жағында және денесінің басқа бөлігінде ұйу сезімін сезінеді. Ауыру және ұю сезімдері, сондай-ақ сирақтың артқы бетінде және толарсақтың үстіңгі жағында білінеді. Зақымданған аяқ-қолдың әлсіздігі сезіледі. Кейде жаяу кезде, сіз табаныңызды жерден майыстырып көтере алмай қаласыз.
Әдетте ауру сезімі ақырындап басталады. Содан өршуі де мүмкін:
• Отырғаннан немесе тұрғаннан кейін;
• Түнде;
• Түшкіргенде, жөтелгенде, күлгенде;
• Артқа шалқайғанда немесе ұзақ жаяу жүргенде, әсіресе бұл омыртқа арналарының стенозы болса.
Дәрігер медициналық тексеруден өткізеді, оның барысында мынадай жайттар анықталуы мүмкін:
• Тізені бүккенде әлсіреу;
• Табан бағыты бойынша ішке немесе төмен игенде қиындық туындау;
• Еңкейгенде және шалқайғанда қиындық сезіну;
• Рефлекстердің бұзылуы немесе әлсіреуі;
• Сезімталдықтың жоғалуы немесе ұю сезімі;
• Аяқты жоғары көтеру кезінде ауырсыну.
Күшті немесе ұзақ ауыруы кезінде тексеру, әдетте, қажет емес. Егер де диагностикалық процедуралар тағайындалса, олар мыналарды қамтиды:
• Қан талдамасы;
• Рентген
• МРТ немесе басқа да визуалды диагностикалық процедуралар
Жалпы құяң басқа аурулардың симптомы болғандықтан, сол негізгі ауруды анықтау керек.
Кейбір жағдайларда емдеу қажет етілмейді, сауығу процесі өзідігінен орындалады.
Тағы бір қуантарлығы бұл жағдайға хирургиялық араласулар болмайды. Дәрігер сіздің симптомдарыңызды жеңілдету үшін немесе қабынуды төмендету үшін төмендегідей кеңестерді ұсынуы мүмкін:
• Жылы затты немесе мұзды ауырып тұрған жерге басыңыз. Алғашқы 48-72 сағат бойы мұз басылса, ары қарай жылы затты басу керек.
• Ауруын басатын дәрі қолданыңыз, мысалы, ибупрофен немесе ацетаминофен
Омыртқаңызға үйде мынадай күтім жасаңыз:
• «Пастельді режим» қолданбаңыз;
• Күндіздің алғашқы бөлігінде қыймылдау белсенділігіңізді шектеңіз. Одан кейін ғана қозғалыс белсенділігңізді арттыра түсіңіз.
• Ауру басталғаннан кейін 6 күн бойы ешқандай аур көтермеңіз, күрделі жаттығулар орындамаңыз.
• Физикалық жаттығуларды 2-3 апта өткеннен кейін ғана орыдаңыз. Құрсақ қабырғаларын қатайтатын, омыртқаны иілгіштендіретін жаттығулармен айналысыңыз.
Сондай-ақ физиотерапия ұсынылады. Емдеудің қосымша әдістері құяңды тудыратын себептерге байланысты тағайындалады.
Егер, ол шаралар әсер бермесе, дәрігер сізге жүйке айналасындағы қабыруды төмендету үшін иньекциялық препараттарды тағайындайды. Басқа емдік препараттар жүйкені тітіркендіретін, аурудың себебін жеңілдету мақсатында тағайындалуы мүмкін.
Нервтің зақымдалуы кезіндегі ауру емделмейді. Егер сізді ылғый бір ауру мазалай берсе, сіз невропатологқа немесе осы ауруды білетін маманға қаралыңыз, аурудың себебіне қаныққаннан кейін емделудің түрлі әдістерін қолдансаңыз болады.
Құяң әдетті өздігінен кетеді. Бірақ, тұрақты болып тұратын ұстамалар қайталануы мүмкін.
Көптеген ауыр асқынулар құяңның даму себептеріне, омыртқааралық дискілі жарық немесе омыртқа арнасының стенозы сияқты себептерііне қарасты болады. Құяң ылғи да ұю немесе аяқтағы әлсіздік сезімін білдіруі мүмкін.
Төмендегідей жағдайлар орын алса, дереу арада дәрігерге хабарласыңыз:
• Қалтырау және арқада түсініксіз аурудың болуы;
• Құлағаннан кейін немесе ауыр соққыдан кейін ауру сезімі;
• Омыртқа мен арқа жақта ісік пен қызарудың пайда болуы;
• Төменге, тізеден төмен қарай ауру сезімінің таралуы;
• Бөксе, мықын, аяқ немес жамбас жақтарда әлсіреу немесе ұю сезімінің орын алуы;
• Несеп шығарғанда ысу сезімін сезіну немесе несеппен бірге қан араласып шықса;
• Қырмен жатқанда ауруы күшейсе немесе түнде аурудың себебінен оянып кете берсеңіз;
• Ыңғайсыздық немесе қатты ауру сезімі туындаса;
• Несеп шығаруды бақылауда ұстай алмасаңыз немесе үлкен дәретті;
Мынадай да жағдайлар туындаса, дәрігерге хабарласыңыз:
• Салмағының ойламаған жерден түсіп кетсе;
• Сіз стериодтарды немесе ішкітамырлық наркотикалық препараттарды қабылдасаңыз;
• Сіздің арқаңызда бұрыннан ауру болса, бірақ кейінгі кезде ол басқаша сипат танытап жатса;
• Аурудың мұндай эпизодтары 4 аптадан асып кетсе.
Алдын алу шаралары жүйкенің зақымдалуын тудыратын аурудың себептеріне байланысты. Ұзақ уақыт бойы бөксе жағыңыздағы жүйкелерді қысып отыра бермеңіз, және жата беріңіз.
Нейропатия – құйымшақтық нере; құйымшақ нервінің дисфункциясы; бел аумағында ауырсыну – құяң
Дереккөз: https://medlineplus.gov/ency/article/000686.htm
Тегтер:
ауру
әлсіздік
терлеу
жарық
ісік
абсцесс